Қысқаша сипаттамасы:
Көрсеткіш өзендердегі фосфаттар мен нитраттардың концентрациясымен, көлдердегі фосфор мен азоттың және жерасты суларындағы нитраттардың жалпы құрамымен айқындалалады. Қалалық, өнеркәсіптік пен ауылшаруашылық аудандардан тұщы суқоймаларына биогенді заттардың үлкен көлемінде келуі осы суқоймалардың эвтрофикациясына әкеп соғуы мүмкін. Бұл өсімдіктер мен балықтардың түрлерінің жоқ болып кетуін (экологиялық жағдайдың нашарлауы) туындататын экологиялық өзгерістердің пайда болуына ықпал етеді және адамның тұтынуы мен басқа да мақсаттар үшін суды тұтынуда қолайсыз ықпал етеді.
Әдіснама:
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 желтоқсандағы №223 бұйрығымен бекітілген «Қоршаған орта статистикасының көрсеткіштерін қалыптастыру жөніндегі әдістемеге» сәйкес қалыптастырылады.
Тұщы судағы биогенді заттар туралы деректерді қалыптастыруға жауапты орган Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қазгидромет» РМК болып табылады. Өзендердің ластану жағдайы стационарлық бекеттерден алынған сынамасын талдау мен өңдеудің нәтижелері бойынша бағаланады. Зерттеулермен республиканың ең ірі өзендері мен көлдері қамтылған.