Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Климаттың өзгеруі
Климаттың өзгеруі

Қазақстан Республикасы климатының өзгеруінің статистикалық көрсеткіштері (бұдан әрі – КӨСК), БҰҰ ЕЭК ұсынған Ғаламдық жинақ негізінде әзірленген, ол табиғи ресурстарды сақтау және ұтымды пайдалану арқылы экономиканы экологияландыру үдерістерін және осы үдерістердің әлеуметтік саланың дамуына әсерін сипаттайды.

Ұлттық КӨСК жинағы БҰҰ ЕЭК әзірлеген Климаттың өзгеруі көрсеткіштерінің ғаламдық жинағы негізінде қалыптастырылған.

КӨСК 5 бағыт бойынша әзірленген:

  • 1) Драйверлер/факторлар;
  • 2) Әсер ету;
  • 3) Осалдық;
  • 4) Жұмсарту;
  • 5) Бейімделу.

«Драйверлер» бағытын сипаттайтын статистикалық көрсеткіштер климаттың өзгеруіне әсер ететін факторларды сипаттайды.

«Әсер ету» бағытын сипаттайтын статистикалық көрсеткіштер қоршаған ортаға әсерді және климаттың өзгеруіне әсер етудің салдарын көрсетеді.

«Осалдық» бағытын сипаттайтын статистикалық көрсеткіштер климаттың өзгеруі салдарының халықтың тұрмыс сапасы мен жағдайларына әсерін ауа мен судың ластануы, климат өзгерісі арқылы сипаттайды.

«Жұмсарту» бағыты бойынша статистикалық көрсеткіштер мемлекет қолдауының экономикалық және саяси мүмкіндіктерін және климаттың өзгеруіне әсерді жұмсартуға бизнестің қатысу рөлін сипаттайды.

«Бейімделу» бағыты бойынша статистикалық көрсеткіштер климат өзгеруінің салдарына бейімделу мүмкіндігі, қатысу және мінез-құлық туралы хабардарлықты көрсетеді.

Қазақстан Республикасы климатының өзгеруінің статистикалық көрсеткіштері, БҰҰ ЕЭК ұсынған Ғаламдық жинақ негізінде әзірленген, жыл сайын қалыптастырылып, жаңартылып отырады және есепті жылдан кейінгі жылдың төртінші тоқсанында ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының сайтында, сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағы қоршаған ортаны қорғау» статистикалық жинағында Статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес жарияланады.

Онлайн кеңесші