Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Қоршаған ортаны бақылау мен бағалаудың экологиялық индикаторлары
{{ param.name }}
* Әр бағанда кем дегенде бір элементті белгілеңіз!
{{ headingAttr.name }} {{ headingValue.period }}
{{ rowData[attrData.type + '_name'] }} {{ indicatorValue.value }}
Қысқаша сипаттамасы:
Оттегіні биохимиялық тұтыну көрсеткіші болып табылатын су айдындарындағы оттегі құрамының деңгейі (БПК), яғни суда болатын органикалық заттардың аэробтық ыдырауы үшін ағзалар тұтынатын ерітілген оттегінің мөлшері және өзендердегі аммоний азотының шоғырлану деңгейі (NH4/NNH4).
Әдіснама:
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 желтоқсандағы №223 бұйрығымен бекітілген «Қоршаған орта статистикасының көрсеткіштерін қалыптастыру жөніндегі әдістемеге» сәйкес қалыптастырылады.

Қазақстан Республикасы экология және табиғи ресурстар министрлігінің "Қазгидромет" РМК мамандандырылған қызметі оттегі биохимиялық тұтынуы (ОБТ5) және өзен суындағы аммоний азотының шоғырлануы туралы деректерді қалыптастыру бойынша жауапты мемлекеттік орган болып табылады. Өзендердің ластану жағдайы стационарлық бекеттерден алынған сынамасын талдау мен өңдеудің нәтижелері бойынша бағаланады. Зерттеулермен республиканың ең ірі өзендері қамтылған.
Өлшем бірліктері:
20 Цельсий градус температурада 5 күндік инкубациялық кезеңнен (ОБТ5) кейінгі БПК орташа жылдық шамасы мг О2/литрде көрсетіледі; аммоний азотының концентрациясы мг/литрде көрсетіледі.
Мақсаты:
Осы көрсеткіш өзендердің жай-күйін оңай тотықтандырылатын органикалық заттармен және аммоний азотымен ластану деңгейі бойынша анықтауға мүмкіндік береді.

Возврат к списку

Онлайн кеңесші