Атауы:
Басқа топтамаларға енгізілмеген өзге де жеке көрсетілетін қызметтерді ұсыну
Түсіндіру:
Бұл ішкі класқа:
- астрологиялық және спиритуалдық қызмет
- ілесіп жүру қызметі (эскорт), танысу, некеге тұру агенттігінің қызметі сияқты әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну
- үйрету мен орналастыруды және т.б. қоса үй жануарларына күтім жасау бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсыну
- генеалогияны зерттеу бойынша қызмет
- таңбалау мен пирсинг салондарының қызметі
- аяқкиім тазалаушылар, жүкшілер, автомобиль тұрақтарында және т.б. қызмет көрсететін персоналдың көрсететін қызметтерін ұсыну
- монета салудың көмегімен жұмыс істейтін автоматтарды пайдалану (фото-автоматтар, салмақты, артериалық қысымды өлшеуге арналған аппараттар, сақтау камерасы және т.б.) кіреді
Бұл ішкі класқа:
- ветеринариялық қызмет, (75.00.0 қараңыз)
- монета салудың көмегімен жұмыс істейтін ойын автоматтарын пайдалану, (92.00.0 қараңыз)
- монета салудың көмегімен жұмыс істейтін кір жуатын автоматты машиналарды пайдалану кірмейді, ( 96.01 қараңыз)