Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
    Түйінді тұстар
    9,3%
    Қазақстан Республикасындағы инфляция 2026 жылғы қыркүйек айында 9,3% (2026 жылғы тамызда – 9,8%), бір айда – 0,6% құрады (өткен айда – 0,6%).
    8,5%
    Баға азық-түлік тауарларға бір жылда – 8,5% (2026 жылғы тамызда – 9,5%), азық-түлік емес тауарларға 11% (2026 жылғы тамызда – 11,4%), ақылы қызметтерге – 8,9% (2026 жылғы тамызда – 8,9%) өсті.
    Өңірлердегі жылдық инфляция
    кезеңнің соңына, пайызбен, өсім
      2026 2025 2024
    Қазақстан Республикасы 9,3 12,9 8,3
    Абай 8,4 12,0 8,7
    Ақмола 11,2 13,4 8,4
    Ақтөбе 7,8 13,5 8,7
    Алматы 10,2 13,0 5,5
    Атырау 9,8 13,4 8,9
    Батыс Қазақстан 8,7 13,5 9,0
    Жамбыл 9,1 11,6 6,7
    Жетісу 10,6 12,3 8,1
    Қарағанды 7,7 14,9 8,8
    Қостанай 9,6 12,0 7,5
    Қызылорда 9,6 10,9 8,1
    Маңғыстау 8,3 12,1 9,8
    Павлодар 7,7 12,4 9,1
    Солтүстік Қазақстан 11,3 13,6 8,8
    Түркістан 10,4 12,3 7,7
    Ұлытау 9,8 14,4 6,3
    Шығыс Қазақстан 9,4 12,3 9,2
    Астана қаласы 10,2 13,4 10,3
    Алматы қаласы 8,4 13,2 8,3
    Шымкент қаласы 8,7 13,3 7,6
    Инфляцияның жылдық деңгейіне салым

    Инфляцияның жылдық деңгейіне ең үлкен үлесті азық-түлік және алкогольсіз сусындар (3,2 пайыздық тармақ), жеке күтім, әлеуметтік қорғау және басқа да тауарлар мен қызметтер, киім және аяқ киім (1 пайыздық тармақ) қосты.

    2026 жылғы қыркүйек айындағы Қазақстан Республикасында жылдық инфляцияға жекелеген құрамдас бөліктерінің үлесі
    Тауарлар мен қызметтер Өсу қарқыны Баға өсіміне салым
    Азық-түлік тауарлар 8,5 3,393
    Жармалар 4,3 0,021
    Нан және нан өнімдері 9,9 0,297
    Ет және құс 10,2 0,907
    Шұжық, ет өнімдері 13,2 0,443
    Ішетін сүт 8,4 0,115
    Ірімшік және сүзбе 9,7 0,166
    Қышқыл сүт өнімдері 11,2 0,150
    Жұмыртқа 8,4 0,101
    Май және тоң май 8,6 0,188
    Жемістер, жидектер мен жаңғақтар -1,2 -0,053
    Көкөністер -1,1 -0,023
    Қант 5,1 0,030
    Алкогольсіз сусындар 10,6 0,193
    Азық-түлік емес тауарлар 11,0 3,061
    Киім 10,6 0,620
    Аяқ киім 11,1 0,354
    Жуғыш заттар 11,1 0,152
    Бензин 10,1 0,337
    Жеке қолдану тауарлар 11,9 0,330
    Ақылы қызметтер 8,9 2,816
    Тұрғын үй қызметтері, су, электрэнергиясы, газ және отынның басқа да түрлері 6,3 0,647
    тұрғын үйді күтіп ұстау және қызмет көрсету 5,2 0,026
    тұрғын үйді жалға алу 19,3 0,315
    Тұрғын үй-жайларға қызмет көрсету, жөндеу және қәуіпсіздікті қамтамасыз ету 13,3 0,165
    суық су -41,0 -0,207
    ыстық су 3,5 0,009
    қоқыс шығару 3,3 0,009
    суды бұру -0,7 -0,001
    электрэнергия 2,3 0,032
    газ    
    тарату желілері арқылы тасымалданатын газ 20,0 0,146
    сұйытылған 9,0 0,015
    орталықтан жылыту 0,1 0,001
    қатты отын 5,2 0,030
    Лифт үшін төлем 6,6 0,010
    домофон 6,3 0,011
    Бір айда азық-түлік емес тауарлардың баға деңгейі 1,1%, ақылы қызметтердің бағасы – 1% өсті, ал азық-түлік тауарлары – 0,1% төмендеді.
    Бір айдағы инфляция
    пайызбен, өсім
      Қыркүйек
    тауарлар мен қызметтер азық-түлік тауарлар азық-түлік емес тауарлар ақылы қызметтер
    2022 1,8 1,2 1,9 2,7
    2023 0,6 0,3 0,6 0,9
    2024 0,4 0,0 0,6 1,0
    2025 1,1 0,9 1,5 1,0
    2026 0,6 -0,1 1,1 1,0
    Глоссарий

    Инфляция – бұл халық жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлар мен қызметтердің белгіленген тізіміне бағаның орташа деңгейінің уақыт бойынша өзгеруін сипаттайтын көрсеткіш.

    Салым – көрсеткіш бойынша пайыздық өзгерістің инфляцияның жалпы мәніне әсер ету шамасы.

    Әдіснамалық түсініктемелер

    Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағаларының индексі халық жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлар мен қызметтерге бағаның жалпы деңгейінің уақыт бойынша өзгеруін көрсетеді.

    Тұтыну бағаларының индексін есептеу екі көзден алынған ақпарат негізінде жүргізіледі:

    • - осы мақсаттар үшін арнайы іріктелген сауда нүктелерінде және қызмет көрсету орындарында оларды тікелей тіркеу арқылы жиналған бағалардың өзгеруі туралы деректер;
    • - халықтың нақты тұтыну шығыстарының құрылымы бөлігінде үй шаруашылықтарын зерттеу материалдары.

    Бағалардың өзгеруі туралы ақпарат жинау қалалар мен аудан орталықтарының іріктемелі тобы бойынша, барлық облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада жүзеге асырылады. Сауда және қызмет көрсету саласының базалық кәсіпорындарын таңдау жергілікті жерлерде жүзеге асырылады. Зерттеуге әртүрлі сауда жағдайлары бар және жаппай сұранысқа ие тауарларды (қызметтерді) үнемі өткізетін кәсіпорындар ұсынылуы үшін сауданың және ақылы қызметтердің барлық түрлерінің объектілері іріктеледі.

    Тұтыну бағаларын байқау және ТБИ есептеу үшін тауарлар мен қызметтер жиынтығы Қазақстанның барлық өңірлері үшін олардың бірыңғай іріктемесін білдіреді. Тауарлар мен қызметтердің тізімі 537 позициядан тұрады, оған халықтың тұтынуында ең көп үлес салмағын алатын ең өкілді түрлер кіреді.

    Бағалар туралы ақпарат жинауды баға тіркеушілері тауарды (көрсетілетін қызметті) өткізу орындарында тікелей жүргізеді. Тексеру жүргізілген күні төленген тауарлардың бағасы, салықтарды қоса алғанда, бірақ оларды жеткізгені үшін қосымша алымдарды қоспағанда тіркеледі.


    Шығаруға жауапты:
    Баға статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    Қ. Жақыпбекұлы
    (Департамент директорының м.а.)
    Тел. +7 7172 749057
    Орындаушы:
    А.Жанатов
    Тел. +7 7172 749265
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4 кіреберіс