Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Батыс Қазақстан облысы бойынша статистика департаментінің басшысы тағайындалды
15.04.2024
Батыс Қазақстан облысы бойынша статистика департаментінің басшысы тағайындалды


Батыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық статистика департаментінің басшысы болып Болат Мешелов тағайындалды.

Бұған дейін ол Бюроның Шығыс Қазақстан облысы бойынша департамент басшысының орынбасары қызметін атқарған.

Болат Мешелов Орталық Азия Университетін «Қаржы» мамандығы бойынша, сондай-ақ С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген. 

Мемлекеттік қызметте 12 жылдан астам жұмыс өтілі бар. 

Статистикадағы еңбек жолын Шығыс Қазақстан облысы статистика департаментінде ауыл шаруашылығы санағының маманы болып бастаған. 

Одан кейін Шығыс Қазақстан облысының статистикалық есептеу орталығында қызмет еткен. 

2014-2015 жж. Шығыс Қазақстан облысы Статистика департаментінің Аягөз аудандық статистика басқармасының басшысы болып жұмыс істеді. 

2015-2020 жж. Семей қаласының статистика басқармасының басшысы болды. 

2021 жылдан бастап БҚО бойынша департамент басшысы болып тағайындалғанға дейін Шығыс Қазақстан облысы бойынша департамент басшысының орынбасары қызметін атқарды. 

«Қазақстан Республикасы Конституциясына 25 жыл» мерейтой медалімен, «Статистика үздігі» төсбелгісімен марапатталған.

Тізімге оралу

Онлайн кеңесші