ҚҰРМЕТТІ ПАЙДАЛАНУШЫЛАР! Ұлттық статистика бюросының жаңа веб-сайтына қош келдіңіздер! 2021 жылға дейінгі статистикалық ақпарат бойынша мұрағат деректері old.stat.gov.kz сайтында қолжетімді.
Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    10,8%
    2023 жылғы қазанда Қазақстан Республикасындағы инфляция бір жылда баяулады және 10,8% құрады (2023 жылғы қыркүйекте – 11,8%), бір айда – 0,7% (өткен айда – 0,6%).
    10,4%
    Баға азық-түлік тауарларға бір жылда – 10,4% (2023 жылғы қыркүйекте – 11,4%), азық-түлік емес тауарларға – 11,1% (2023 жылғы қыркүйекте – 12,1%), ақылы қызметтерге 11% (2023 жылғы қыркүйекте – 11,9%) өсті.
    2021-2023 жылдардағы Қазақстан Республикасындағы жылдық инфляция
    2023ж. қазан
    Инфляция динамикасы

    Өткен жылғы қазанмен салыстырғанда бағаның өсуі қырыққабатқа 69,1%, жүзімге – 46,7%, күрішке – 40,3%, апельсинге – 28,1%, сәбізге – 22,4%, консервіленген сүтке – 22%, минералды суға – 21,1%, газдалмаған сусындарға – 21%, пастерленген сүтке – 17,2%, майлылығы 2,5% айранға – 16,3%, қаймаққа – 15,6%, тоқаш және ұннан дайындалатын өнімдерге – 14,6%. Бағаның төмендеуі қарақұмық жармасына – 20,1%, күнбағыс майына – 16,2%, құмшекерге 16% байқалды.

    Баға деңгейі жеке қолданылатын тауарларға – 16,6%, жиһаз және үйге қажетті заттарға – 15,2%, жуғыш және тазалағыш құралдарға – 13,9%, ыдысқа – 13,7%, киім және аяқ киімге – 12%, құрылыс материалдарына 8,4% өсті. Дизель отыны – 35,1%, бензин – 13,6%, сұйытылған газ баллондағы 12,8% қымбаттады.

    Баға санаторийлер қызметтеріне – 15,7%, кешенді демалыстарды ұйымдастыру қызметтеріне, денсаулық сақтау қызметтеріне – 14,3%-дан, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары қызметтеріне – 14,2%, демалыс және спорттық іс-шаралар саласындағы қызметтерге – 13,9%, қоғамдық тамақтандыру қызметтеріне – 11,3%, білім беру қызметтеріне 10,1% жоғарылады. Жолаушылар темір және әуе жол көліктерінің қызметтері 7,9%-дан қымбаттады.

    Тарифтер қоқыс шығаруға – 32%, су бұруға – 27,6%, ыстық суға – 16,9%, суық суға – 16,4%, электр энергиясына – 12,3%, орталықтан жылытуға – 10,1%, тұрғын үйді күтіп ұстауға 9% өсті.

    Өңірлер бөлінісінде 2023 жылғы қазанда жылдық мәнде орташа республикалық деңгейден асатын тоғыз өңірлерде қалыптасты, олардың ішінен ең жоғары Ақмолада (12,7%), Солтүстік Қазақстанда (12,1%), Жетісу облысында (11,7%).

    Өңірлерде қазан айындағы жылдық инфляция, %
      2023 2022 2021
    Қазақстан Республикасы 10,8 18,8 8,9
    Абай 9,7 19,5
    Ақмола 12,7 19,9 9,0
    Ақтөбе 10,5 18,4 9,2
    Алматы 9,1 16,9 8,5
    Атырау 10,6 17,7 9,2
    Батыс Қазақстан 10,4 18,4 8,6
    Жамбыл 11,3 16,8 9,0
    Жетісу 11,7 18,4
    Қарағанды 11,4 19,4 9,6
    Қостанай 10,7 18,5 8,6
    Қызылорда 10,3 18,3 8,8
    Маңғыстау 10,3 22,7 9,9
    Павлодар 10,6 18,1 8,7
    Солтүстік Қазақстан 12,1 18,6 8,7
    Түркістан 11,2 17,7 9,6
    Ұлытау 11,4 19,6
    Шығыс Қазақстан 10,9 19,0 8,8
    Астана қаласы 9,9 21,8 8,6
    Алматы қаласы 11,1 18,8 8,8
    Шымкент қаласы 9,7 18,5 8,6
    Инфляцияның жылдық деңгейіне салым

    Инфляцияның жылдық деңгейіне ең үлкен үлес қосқан азық-түлік және алкогольсіз сусындар (4 пайыздық тармақ), тұрғын үй қызметтері (1,5 пайыздық тармақ), киім және аяқ киім (1,1 пайыздық тармақ).

    2022 жылғы қазанмен 2023 жылғы қазан аралығында Қазақстан Республикасындағы инфляциясына тауарлардың негізгі топтарының үлесі.
    2023ж. қазан

    Өткен жылда баға нан өнімдері мен жармаларға – 12,6%, ет және ет өнімдеріне – 7,7% жоғарылады және инфляцияға тиісінше 0,9 және 1 пайыздық тармақ негізгі үлес қосты. Жылдық инфляцияға сүт өнімдері 14,6% қымбаттауы 0,6 пайыздық тармақ, алкоголсіз сусындар (14%) – 0,3 пайыздық тармақ, жемістер мен көкөністер (13,7%) – 0,7 пайыздық тармақ үлес қосты.

