Қысқаша сипаттамасы:
Көрсеткіш суды алу пункті мен оны пайдалану пункті арасында тасымалдау барысында ысырапқа ұшырайтын тұщы су көлемін анықтайды, сондай-ақ пайдалану пункті мен оны қайтадан пайдалану пункті арасында су шығындарының жалпы көлемі ретінде, сонымен қатар сумен жабдықтау саласы алатын судың жалпы көлемінен шығынның пайызымен де анықталады. Көрсеткіш су шығындарының себептерін есепке алады (ағып кету, булану, су беру желілеріндегі апаттар мен өлшеу қателіктері).
Әдіснама:
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 желтоқсандағы №223 бұйрығымен бекітілген «Қоршаған орта статистикасының көрсеткіштерін қалыптастыру жөніндегі әдістемеге» сәйкес қалыптастырылады.
Осы көрсеткіш сумен жабдықтау кәсіпорындарынан судың ағуы бойынша Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы қалыптастыратын "Сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жүйелерін пайдалануды жүзеге асыратын кәсіпорындардың жұмысы туралы есеп " 1-ВК жыл сайынғы статистикалық бақылау негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі "Суды алу, пайдалану және су бұру туралы" 2-ТК (Сушар) ведомстволық статистикалық бақылау негізінде бақыланады және қалыптастырылады.
Өлшем бірліктері:
Су шығындарының жалпы көлемі және олардың түрлері бойынша бөліністегі көлемі миллион текше метрмен өлшенеді. Тасымалдау уақытындағы су шығындарының ара қатынасы, сумен жабдықтау саласы алған судың жалпы көлемінен пайызбен есептеледі.