Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    384 млрд.
    Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қоршаған ортаны қорғауға бағытталған шығындары 2020 жылғы 384 млрд. теңгеге қарағанда 2021 жылы 417 млрд. теңгені құрады.
    90,2%
    Табиғат қорғау шығындарының едәуір үлесін (90,2%) өнеркәсіп кәсіпорындары жүзеге асырады.
    Қоршаған ортаны қорғау шығындарының динамикасы
    2015-2021 жылдардағы қоршаған ортаны қорғауға бағытталған шығындар
    млн. теңге
    2021ж.
    Табиғатты қорғау қызметінің түрлері бойынша қоршаған ортаны қорғауға салынған шығындар

    Қоршаған ортаны қорғауға жұмсалатын шығындардың жалпы көлеміндегі негізгі үлес (46,7%) Атырау (18,4%), Ақтөбе (14,2%), Жамбыл (14,1%) кәсіпорындарына тиесілі және 194 млрд теңгені құрады.

    2021ж.
    Электрондық кестелер:
    Динамикалық кестелер:
    Глоссарий

    Қоршаған ортаны қорғауға арналған жалпы шығындар келесі шығындар түрлерін қосу арқылы қалыптасады:

    1) кәсіпорындар және мекемелер қоршаған ортаны қорғауға және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану бойынша іс-шараларды іске асыруға бағыттаған негізгі капиталға инвестициялар;

    2) кәсіпорындар және мекемелердің қоршаған ортаны қорғауға және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануғабайланысты ағымдағы шығындары.

    Қоршаған ортаны қорғауға және табиғи ресурстарда ұтымды пайдалануға бағытталған негізгі капиталға инвестициялар объектілердің жаңа құрылысына, кеңейтуге, реконструкциялауға және жаңғыртуға (күрделі жөндеу кезінде жүзеге асырылатын объектіні жаңғырту бойынша шығындарды қоса) жұмсалған, объектінің бастапқы құнын арттыруға әкелетін шығындарды қамтиды.

    Қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған ағымдағы шығындар – кәсіпорындар мен ұйымдардың іс-шараларды жүргізу, технологиялық процестер мен өндірістердің ағымдағы жұмысын қамтамасыз ету, сонымен бірге ластаушы заттарды (өнімдерді) алдын алу, азайту, тазалау (қайта өңдеу) және (немесе) жою мақсатында әзірленген машиналар мен құралдарды ұстау және пайдалануға беру бойынша шығыстары;

    Әдіснамалық түсініктемелер

    Негізгі капиталға салынған табиғатты қорғау инвестициялар туралы ақпарат көзі инвестициялық қызмет туралы жыл сайынғы жалпымемлекеттік статистикалық байқау болып табылады. Бұл байқауда қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қызмет түрлеріне байланысты кәсіпорындар мен ұйымдардың негізгі капиталына қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қызмет түрлерінің халықаралық жіктеуішіне және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шығындар 2000 (the classification of Environmental Protection Activities and Expenditure (күкірт 2000) сәйкес экологиялық қызмет түрлері бөлінісінде Инвестициялар көрсетіледі.

    Қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған ағымдағы шығындардың құрамына:
    қоршаған ортаны қорғау бойынша (оларды жаңғырту және қалпына келтіру шығыстарынсыз) негізгі қорды ұстау және пайдалану: қоршаған ортаны қорғау қорларын пайдалану кезінде пайдаланылатын шикізат, материалдар мен басқа да өнімдер, отын және электр энергиясы, осы қорларды ағымдағы жөндеуіне, аталған қорларға қызмет көрсететін персоналды ұстауға жұмсалған шығындар, қоршаған ортаны қорғау имараттарына және құрылғыларына қатысты сақтандыру бойынша төлемдер;
    өз күшімен өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинау, сақтау немесе көму және қайта өңдеу немесе залалсыздандыру, жою және орналастыруға жұмсалатын шығындар;
    қоршаған ортаға зиянды әсерлерді өз күшімен бақылауды және мониторингілеу іс-шараларын ұйымдастыру, ғылыми-техникалық зерттеулер, ұйымда қоршаған ортаны қорғау қызметін басқару; қоршаған ортаға зиянды әсерді азайту жөніндегі ағымдағы іс-шаралар кіреді.

    Қоршаған ортаны қорғау шығындары туралы көрсеткішті қалыптастыру үшін жыл сайынғы жалпымемлекеттік статикалық байқаулардың кәсіпорындардың табиғат қорғау қызметіне ағымдағы шығындары туралы және кәсіпорындардың табиғат қорғау қызметіне инвестициялары туралы деректері пайдаланылады.

    Қосымша, әдістемелік түсініктеме келесі сілтеме бойынша қол жетімді:
    Шығаруға жауапты:
    Өндіріс және қоршаған орта статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    Ә. Шауенова
    Тел. +7 7172 749056
    Орындаушы:
    Д. Садвакасова
    Тел. +7 7172 749311
    E-mail: dina.sadvakasova@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министерлік үй, 4 подъезд
    Онлайн кеңесші