Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
2023 жылы Қазақстанға келгендердің саны 45,7% өсті
12.04.2024
2023 жылы Қазақстанға келгендердің саны 45,7% өсті

2023 жылы Қазақстанға тұрақты тұруға 25 387 адам көшіп келсе, елден кеткендер саны 16 094 адамды құрады. Осылайша, 2011 жылдан бері алғаш рет көші-қонның сальдосы тіркелді – 9 293 адам.

2022 жылмен салыстырғанда Қазақстанға келгендер саны 45,7% артып, елден кетушілер саны 33,3% азайған.

Шетелген көшіп келгендердің басым бөлігі тұру үшін Алматы қаласы (6 409), Маңғыстау (3 546) және Қостанай (2 367) облыстарын таңдаған.

Елдің көші-қон алмасуының негізгі үлесі ТМД елдері арасында жүрген. ТМД елдерінен келгендердің үлесі 86,3%, ал осы елдерге кеткендердің үлесі 77,3% құрады.

Көшіп келушілері басым болған ТОП 3 елдің арасында Ресей Федерациясы – 11 711 адам, Өзбекстан – 6 519 адам және Түркменстан бар – 1 166 адам.


Сондай-ақ 2023 жылдың қорытындысы бойынша ішкі көші-қонның өсуі байқалады. Ел ішінде көшіп келушілер саны 27,5% өсті. Халықтың көші-қонының оң сальдосы Республикалық маңызы бар үш қалада байқалды: Астана (50 078 адам), Алматы (38 113 адам) және Шымкент (3 416 адам).




Тізімге оралу

Онлайн кеңесші