Қысқаша сипаттамасы:
Осы көрсеткіш қоршаған ортаға зиянды заттар шығарындыларының бар және күтілетін антропогендік ықпалының дәрежесін айғақтайды, сонымен қатар нысаналы мәндерге қол жеткізу дәрежесін анықтауға мүмкіндік береді. Осы көрсеткіш тұтастай атмосфералық ауаға антропогендік жүктеменің дәрежесін анықтауға ғана емес, сонымен қатар, стационарлы және жылжымалы көздер, соның ішінде экономикалық қызмет түрлері (атап айтқанда энергетика, көлік, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және қалдықтармен жұмыс жасауға қатысты қызметтер және басқасы) сондай-ақ үй шаруашылықтарының қоршаған ортаға ықпалын бағалауға да мүмкіндік береді.
Әдіснама:
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 желтоқсандағы №223 бұйрығымен бекітілген «Қоршаған орта статистикасының көрсеткіштерін қалыптастыру жөніндегі әдістемеге» сәйкес қалыптастырылады.
Тұрақты көздерінен атмосфералық ауаға ластайтын заттардың шығарындылары туралы деректерді қалыптастыру бойынша жауапты мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы болып табылады. Ақпарат 2-ТП ауа (жылдық) нысаны бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың қорытындылары бойынша қалыптастырылады.
Өлшем бірліктері:
Жылына тиісті заттың мың тоннасында немесе киллограмында өлшенеді, сондай-ақ аудан бірлігіне, ЖІО бірлігіне (ПОҚ бойынша) есптегенде 2017 жылғы тұрақты бағамен және жан басына есептегенде.