Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Тарау 2. Балалар денсаулығы
Балалар денсаулығы
2030 жылға дейін жаңа туған нәрестелер мен бес жасқа дейінгі балалардың өлімін қысқартуға бағытталған «Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ)» үшінші мақсатына қол жеткізуде иммундау негізгі рөл атқарады
Екпелер

2030 жылға дейін жаңа туған нәрестелер мен бес жасқа дейінгі балалардың өлімін қысқартуға бағытталған «Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ)» үшінші мақсатына қол жеткізуде иммундау негізгі рөл атқарады.

Қазақстандағы 10 баланың 8-і барлық ұсынылған екпелерді екі жасқа дейін алады.

Қазақстан Республикасында 2013 жылы бекітілген Профилактикалық екпелер күнтізбесі келесі екпелерді қарастырады:

Қазақстан Республикасында 2013 жылы бекітілген Профилактикалық екпелер күнтізбесі

Ұлттық екпе күнтізбесіне сәйкес әр бала жасына сәйкес екпелер дозасын тиісінше ұсынылған мерзімде алуы тиіс. Айрықша жағдай баланың ауырған кезеңінде екпеден медициналық алшақтату, сондай-ақ ата-ананың екпеден белгілі себептерге байланысты бас тартуы болуы мүмкін.

Егілген балалардың үлесі әрбір екпе түрі бойынша келесі дозамен төмендеуде.

Өмірінің алғашқы жылдарындағы екпелер (қызылшаға қарсы – өмірінің алғашқы екі жылында), Қазақстан, 2015 жыл

Негізінен егілген балалардың саны барлық екпелер бойынша әрбір келесі дозамен көбінесе қалалық жерлерде төмендейді: мысалы, полиомиелитке қарсы жасы 12-23 айлық егілген балалардың үлесі 2 және 3 дозада ауылдық жерде тұратын балалардың 96,8% және 94,2% пайызына қарсы қалалық жерде 91,8% және 88,1% пайызды құрады. Және мұндай үрдіс барлық екпелер бойынша әрбір келесі дозада сақталады. Одан басқа кедей үй шаруашылықтарында тұратын балаларға қарағанда әл-ауқат деңгейі бойынша өте бай тұратын үй шаруашылықтарында тұратын балалардың екпе алуға мүмкіндігі аз.

Пневмонияның екі қауіпті белгісін білу

Ананың қандай да бір аурулардың қауіпті белгілері немесе көріністері туралы белгілі бір деңгейде білуі кезінде медициналық көмекке уақтылы жүгінуі, соның ішінде пневмонияның қауіпті белгілері туралы хабардар болуы науқас балаға барабар медициналық көмек көрсетуде маңызды қадам болып табылады.

Жалпы әйелдердің 36,7% пневмонияның екі қауіпті белгісінің кем дегенде біреуін біледі: жиі және/немесе ауыр тыныс алу. 27,6% аналар ауыр тыныс алу белгісін жиірек атады, ал 15,5% жиі тыныс алуды жиі айтты, осы белгілер пайда болғанда олар баласын медициналық мекемеге дереу жеткізер еді.

Қатты отын түрлерін пайдалану

Қатты отын түрін пайдалану жіті респираторлық ауруларды, пневмония, өкпенің созылмалы обструктивтік ауруы, обыр және туберкулез, демікпе немесе катарактаның даму қаупін арттырады және жүктілік кезінде түтіннің әсеріне ұшыраған әйелдер баласының туылуы кезінде төмен салмаққа себеп болуы мүмкін. Қатты отын түрлерін пайдалану деңгейін қадағалау үшін пайдаланылатын негізгі көрсеткіш тамақ дайындау үшін энергия көзі ретінде қатты отын түрін пайдаланатын тұрғындар үлесі болып табылады.

Қазақстанда тамақ дайындау үшін қатты отын түрлерін пайдалану барынша төмендетілген (1,5%). Елде үй шаруашылығының халқы тас немесе қоңыр көмір 0,6%, ағаш отын - 0,5%, тезек/қи 0,3% пайдаланады.

Негізінен қатты отынды ауылдық жерде тұратын тұрғындар (3,0%), білім деңгейі төмен (5,9%), сондай-ақ үй шаруашылықтарының әл-ауқаты деңгейі бойынша кедейірек тұрғындар (5,6%) жиі пайдаланады.

Онлайн кеңесші