Қысқаша сипаттамасы:
Көрсеткіш әр түрлі көздерден алынатын тұщы судың (бөлінген тұщы судың, тұщы судың, қайта пайдаланылатын судың мөлшері, судың таза импорты) және оны халықтың, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіптік және экономикалық қызметтің басқа да түрлерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында пайдалану мөлшерін анықтайды. Су тұтыну тұтастай ел үшін және экономикалық қызмет түрлерінің халықаралық стандартты салалық сыныптамасына сәйкес Экономикалық қызмет түрлері бойынша бөле отырып айқындалады.
Әдіснама:
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 желтоқсандағы №223 бұйрығымен бекітілген «Қоршаған орта статистикасының көрсеткіштерін қалыптастыру жөніндегі әдістемеге» сәйкес қалыптастырылады.
Тұщы суды алу бойынша деректерді қалыптастыруға жауапты орган Қазақстан Республикасының Cу ресурстары және ирригация министрлігі болып табылады. Деректер 2-ТП (сушар) «Су алу, пайдалану және суды бұру туралы есеп» нысанының негізінде қалыптастырылады. Есепті ауыл шаруашылығы қажеттілігі үшін суды пайдаланатын барлық су пайдаланушылар, сондай-ақ басқа пайдаланушылар ұсынады.