2024 жылғы I тоқсанда 80% өнеркәсіп кәсіпорындарының басшылары өз экономикалық жағдайын «жақсы» және «қанағаттанарлық» деп сипаттаған.
Ағымдағы уақытпен салыстырғанда 68% кәсіпорын өзінің қаржылық – шаруашылық қызметінің өзгеріссіз қалуын, 12% - жақсаруын және 19% - нашарлайтындығын күтеді.
2024 жылғы I тоқсанда 79% сауда кәсіпорындардың басшылары өз экономикалық жағдайын «жақсы» және «қанағаттанарлық» деп сипаттаған.
Ағымдағы уақытпен салыстырғанда 69% кәсіпорын өзінің қаржылық – шаруашылық қызметінің өзгеріссіз қалуын, 10%- жақсаруын және 20% - нашарлайтындығын күтеді.
2024 жылғы I тоқсанда сауда кәсіпорындарын зерттеу нәтижелері бойынша іскерлік белсендігі өзгеріссіз.
2024 жылғы I тоқсанда сату түрлері бойынша сауда көлемі:
· көтерме сауда -21%
· бөлшек сауда -21%
· электронды сауда алаңы арқылы -7%
· электронды сауда алаңынан тыс -30%
2024 жылғы I тоқсанда 76% құрылыс кәсіпорындарының басшылары өз экономикалық жағдайын «жақсы» және «қанағаттанарлық» деп сипаттаған.
Ағымдағы уақытпен салыстырғанда 68% кәсіпорын өзінің қаржылық – шаруашылық қызметінің өзгеріссіз қалуын, 8% - жақсаруын және 23% - нашарлайтындығын күтеді.
2024 жылғы I тоқсанда 4698 кәсіпорындарының басшылары өндірісті қызметін шектейтін факторларды атап өтті:
ESG критерийлерін талдау республикадағы кәсіпорындардың 75%-ы экологиялық критерийлерге, 73%-ы корпоративтік басқару критерийлеріне сәйкес келмейтінін, сонымен қатар кәсіпорындардың 66%-ы әлеуметтік критерийлерге сәйкес келмейтінін көрсетеді.
Осылайша, өткен тоқсанмен салыстырғанда ағымдағы тоқсанда шығарындылардың 27%-ы төмендегенін байқады, бұл ретте компаниялардың 67%-ы шығарындылар мен төгінділер көздерінде экологиялық бақылауды жүзеге асырмайтынын атап өткен жөн.
Сондай-ақ кәсіпорындардың36%-ында ұзақ мерзімді даму стратегиясы бар, ал кәсіпорындардың 29%-ында ерікті медициналық сақтандыру және материалдық көмек түрінде қызметкерлерге қосымша әлеуметтік қолдау пакеті бар екенін атап өткен жөн.
Өнеркәсіп кәсіпорындарының кәсіпкерлік сенімділік индексі нақты қалыптасқан сұраныс деңгейі мен дайын өнім қорлары (соңғысы – кері белгісі бар) бағаларының «баланстарының» орташа арифметикалық мәні ретінде, сондай-ақ өндіріс көлемінің күтілетін өзгерістері пайызбен есептеледі.
Сауда кәсіпорындарының кәсіпкерлік сенімділік индексі нақты қалыптасқан экономикалық жағдай мен қойма қорларының деңгейін бағалаудың «баланстарының» орташа арифметикалық мәні ретінде (соңғысы – кері белгісі бар), сондай-ақ экономикалық жағдайдың күтілетін өзгерістері пайызбен есептеледі.
Құрылыс кәсіпорындарының кәсіпкерлік сенімділік индексі тапсырыстар портфелінің нақты жай-күйін бағалаудың «баланстарының» орташа арифметикалық мәні және ұйымдарда жұмыс істейтін санның күтілетін өзгерісі пайызбен есептеледі. Баланс деп зерттелетін кәсіпорынның шаруашылық қызметінің қандай да бір көрсеткішінің пайызбен «ұлғаюын» және «азаюын» атап өткен респонденттер үлесінің айырмасын түсіну керек.