    ТКШ қызметтері бір жылда 10,3% қымбаттады және олардың инфляцияға үлесі 1,5 пайыздық тармақты құрады. 2023 жылғы қазанда электрэнергия өткен жылғы қазанмен салыстырғанда 12,3% жоғары болды және жылдық инфляцияға 0,3 пайыздық тармақ, тұрғын үй-жайларды жөндеу және қызмет көрсету бойынша қызметтер (9,6%) – 0,2 пайыздық тармақ үлес қосты.

    2023 жылғы қазандағы Қазақстан Республикасында жылдық инфляцияға жекелеген құрамдас бөліктерінің үлесі
    Тауарлар мен қызметтер Өсу қарқыны Баға өсіміне салым
    Азық-түлік тауарлар 10,4 4,301
    Нан өнімдері мен жармалар 12,6 0,903
    Ет және ет өнімдері 7,7 0,949
    Сүт өнімдері 14,6 0,551
    Жұмыртқа 12,8 0,145
    Май және тоң май -1,3 -0,027
    Жемістер мен көкөністер 13,7 0,702
    Қант -15,1 -0,131
    Алкогольсіз сусындар 14,0 0,303
    Азық-түлік емес тауарлар 11,1 3,241
    Киім 11,4 0,727
    Аяқ киім 13,4 0,409
    Жуғыш заттар 13,9 0,214
    Бензин 13,6 0,324
    Жеке қолдану тауарлар 16,6 0,489
    Ақылы қызметтер 11,0 3,218
    Тұрғын үй қызметтері, су, электрэнергиясы, газ және отынның басқа да түрлері 10,3 1,489
    тұрғын үйді күтіп ұстауға төлем 9,0 0,083
    тұрғын үйді жалға алу 4,5 0,112
    тұрғын үй жайларды жөндеу және қызмет көрсету 9,6 0,233
    суық су 16,4 0,089
    ыстық су 16,9 0,066
    қоқыс шығару 32,0 0,092
    суды бұру 27,6 0,064
    электрэнергия 12,3 0,284
    газ 10,4 0,131
     тарату желілері арқылы
     тасымалданатын газ
    9,9 0,101
     сұйытылған 12,8 0,030
    орталықтан жылыту 10,1 0,126
    қатты отын 11,6 0,197
    домофон 6,5 0,012
    Бір айда баға деңгейі ақылы қызметтер және азық-түлік емес тауарларға 0,8%-дан, азық-түлік тауарларға – 0,5% өсті.
    Бір айдағы инфляция, %
      Қазан
    тауарлар мен қызметтер азық-түлік тауарлар азық-түлік емес тауарлар ақылы қызметтер
    2018 0,4 0,3 0,7 0,2
    2019 0,6 0,9 0,5 0,2
    2020 0,6 0,8 0,6 0,4
    2021 0,7 0,7 1,0 0,5
    2022 1,6 1,4 1,7 1,7
    2023 0,7 0,5 0,8 0,8
    Глоссарий

    Инфляция – бұл халық жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлар мен қызметтердің белгіленген тізіміне бағаның орташа деңгейінің уақыт бойынша өзгеруін сипаттайтын көрсеткіш.

    Салым – көрсеткіш бойынша пайыздық өзгерістің инфляцияның жалпы мәніне әсер ету.

    Әдіснамалық түсініктемелер

    Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағаларының индексі халық жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлар мен қызметтерге бағаның жалпы деңгейінің уақыт бойынша өзгеруін көрсетеді.

    Тұтыну бағаларының индексін есептеу екі көзден алынған ақпарат негізінде жүргізіледі:

    • осы мақсаттар үшін арнайы іріктелген сауда нүктелерінде және қызмет көрсету орындарында оларды тікелей тіркеу арқылы жиналған бағалардың өзгеруі туралы деректер;
    • халықтың нақты тұтыну шығыстарының құрылымы бөлігінде үй шаруашылықтарын зерттеу материалдары.

    Бағалардың өзгеруі туралы ақпарат жинау қалалар мен аудан орталықтарының іріктемелі тобы бойынша, барлық облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада жүзеге асырылады. Сауда және қызмет көрсету саласының базалық кәсіпорындарын таңдау жергілікті жерлерде жүзеге асырылады. Зерттеуге әртүрлі сауда жағдайлары бар және жаппай сұранысқа ие тауарларды (қызметтерді) үнемі өткізетін кәсіпорындар ұсынылуы үшін сауданың және ақылы қызметтердің барлық түрлерінің объектілері іріктеледі.

    Тұтыну бағаларын байқау және ТБИ есептеу үшін тауарлар мен қызметтер жиынтығы Қазақстанның барлық өңірлері үшін олардың бірыңғай іріктемесін білдіреді. Тауарлар мен қызметтердің тізімі 508 позициядан тұрады, оған халықтың тұтынуында ең көп үлес салмағын алатын ең өкілді түрлер кіреді.

    Бағалар туралы ақпарат жинауды баға тіркеушілері тауарды (көрсетілетін қызметті) өткізу орындарында тікелей жүргізеді. Тексеру жүргізілген күні төленген тауарлардың бағасы, салықтарды қоса алғанда, бірақ оларды жеткізгені үшін қосымша алымдарды қоспағанда тіркеледі.

    Шығаруға жауапты:
    Баға статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    Қ.Жақыпбекұлы
    Тел. +7 7172 749790
    Орындаушы:
    А.Макижанова
    Тел. +7 7172 749531
    E-mail: an.makizhanova@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
    Онлайн кеңесші