Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Ақпан айында 136,6 мың автокөлік есепке қойылды
15.04.2024
Ақпан айында 136,6 мың автокөлік есепке қойылды

2024 жылғы ақпанда 136,6 мың бірлік автокөлік құралы есепке қойылды, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,5% кеміді, оның ішінде автобустар 7% артты, жүк автомобильдері 10,3% және жеңіл автомобильдер 13,9% кеміді.

Осылайша, 2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 5 378,9 мың бірлікті құрады, оның ішінде 88,1% – жеңіл автомобильдер, 9,9% – жүк автомобильдері және 2% – автобустар.

Тіркелген жеңіл автомобильдердің жалпы санында шығарылған жылы бойынша 20 жылдан асқан көлік санының үлесі – 45,1%, 10-нан 20 жылға дейін – 23,6%, 7-ден 10 жылға дейінгілер – 12,9%, 3-тен 7 жылға дейінгілер – 12,1% және автокөлік құралдарының тек 6,2% шығарылған жылы 3 жылдан кем. Шығарылған жылы 20 жылдан астам жеңіл автомобильдердің ең көп саны Алматы облысында – 326,5 мың бірлік, Алматы қаласында – 189,4 мың бірлік, Жамбыл облысында – 166,4 мың бірлік, Қарағанды облысында – 162,9 мың бірлік және Шығыс Қазақстан облысында – 155,2 мың бірлік.

Сонымен қатар, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда электр қуатымен жүретін жеңіл автомобильдер саны 6,7 есеге, 1291-тен 8 684 бірлікке дейін өсті. Ең көп электромобильдер саны:

Алматы қ. – 5127 бірлік

Астана қ. – 1098 бірлік
Алматы обл. – 386 бірлік

Шымкент қ. – 262 бірлік

Қарағанды обл. – 146 бірлік.

2024 жылдың қаңтар-ақпан айында 2 635 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 3 576 адам зардап шеккен. Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда оқиғалар саны 53,6%-ға өсті, зардап шеккендер саны 45%-ға өсті.2)


1) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің деректері бойынша.

2) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетініңдеректері бойынша.


Тізімге оралу

Онлайн кеңесші