Қысқаша сипаттамасы:
Көрсеткіш сумен жабдықтау кәсіпорындары тұтынушыларға жеткізетін судың жалпы көлемін – оны тасымалдау кезіндегі су шығынын, сондай-ақ ел халқының жалпы санынан сумен жабдықтау кәсіпорындары жеткізетін суға қол жеткізе алатын халықтың үлесін ескере отырып анықтайды.
Әдіснама:
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 желтоқсандағы №223 бұйрығымен бекітілген «Қоршаған орта статистикасының көрсеткіштерін қалыптастыру жөніндегі әдістемеге» сәйкес қалыптастырылады.
Сумен жабдықтау кәсіпорындары жеткізетін су көлемі бойынша деректерді қалыптастыру жөніндегі жауапты мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы болып табылады. Ақпарат жылына бір рет " Сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жүйелерін пайдалануды жүзеге асыратын кәсіпорындардың жұмысы туралы есеп" 1-ВК нысаны бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың қорытындысы бойынша қалыптастырылады.Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің орталықтандырылған сумен жабдықтауға рұқсаты бар халық бойынша деректерді қалыптастыру жөніндегі жауапты мемлекеттік орган болып табылады.