Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    10,3%
    2023 жылғы қарашада Қазақстан Республикасындағы инфляция бір жылда 10,3% (2023 жылғы қазанда – 10,8%), бір айда – 1% (өткен айда – 0,7%) құрады.
    9,2%
    Баға азық-түлік тауарларға бір жылда – 9,2% (2023 жылғы қазанда – 10,4%), азық-түлік емес тауарларға – 9,9% (2023 жылғы қазанда – 11,1%), ақылы қызметтерге 12% (2023 жылғы қазанда – 11%) өсті.
    2021-2023 жылдардағы Қазақстан Республикасындағы жылдық инфляция
    2023ж. қараша
    Инфляция динамикасы

    Өткен жылғы қарашамен салыстырғанда бағаның өсуі күрішке – 37,3%, минералды және ауыз суға – 19,8%, консервіленген сүтке – 18,4%, пастерленген сүтке – 15%, жаңа жиналған жемістер мен көкөністерге – 14,4%, майлылығы 2,5% айранға – 14,3%, тоқаш және ұннан дайындалатын өнімдерге – 13,6%, сары майға – 13,2%, жұмыртқаға 11,6% тіркелді. Бағаның төмендеуі қарақұмық жармасына – 20,9%, құмшекерге – 16,9%, күнбағыс майына 16,4% байқалды.

    Баға деңгейі жиһаз және үйге қажетті заттарға – 15,1%, жеке қолданылатын тауарларға – 14,1%, ыдысқа – 12,6%, киім және аяқ киімге – 11,5%, жуғыш және тазалағыш құралдарға – 9,4%, құрылыс материалдарына 8% өсті. Дизель отыны – 17,5%, бензин – 13,6%, сұйытылған газ баллондағы 12,9% қымбаттады.

    Баға санаторийлер қызметтеріне – 15,5%, денсаулық сақтау қызметтеріне – 13%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары қызметтеріне – 12,7%, кешенді демалыстарды ұйымдастыру қызметтеріне – 12,2%, демалыс және спорттық іс-шаралар саласындағы қызметтерге – 12,1%, білім беру қызметтеріне – 9,7%, қоғамдық тамақтандыру қызметтеріне 8,6% жоғарылады. Жолаушылар әуе көлігі қызметтері – 27,5%, теміржол көлігі қызметтері 8% қымбаттады.

    Тарифтер қоқыс шығаруға – 36,3%, су бұруға – 29,1%, орталықтан жылытуға – 25,6%, суық суға – 22,3%, ыстық суға – 20,2%, электр энергиясына – 16,7%, тұрғын үйді күтіп ұстауға 8,1% өсті.

    Өңірлер бөлінісінде 2023 жылғы қарашада жылдық мәнде орташа республикалық деңгейден асатын он екі өңірлерде қалыптасты, олардың ішінен ең жоғары Қарағандыда (11,6%), Ақмола және Ұлытау облысында (11,2%-дан).

    Өңірлерде қараша айындағы жылдық инфляция, %
    2023 2022 2021
    Қазақстан Республикасы 10,3 19,6 8,7
    Абай 9,7 19,5
    Ақмола 11,2 21,0 9,0
    Ақтөбе 10,3 19,2 8,8
    Алматы 8,4 17,8 8,4
    Атырау 9,7 19,0 8,5
    Батыс Қазақстан 10,1 18,8 8,8
    Жамбыл 10,7 18,0 8,8
    Жетісу 10,7 19,2
    Қарағанды 11,6 20,2 8,9
    Қостанай 10,4 18,8 8,5
    Қызылорда 9,7 19,1 8,5
    Маңғыстау 10,4 23,8 9,4
    Павлодар 10,4 19,1 8,8
    Солтүстік Қазақстан 11,0 19,6 8,8
    Түркістан 11,0 19,0 9,0
    Ұлытау 11,2 20,3
    Шығыс Қазақстан 10,5 19,3 9,2
    Астана қаласы 9,2 22,6 8,6
    Алматы қаласы 10,5 19,5 8,6
    Шымкент қаласы 9,2 19,5 8,3
    Инфляцияның жылдық деңгейіне салым

    Инфляцияның жылдық деңгейіне ең үлкен үлес қосқан азық-түлік және алкогольсіз сусындар (3,6 пайыздық тармақ), тұрғын үй қызметтері (1,9 пайыздық тармақ), киім және аяқ киім (1,1 пайыздық тармақ).

    2022 жылғы қарашамен 2023 жылғы қараша аралығында Қазақстан Республикасындағы инфляциясына тауарлардың негізгі топтарының үлесі
    2023ж. қараша

    Өткен жылда баға нан өнімдері мен жармаларға – 11,8%, ет және ет өнімдеріне 7,3% жоғарылады және инфляцияға тиісінше 0,8 және 0,9 пайыздық тармақ негізгі үлес қосты. Жылдық инфляцияға алкоголсіз сусындар 12,6% қымбаттауы және 0,3 пайыздық тармақ, сүт өнімдері (12,4%) – 0,5 пайыздық тармақ, жемістер мен көкөністер (10,7%) – 0,6 пайыздық тармақ үлес қосты.

