Қысқаша сипаттамасы:
Өзен ағынының және ел аумағына жауын-шашынның түсуі есебінен ғана табиғи жағдайларда қалыптасатын жерасты суларының жалпы көлемінің, сондай-ақ шектес елдерден өзен және жерасты сулар саласының нақты көлемінің жиынтығы ретінде анықталады.
Әдіснама:
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 желтоқсандағы №223 бұйрығымен бекітілген «Қоршаған орта статистикасының көрсеткіштерін қалыптастыру жөніндегі әдістемеге» сәйкес қалыптастырылады.
Тұщы судың жаңартылатын ресурстары бойынша деректерді қалыптастыру жөніндегі жауапты орган Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қазгидромет» Республикалық Мемлекеттік Кәсіпорны болып табылады.