Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Қазақстан Республикасындағы инфляция
01.12.2023
Қазақстан Республикасындағы инфляция
Тұтыну бағаларының айлық индексі 2023 жылғы қарашада 1% құрады (ағымдағы жылғы қазанда – 0,7%). Ақылы қызметтер – 1,7%, азық-түлік тауарлары – 0,7%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 0,5% қымбаттады.
Инфляцияның өсуіне негізгі үлесті коммуналдық қызметтер тарифтерінің өсуі қосты. Орталықтан жылыту тарифтеріне – 16,1%, ыстық суға – 8,1%, қоқыс шығаруға – 7,7%, суық суға – 5%, электр энергиясына – 4,4%, су бұруға 0,9% өсті. Әуе жолаушылар көлігі қызметтерінің бағасы 27% өсті.
Азық-түлік тауарлары арасында бағалар қиярға – 42,1%, қызанаққа – 39%, жұмыртқаға – 5,6%, тәтті бұрышқа – 3,5%, күрішке – 1,4%, ұнға – 1,2%, кондитерлік өнімдерге, тоқаш және ұннан жасалған өнімдерге 0,6%-дан өсті. Бағаның өсуі минералды және ауыз суға – 0,8%, темекі бұйымдарына – 0,7%, алкогольді сусындарға 0,4% байқалды. Бұл ретте сәбіз – 6,3%, картоп пен қырыққабат әрқайсысы 5,7%, пияз 4,4% арзандады.
Азық түлікке жатпайтын тауарлар ішінде биылғы қарашада бағалардың өсуі автокөлікке, ноутбукке – 2,2%-дан, электр жылытқышқа 0,8% байқалды. Тас көмір мен ағаш отын әрқайсысы 1%-дан қымбаттады.
Өңірлер арасында ең жоғары айлық инфляция Павлодар облысында – 1,6% (орташа республикалық деңгейден 0,6 п.т. жоғары), ең төменгі – Жетісу және Ақмола облыстарында 0,6%-дан тіркелді.
Өңірлер бойынша ең жоғары азық-түлік тауарларының бағалары Ақтөбе облысында – 1,3%, азық-түлік емес тауарлары – Қарағанды облысында 1,4%, ақылы қызметтер Жамбыл және Павлодар облыстарында 4,1% өсті.

Аймақтардағы инфляция деңгейі (2023 жылғы қараша) 

өткен айға пайызбен, өсуі

1.png

Тұтыну тауарлары мен қызметтеріне бағаның өзгеруі

пайызбен, өсуі

 

2023 жылғы қараша

2022 жылғы қарашаға

2023 жылғы қазанға

Тауарлар мен қызметтер

10,3

1,0

Азық-түлік тауарлар

9,2

0,7

Азық-түлік емес тауарлар

9,9

0,5

Ақылы қызметтер

12,0

1,7


2023 жылғы қарашада жылдық мәнде инфляция деңгейі 10,3% құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы – 9,2%, азық-түлік емес тауарлар – 9,9%, ақылы қызметтер 12% өсті.

                2022 жылғы қарашамен салыстырғанда қырыққабат – 55,8%, күріш – 37,3%, жүзім 43% қымбаттады. Бағалар парацетамолға – 74,4%, ацетилсалицил қышқылына – 39,7%, йодқа 21,7% өсті. Қоқыс шығаруға тарифтер – 36,3%, су бұруға – 29,1%, орталықтан жылытуға – 25,6%, суық суға – 22,3%, ыстық суға – 20,2%, электр энергиясына – 16,7%, тұрғын үйді күтіп ұстауға 8,1% өсті. Әуе жолаушылар көлігі қызметтерінің бағалары – 27,5%, теміржол көлігі 8% қымбаттады. Керісінше, жылдық мәнде қарақұмық жармасы – 20,9%, құмшекер – 16,9%, күнбағыс майы 16,4% арзандады.

                                                                                                    

Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағалары индексінің көрсеткіші ай сайын есептеледі. Бақылаулар қызметтер мен тауарлардың тарифтері мен бағалары – барлығы 508 позиция бойынша жасалады. Бағаларды тіркеу барлық облыс орталығында, астанада және қалалар мен аудан орталықтарының белгілі бір шеңберінде әртүрлі меншік нысанындағы сауда және қызмет көрсету саласы кәсіпорындарының іріктемелі желісі бойынша жүргізіледі. Инфляция бойынша динамикалық өзгерістерді 2018 жылдан бастап көрсеткіштер қамтылған арнайы әзірленген интерактивті дашбордта көруге болады.

*2023 жылғы қаңтардан бастап, тұтыну бағаларының индексін есептегенде азық–түлік тауарларының үлесі – 41,8%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 29,6%, ақылы қызметтер 28,6% құрады.


Тізімге оралу

Онлайн кеңесші