Қоршаған ортаны қорғауға арналған шығындар шоты қоршаған ортаны қорғауға бағытталған шығыстардың көлемі мен құрылымын бағалауға, сондай-ақ оларды экономикалық қызмет түрлері бойынша бөлуді қарастыруға мүмкіндік беретін статистикалық құрал болып табылады. Бұл шоттар экологиялық шығындардың негізгі көлемін қай салалар құрайтынын және шығындардың ең көп бөлігі қай бағыттарға тиесілі екенін көруге мүмкіндік береді.
2025 жылы Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған жалпы шығындар 813,3 млрд теңгені құрады, оның ішінде ағымдағы шығындар – 436,7 млрд теңге, инвестициялар – 376,6 млрд теңге.
Экономикалық қызмет түрлері бойынша жалпы шығындар құрылымында ең үлкен үлес өнеркәсіп саласына 94,5% (768,9 млрд.теңге) келеді. Оның ішінде: электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтау – 280,7 млрд.теңге, өңдеу өнеркәсібі – 269,1 млрд. теңге, тау – кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 178,5 млрд. теңге.
| Экономикалық қызмет түрлері | Жалпы шығындар | Соның ішінде: | |
| ағымдағы шығындар | инвестициялар | ||
| Ауыл, орман және балық шаруашылығы | 2 813 545 | 1 047 465 | 1 766 080 |
| Өнеркәсіп | 768 948 413 | 408 999 386 | 359 949 027 |
| Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу | 178 471 486 | 161 045 861 | 17 425 625 |
| Өңдеу өнеркәсібі | 269 096 742 | 174 249 620 | 94 847 122 |
| Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау | 280 709 492 | 34 076 223 | 246 633 269 |
| Сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет | 40 670 693 | 39 627 682 | 1 043 011 |
| Құрылыс | 5 088 280 | 5 088 280 | - |
| Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу | 1 706 353 | 1 627 928 | x |
| Көлік және жинақтау | 6 275 253 | 6 275 253 | - |
| Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету | 285 084 | 285 084 | - |
| Ақпарат және байланыс | 112 975 | 112 975 | - |
| Қаржы және сақтандыру қызметі | 42 276 | 42 276 | - |
| Жылжымайтын мүлікпен операциялар | 657 972 | 638 467 | x |
| Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет | 5 626 990 | 5 626 990 | - |
| Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет | 392 402 | 392 402 | - |
| Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру | 15 594 366 | 865 591 | 14 728 775 |
| Білім беру | 2 920 211 | 2 920 211 | - |
| Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету | 2 036 467 | 2 036 467 | - |
| Өнер, ойын-сауық және демалыс | 766 087 | 700 087 | 66 000 |
| Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну | 9 041 | 9 041 | - |
| Барлығы | 813 275 715 | 436 667 903 | 376 607 812 |
Қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған шығындар – шаруашылық қызметтің қоршаған ортаға теріс әсерін болдырмауға, азайтуға және жоюға бағытталған қызметті жүзеге асыруға жұмсалатын шығындар.
Қоршаған ортаны қорғауға жұмсалатын ағымдағы шығындар – кәсіпорындар мен ұйымдардың іс-шараларды жүргізуге, технологиялық процестер мен өндірістердің ағымдағы жұмысын қамтамасыз етуге, сондай-ақ ластаушы заттардың (өнімдердің) пайда болуын болдырмау, азайту, тазарту (қайта өңдеу) және/немесе жою мақсатында әзірленген және жұмыс істеп тұрған машиналар мен жабдықтарды ұстауға және пайдалануға жұмсайтын шығындары.
Қоршаған ортаны қорғауға арналған инвестициялар – табиғатты қорғау мақсатындағы негізгі құралдарды құруға, сатып алуға, жаңғыртуға және реконструкциялауға бағытталған күрделі шығындар.
Табиғатты қорғау қызметінің түрлері – атмосфералық ауаны қорғауға, ағынды суларды тазартуға, қалдықтармен жұмыс істеуге, топырақ пен суды қорғауға, биоәртүрлілікті сақтауға, радиациялық қауіпсіздікке, ғылыми зерттеулерге және қоршаған ортаны қорғаудың басқа да бағыттарына байланысты қызмет түрлері.
Қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған шығындар шоты есепті кезең ішінде экономикалық субъектілердің табиғатты қорғау қызметін жүзеге асыруға жұмсаған шығындарын көрсетеді.
Қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған шығындар табиғатты қорғау қызметінің түрлері бойынша көрсетіледі және атмосфералық ауаны қорғау және климаттың өзгеруі проблемаларын шешу, ағынды суларды тазарту, қалдықтармен жұмыс істеу және т.б. бағыттарды қамтиды.
Табиғатты қорғау қызметінің басқа түрлеріне жаңартылатын энергия көздері, энергия үнемдейтін технологиялар және энергия тиімділігін арттыру саласындағы қызмет, сондай-ақ басқа табиғатты қорғау қызметінің түрлеріне жатқызылмаған табиғатты қорғау қызметінің барлық түрлері жатады.