Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Қоршаған ортаны бақылау мен бағалаудың экологиялық индикаторлары
{{ param.name }}
* Әр бағанда кем дегенде бір элементті белгілеңіз!
{{ headingAttr.name }} {{ headingValue.period }}
{{ rowData[attrData.type + '_name'] }} {{ indicatorValue.value }}
Қысқаша сипаттамасы:
Бұл көрсеткіш кәріз жүйелеріне қосылған халықтың саны мен пайызын анықтайды, олар өз кезегінде тазарту имараттарымен байланысты. Осының негізінде ағынды суларды тазартпай, кәріз жүйелеріне қосылған тұрғындардың саны мен пайызы есептелуі мүмкін.
Әдіснама:
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 желтоқсандағы №223 бұйрығымен бекітілген «Қоршаған орта статистикасының көрсеткіштерін қалыптастыру жөніндегі әдістемеге» сәйкес қалыптастырылады.

Халықтың сарқынды суларды тазалауға қол жеткізуін сипаттайтын нысаналы көрсеткіш бойынша жауапты мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті болып табылады.
Өлшем бірліктері:
Сарқынды суларды жинау және сарқынды суларды тазарту жүйесіне қосылған, миллиондаған адамдағы халық саны; халықтың жалпы санындағы кәріз жүйелері мен тазарту құрылыстарына қосылған, пайызбен көрсетілген халық үлесі.
Мақсаты:
Көрсеткіш адам денсаулығына, неғұрлым кең мағынада, оның өмір сапасына әсер ету шараларын өлшеуді қамтамасыз етеді.

Возврат к списку

Онлайн кеңесші