16.11.2022
«Ұлттық шоттар жүйесінде экологиялық шоттарды құрастыру үшін қажетті алғашқы көрсеткіштерді қалыптастыру бойынша әдістемені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы 12 қазандағы № 238 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының бұйрық жобасы 2022 жылғы 15 қарашада «e-gov» ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында (
https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14295183) орналасқандығын хабарлаймыз.
08.11.2022
1-СР (Жылына бір рет) статистикалық нысаны бойынша есептілікті он-лайн режимінде тапсыру мерзімі 2022 жылғы 30 қарашаға дейін (қоса алғанда) ұзартылды.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз!
04.11.2022
«Сауда статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2020 жылғы 24 қаңтардағы № 9 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы » Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысы жобасы 2022 жылғы 2 қарашада «e-gov» ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында (
https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14275402) орналасқандығын хабарлаймыз.
04.11.2022
«Ішкі сауда статистикасы бойынша көрсеткіштерді қалыптастыру жөніндегі әдістемені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 209 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы бұйрық жобасы 2022 жылғы 04 қарашада «e-gov» ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында (
https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14280869) орналасқандығын хабарлаймыз.
04.11.2022
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюро басшысының «Электрондық коммерция статистикасы көрсеткіштерін қалыптастыру бойынша әдістеме» бұйрығын бекіту туралы бұйрық жобасы 2022 жылғы 04 қарашада «e-gov» ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында (
https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14280815) орналасқандығын хабарлаймыз.
03.11.2022
29-СХ (Жылына бір рет), 2-КС (айлық), 1- инвест (айлық), 1- көлік (айлық), 24- СХ (айлық), 3 – байланыс (айлық) статистикалық нысаны бойынша есептілікті он-лайн режимінде тапсыру мерзімі 2022 жылғы 3 қарашаға дейін (қоса алғанда) ұзартылды.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз!