Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    901
    Өнеркәсіптік кәсіпорындардың іскерлік белсенділігін зерттеуге 2024 жылдың ІІI тоқсанында 901 кәсіпорын қатысты(оның ішінде: тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу - 116, өндеу өнеркәсібі – 599, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау 108, сумен жабдықтау - 78).
    1483
    2024 жылдың ІІI тоқсанында сауданың іскерлік белсенділігін зерттеуге 1483 кәсіпорын қатысты (оның ішінде: көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеуде - 69, автомобильдер мен мотоциклдер саудасынан басқа, көтерме саудада сату - 845, автомобильдер мен мотоциклдер сатудан басқа бөлшек саудада сату -569).
    478
    Құрылыс кәсіпорындарының іскерлік белсенділігін зерттеуге 2024 жылдың ІІI тоқсанында 478 кәсіпорын қатысты (оның ішінде: мемлекеттік -3, жеке меншік -452, шетелдік -23).
    Конъюнктуралық зерттеулер

    2024 жылғы IІI тоқсанда 87% өнеркәсіп кәсіпорындарының басшылары өз экономикалық жағдайын «жақсы» және «қанағаттанарлық» деп сипаттаған.

    Ағымдағы уақытпен салыстырғанда 70% кәсіпорын өзінің қаржылық – шаруашылық қызметінің өзгеріссіз қалуын, 17% - жақсаруын және 12% - нашарлайтындығын күтеді.

    2024 жылғы IІI тоқсанда 83% сауда кәсіпорындардың басшылары өз экономикалық жағдайын «жақсы» және «қанағаттанарлық» деп сипаттаған.

    Ағымдағы уақытпен салыстырғанда 69% кәсіпорын өзінің қаржылық – шаруашылық қызметінің өзгеріссіз қалуын, 14%- жақсаруын және 15% - нашарлайтындығын күтеді.

    2024 жылғы IІI тоқсанда сауда кәсіпорындарын зерттеу нәтижелері бойынша іскерлік белсенділіктің артуы байқалады.

    2024 жылғы IІI тоқсанда сату түрлері бойынша сауда көлемі:

    · көтерме сауда -20%

    · бөлшек сауда -21%

    · электронды сауда алаңы арқылы -7%

    · электронды сауда алаңынан тыс -29%

    2024 жылғы IІI тоқсанда 85% құрылыс кәсіпорындарының басшылары өз экономикалық жағдайын «жақсы» және «қанағаттанарлық» деп сипаттаған.

    Ағымдағы уақытпен салыстырғанда 63% кәсіпорын өзінің қаржылық – шаруашылық қызметінің өзгеріссіз қалуын, 22% - жақсаруын және 12% - нашарлайтындығын күтеді.

    2024 жылғы IІ тоқсанда 4676 кәсіпорындарының басшылары өндірісті қызметін шектейтін факторларды атап өтті:

    2024ж. III тоқсан

    ESG критерийлерін талдау республикадағы кәсіпорындардың 76%-ы экологиялық критерийлерге, 74%-ы корпоративтік басқару критерийлеріне сәйкес келмейтінін, сонымен қатар кәсіпорындардың 66%-ы әлеуметтік критерийлерге сәйкес келмейтінін көрсетеді.

    2024ж. III тоқсан

    Осылайша, өткен тоқсанмен салыстырғанда ағымдағы тоқсанда шығарындылардың 26%-ы төмендегенін байқады, бұл ретте компаниялардың 33%-ы шығарындылар мен төгінділер көздерінде экологиялық бақылауды жүзеге асырмайтынын атап өткен жөн.

    Сондай-ақ кәсіпорындардың 36%-ында ұзақ мерзімді даму стратегиясы бар, ал кәсіпорындардың 29%-ында ерікті медициналық сақтандыру және материалдық көмек түрінде қызметкерлерге қосымша әлеуметтік қолдау пакеті бар екенін атап өткен жөн.

    Әдіснамалық түсіндірмелер

    Өнеркәсіп кәсіпорындарының кәсіпкерлік сенімділік индексі нақты қалыптасқан сұраныс деңгейі мен дайын өнім қорлары (соңғысы – кері белгісі бар) бағаларының «баланстарының» орташа арифметикалық мәні ретінде, сондай-ақ өндіріс көлемінің күтілетін өзгерістері пайызбен есептеледі.

    Сауда кәсіпорындарының кәсіпкерлік сенімділік индексі нақты қалыптасқан экономикалық жағдай мен қойма қорларының деңгейін бағалаудың «баланстарының» орташа арифметикалық мәні ретінде (соңғысы – кері белгісі бар), сондай-ақ экономикалық жағдайдың күтілетін өзгерістері пайызбен есептеледі.

    Құрылыс кәсіпорындарының кәсіпкерлік сенімділік индексі тапсырыстар портфелінің нақты жай-күйін бағалаудың «баланстарының» орташа арифметикалық мәні және ұйымдарда жұмыс істейтін санның күтілетін өзгерісі пайызбен есептеледі. Баланс деп зерттелетін кәсіпорынның шаруашылық қызметінің қандай да бір көрсеткішінің пайызбен «ұлғаюын» және «азаюын» атап өткен респонденттер үлесінің айырмасын түсіну керек.

    Шығаруға жауапты:
    Ұлттық шоттар департаменті
    Департамент директоры:
    Ә. Нақыпбеков
    Тел. +7 7172 749717
    Орындаушы:
    М.Абулкасимова
    Тел. +77172 749306
    E-maIl: m.abulkasimova@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер Үйі, 4 кіреберіс
    Онлайн кеңесші