Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Құрметті респонденттер!
03.06.2024
Құрметті респонденттер!

2024 жылғы 6 сәуірдегі «Бизнесті жүргізу мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы шеңберінде «Мемлекеттік статистика туралы» ҚР Заңының 12-2-бабына өзгерістер енгізілді.

2024 жылғы 8 маусымнан бастап респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді ұсыну кестесінде көрсетілген мерзімдерде (статистикалық нысанда ұқсас мерзімдер көрсетілген) респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді ұсынбауы анықталған кезде респонденттер профилактикалық бақылау жүргізбестен тиісті статистикалық нысанды ұсынуды талап ете отырып, айыппұл түрінде дереу әкімшілік жауаптылыққа тартылатын болады.

Бастапқы статистикалық деректердің дәйексіздігі анықталған жағдайда респонденттерге статистикалық нысандарға түзетулер енгізу қажеттігі туралы хабарлама жіберілетін болады. Түзетулер енгізу статистикалық нысанды қайта ұсыну немесе бір жұмыс күні ішінде (бұрын екі күн ұсынылған) деректердің дұрыстығын растау үшін қосымша ақпарат беру арқылы жасалуы мүмкін. Респонденттердің дұрыс емес бастапқы статистикалық деректерді ұсынуын көрсететін жеткілікті негіздер болған кезде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс қозғалады.

Барлық респонденттерді белгіленген мерзімдерді сақтауға және салдардың алдын алу үшін сенімді деректерді ұсынуға шақырамыз.

Тізімге оралу

Онлайн кеңесші