Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
2023 жылы үй шаруашылықтарының азық-түлік өнімдерін тұтынуы туралы
12.04.2024
2023 жылы үй шаруашылықтарының азық-түлік өнімдерін тұтынуы туралы
Былтыр 2022 жылмен салыстырғанда нан мен жарма, балық пен теңіз және май мен тоңмайдан басқа азық-түлік өнімдерінің негізгі топтары бойынша тұтыну көрсеткішінің өскені байқалды.


Халықтың жан басына шаққандағы азық-түлік өнімдерінің жекелеген түрлері бойынша тұтынуы 2023 жылы айына орташа алғанда: картоп – 3,7 кг, бірінші сұрыпты бидай ұнынан пісірілген нан – 2,4 кг, сиыр еті – 2,1 кг, алма - 1,6 кг, құмшекер - 1,5 кг, күріш – 1,3 кг, шикі сүт - 1,1 л, айран – 1 л, жұмыртқа – 16,8 дана, макарон – 0,9 кг, жаңа ауланған немесе салқындатылған балық – 0,8 кг, қара шай – 0,1 кг құрады.

Азық-түлік өнімдерін тұтынуы бойынша деректер тұрмыс деңгейі бойынша 12 000 үй шаруашылығын іріктеп зерттеу нәтижелері бойынша есептелген.

Орташа жан басына шаққандағы негізгі тамақ өнімдерін тұтыну – қарастырылып отырған кезең ішінде үй шаруашылығының бір мүшесінің орташа тұтынған тамақ өнімдерінің (әрбір өнімнің түрі бойынша бөлек) саны. Ол азық-түлік тауарларының жекелеген түрлерін тұтынудың көлемін үй шаруашылығының бар мүшелерінің санына бөлу жолымен есептеледі. Ірілендірілген топтар бойынша тұтыну құрамдастарды бастапқы өнімге қайта есептеу есебімен анықталады.



Тізімге оралу

Онлайн кеңесші