Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    0%
    Өнеркәсіптік кәсіпорындардың іскерлік белсенділігін сипаттайтын кәсіпкерлік сенімділік индексі 2023 жылдың II тоқсанда I тоқсанға қарағанда өзгеріп, 0% құрады;
    0%
    Сауда кәсіпорындарының іскерлік белсенділігін сипаттайтын кәсіпкерлік сенімділік индексі 0% құрады.
    1%
    Құрылыс кәсіпорындарының іскерлік белсенділігін сипаттайтын кәсіпкерлік сенімділік индексі 1% құрады.
    2023ж. II тоқсан
    Конъюнктуралық зерттеулер

    2023 жылғы II тоқсанда 85% өнеркәсіп кәсіпорындарының басшылары өз экономикалық жағдайын «жақсы» және «қанағаттанарлық» деп сипаттаған.

    Ағымдағы уақытпен салыстырғанда 66% кәсіпорын өзінің қаржылық – шаруашылық қызметінің өзгеріссіз қалуын, 19% - жақсаруын және 13% - нашарлайтындығын күтеді.

    2023 жылғы II тоқсанда 81% сауда кәсіпорындардың басшылары өз экономикалық жағдайын «жақсы» және «қанағаттанарлық» деп сипаттаған.

    Ағымдағы уақытпен салыстырғанда 64% кәсіпорын өзінің қаржылық – шаруашылық қызметінің өзгеріссіз қалуын, 17%- жақсаруын және 15% - нашарлайтындығын күтеді.

    2023 жылғы II тоқсанда сату түрлері бойынша сауда көлемі:

    · көтерме сауда -24%

    · бөлшек сауда -23%

    · электронды сауда алаңы арқылы -7%

    · электронды сауда алаңынан тыс -29%

    2023 жылғы II тоқсанда 81% құрылыс кәсіпорындарының басшылары өз экономикалық жағдайын «жақсы» және «қанағаттанарлық» деп сипаттаған.

    Ағымдағы уақытпен салыстырғанда 56% кәсіпорын өзінің қаржылық – шаруашылық қызметінің өзгеріссіз қалуын, 25% - жақсаруын және 16% - нашарлайтындығын күтеді.

    2023 жылғы II тоқсанда 4671 кәсіпорындарының басшылары өндірісті қызметін шектейтін факторларды атап өтті:

    Өндірістік әрекетті шектейтін фактор
    2023ж. II тоқсан

    ESG критерийлерін талдау республикадағы кәсіпорындардың 63%-ы экологиялық критерийлерге, 69%-ы корпоративтік басқару критерийлеріне сәйкес келмейтінін, сонымен қатар кәсіпорындардың 47%-ы әлеуметтік критерийлерге сәйкес келетінін көрсетеді.

    2023ж. II тоқсан

    Осылайша, өткен тоқсанмен салыстырғанда ағымдағы тоқсанда шығарындылардың 32%-ы төмендегенін байқады, бұл ретте компаниялардың 61%-ы шығарындылар мен төгінділер көздерінде экологиялық бақылауды жүзеге асырмайтынын атап өткен жөн.

    Сондай-ақ кәсіпорындардың 41%-ында ұзақ мерзімді даму стратегиясы бар, ал кәсіпорындардың 34%-ында ерікті медициналық сақтандыру және материалдық көмек түрінде қызметкерлерге қосымша әлеуметтік қолдау пакеті бар екенін атап өткен жөн.

    Әдіснамалық түсіндірмелер

    Өнеркәсіп кәсіпорындарының кәсіпкерлік сенімділік индексі нақты қалыптасқан сұраныс деңгейі мен дайын өнім қорлары (соңғысы – кері белгісі бар) бағаларының «баланстарының» орташа арифметикалық мәні ретінде, сондай-ақ өндіріс көлемінің күтілетін өзгерістері пайызбен есептеледі.

    Сауда кәсіпорындарының кәсіпкерлік сенімділік индексі нақты қалыптасқан экономикалық жағдай мен қойма қорларының деңгейін бағалаудың «баланстарының» орташа арифметикалық мәні ретінде (соңғысы – кері белгісі бар), сондай-ақ экономикалық жағдайдың күтілетін өзгерістері пайызбен есептеледі.

    Құрылыс кәсіпорындарының кәсіпкерлік сенімділік индексі тапсырыстар портфелінің нақты жай-күйін бағалаудың «баланстарының» орташа арифметикалық мәні және ұйымдарда жұмыс істейтін санның күтілетін өзгерісі пайызбен есептеледі. Баланс деп зерттелетін кәсіпорынның шаруашылық қызметінің қандай да бір көрсеткішінің пайызбен «ұлғаюын» және «азаюын» атап өткен респонденттер үлесінің айырмасын түсіну керек.

    Шығаруға жауапты:
    Ұлттық шоттар департаменті
    Департамент директоры:
    Ә. Нақыпбеков
    Тел. +7 7172 749717
    Орындаушы:
    Ж.Т. Әбдалімова
    Тел. +77172 749814
    E-maIl: zh.abdalIImova@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер Үйі, 4 кіреберіс
    Онлайн кеңесші