30.06.2026
Құрметті респондент!
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің 2026 жылғы 2 ақпандағы № 5-НҚ бұйрығымен «Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне» ҚР ҰЖ 03-2019 № 4 Өзгеріс бекітілді және 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
ЭҚЖЖ-ге енгізілген өзгерістердің (өзгертілген ЭҚЖЖ кодтары төменде көрсетілген) қолданысқа енгізілуіне байланысты «Статистикалық бизнес-тіркелім» ақпараттық жүйесінде (СБТ АЖ) ауыстыру кілттері негізінде негізгі және қосалқы экономикалық қызмет түрлерінің кодтарына автоматты түрде қайта кодтау жүргізілетін болады.
Егер автоматты түрде берілген код нақты жүзеге асырылатын қызмет түріне сәйкес келмесе, Бюроның «Респондент кабинеті» немесе «Электрондық үкімет» порталының және екінші деңгейдегі банктердің сервистері арқылы мәліметтерді өз бетінше өзектендіруіңізді сұраймыз.
Ынтымақтастығыңыз үшін алғыс білдіреміз!
Тізімге оралу