Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Қазақстан Республикасындағы ішкі сауда туралы
12.04.2024
Қазақстан Республикасындағы ішкі сауда туралы

"Сауда" саласы бойынша НКИ 2024 жылғы қаңтар-наурызда өткен жылдың тиісті кезеңіне 103,3% құрады (2023 жылғы қаңтар-наурызда – 111,5%).

Саланың жалпы көлеміндегі елеулі үлес көтерме саудаға тиесілі, оның үлес салмағы 67,8% құрады, бөлшек сауданың үлес салмағы 31,8% құрады.

Бөлшек сауда көлемі 2024 жылғы қаңтар-наурыздағы 4044,4 млрд. теңгені құрады немесе 2023 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 4,9% жоғары. Саудамен айналысатын кәсіпорындармен тауарларды бөлшек саудада өткізу 3 112,6 млрд теңгені құрады немесе 2023 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 9,1% жоғары.

Азық-түлік тауарларының бөлшек сауда жалпы көлеміндегі үлесі 29,3% құрады, азық-түлік емес тауарлар – 70,7%.

Сату көлемінің ең көп өсуі азық-түлік емес тауарлар бойынша, атап айтқанда мотор отыны, автомобиль, косметикалық тауарларды және дәретхана жабдықтары, фармацевтикалық тауарлар, киім, сағат пен зергерлік бұйымдар, атомобильдерге арналған тетіктерін іске асыратын кәсіпорындарда атап өтілді.

2024 жылғы 1 сәуірге сауда кәсіпорындарының тауар қорларының көлемі (есеп берген кәсіпорындар бойынша) бөлшек саудада 1 569,6 млрд теңгені, сауда күндерінде 70 күнді құрады (2023 жылғы 1 сәуірге сауда кәсіпорындарының тауар қорларының көлемі 1521,7 млрд. теңгені, сауда күндерінде 71 күнді құрады).

2024 жылғы қаңтар-наурыздағы республикадағы бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі едәуір жоғары үлес салмақ Алматы қаласына (31,3%), Астана қаласына (12,1%), Қарағанды (8,3%) және Шығыс Қазақстан (6%) облыстарына келеді.


Көтерме сауда көлемі 2024 жылғы қаңтар-наурызда 8 635,6 млрд теңгені немесе 2023 жылғы тиісті кезең деңгейіне 102,6% құрады. Көтерме тауар айналымының құрылымында азық-түлік емес тауарлар мен өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдер басым (79,2%).

2024 жылғы 1 сәуірге сауда кәсіпорындарының тауар қорларының көлемі көтерме саудада 1995,5 млрд. теңгені, сауда күндерінде 41 күнді құрады (2023 жылғы 1 сәуірге сауда кәсіпорындарының тауар қорларының көлемі 1 737,9 млрд теңгені, сауда күндерінде 40 күнді құрады).

Республиканың көтерме саудасының жалпы көлеміндегі ең үлкен үлес салмағы 2024 жылғы қаңтар-наурызда Алматы қаласына (40%), Атырау облысына (16,9%), Астана қаласына (15,6%), Қарағанды облысына (5,5%) тиесілі.




Тізімге оралу

Онлайн кеңесші