    ТКШ қызметтері бір жылда 13,2% қымбаттады, ал олардың инфляцияға үлесі 1,9 пайыздық тармақты құрады. 2023 жылғы қарашада орталықтан жылыту өткен жылғы қарашамен салыстырғанда 25,6% жоғары болды және жылдық инфляцияға 0,3 пайыздық тармақ, электрэнергия (16,7%) – 0,4 пайыздық тармақ, тұрғын үй-жайларды жөндеу және қызмет көрсету бойынша қызметтер (9,1%) – 0,2 пайыздық тармақ үлес қосты.

    2023 жылғы қарашадағы Қазақстан Республикасында жылдық инфляцияға жекелеген құрамдас бөліктерінің үлесі
    Тауарлар мен қызметтер Өсу қарқыны Баға өсіміне салым
    Азық-түлік тауарлар 9,2 3,855
    Нан өнімдері мен жармалар 11,8 0,845
    Ет және ет өнімдері 7,3 0,897
    Сүт өнімдері 12,4 0,469
    Жұмыртқа 11,6 0,132
    Май және тоң май -1,8 -0,041
    Жемістер мен көкөністер 10,7 0,584
    Қант -16,0 -0,139
    Алкогольсіз сусындар 12,6 0,272
    Азық-түлік емес тауарлар 9,9 2,929
    Киім 10,7 0,693
    Аяқ киім 13,1 0,404
    Жуғыш заттар 9,4 0,144
    Бензин 13,6 0,324
    Жеке қолдану тауарлар 14,1 0,417
    Ақылы қызметтер 12,0 3,461
    Тұрғын үй қызметтері, су, электрэнергиясы, газ және отынның басқа да түрлері 13,2 1,856
    тұрғын үйді күтіп ұстауға төлем 8,1 0,074
    тұрғын үйді жалға алу 7,0 0,176
    тұрғын үй жайларды жөндеу және қызмет көрсету 9,1 0,219
    суық су 22,3 0,120
    ыстық су 20,2 0,079
    қоқыс шығару 36,3 0,104
    суды бұру 29,1 0,067
    электрэнергия 16,7 0,387
    газ 10,0 0,126
    тарату желілері арқылы
    тасымалданатын газ
    9,4 0,096
    сұйытылған 12,9 0,030
    орталықтан жылыту 25,6 0,320
    қатты отын 10,1 0,172
    домофон 6,6 0,012
    Бір айда ақылы қызметтер бағасының деңгейі 1,7%, азық-түлік тауарларға – 0,7%, азық-түлік емес тауарларға – 0,5% өсті.
    Бір айдағы инфляция, %
    Қараша
    тауарлар мен қызметтер азық-түлік тауарлар азық-түлік емес тауарлар ақылы қызметтер
    2018 0,9 1,1 0,8 0,7
    2019 0,7 1,2 0,5 0,5
    2020 0,9 1,3 0,6 0,8
    2021 0,7 0,9 1,0 0,3
    2022 1,4 1,8 1,6 0,8
    2023 1,0 0,7 0,5 1,7
    Глоссарий

    Инфляция – бұл халық жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлар мен қызметтердің белгіленген тізіміне бағаның орташа деңгейінің уақыт бойынша өзгеруін сипаттайтын көрсеткіш.

    Салым – көрсеткіш бойынша пайыздық өзгерістің инфляцияның жалпы мәніне әсер ету.

    Әдіснамалық түсініктемелер

    Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағаларының индексі халық жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлар мен қызметтерге бағаның жалпы деңгейінің уақыт бойынша өзгеруін көрсетеді.

    Тұтыну бағаларының индексін есептеу екі көзден алынған ақпарат негізінде жүргізіледі:

    • осы мақсаттар үшін арнайы іріктелген сауда нүктелерінде және қызмет көрсету орындарында оларды тікелей тіркеу арқылы жиналған бағалардың өзгеруі туралы деректер;
    • халықтың нақты тұтыну шығыстарының құрылымы бөлігінде үй шаруашылықтарын зерттеу материалдары.

    Бағалардың өзгеруі туралы ақпарат жинау қалалар мен аудан орталықтарының іріктемелі тобы бойынша, барлық облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада жүзеге асырылады. Сауда және қызмет көрсету саласының базалық кәсіпорындарын таңдау жергілікті жерлерде жүзеге асырылады. Зерттеуге әртүрлі сауда жағдайлары бар және жаппай сұранысқа ие тауарларды (қызметтерді) үнемі өткізетін кәсіпорындар ұсынылуы үшін сауданың және ақылы қызметтердің барлық түрлерінің объектілері іріктеледі.

    Тұтыну бағаларын байқау және ТБИ есептеу үшін тауарлар мен қызметтер жиынтығы Қазақстанның барлық өңірлері үшін олардың бірыңғай іріктемесін білдіреді. Тауарлар мен қызметтердің тізімі 508 позициядан тұрады, оған халықтың тұтынуында ең көп үлес салмағын алатын ең өкілді түрлер кіреді.

    Бағалар туралы ақпарат жинауды баға тіркеушілері тауарды (көрсетілетін қызметті) өткізу орындарында тікелей жүргізеді. Тексеру жүргізілген күні төленген тауарлардың бағасы, салықтарды қоса алғанда, бірақ оларды жеткізгені үшін қосымша алымдарды қоспағанда тіркеледі.

    Шығаруға жауапты:
    Баға статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    Қ.Жақыпбекұлы
    Тел. +7 7172 749790
    Орындаушы:
    А.Макижанова
    Тел. +7 7172 749531
    E-mail: an.makizhanova@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
    Онлайн кеңесші