Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
    Түйінді тұстар
    9,8%
    Қазақстан Республикасындағы инфляция 2026 жылғы тамыз айында 9,8% (2026 жылғы шілдеде – 10,2%), бір айда – 0,6% құрады (өткен айда – 0,6%).
    9,5%
    Баға азық-түлік тауарларға бір жылда – 9,5% (2026 жылғы шілдеде – 10,1%), азық-түлік емес тауарларға 11,4% (2026 жылғы шілдеде – 11,7%), ақылы қызметтерге– 8,9% (2026 жылғы шілдеде – 9,2%) өсті.
    Өңірлердегі жылдық инфляция
    кезеңнің соңына, пайызбен, өсім
      2026 2025 2024
    Қазақстан Республикасы 9,8 12,2 8,4
    Абай 9,3 12,0 8,1
    Ақмола 11,6 13,0 8,2
    Ақтөбе 9,2 12,5 8,6
    Алматы 10,7 11,9 5,2
    Атырау 10,2 12,8 9,4
    Батыс Қазақстан 9,1 12,4 9,0
    Жамбыл 10,0 10,4 7,4
    Жетісу 11,7 11,5 8,3
    Қарағанды 8,1 14,4 9,4
    Қостанай 9,9 11,1 7,8
    Қызылорда 10,0 11,0 7,7
    Маңғыстау 9,5 10,9 10,2
    Павлодар 9,0 11,0 9,6
    Солтүстік Қазақстан 12,0 12,6 9,1
    Түркістан 11,3 11,7 7,5
    Ұлытау 10,6 13,6 6,6
    Шығыс Қазақстан 9,5 11,7 9,2
    Астана қаласы 9,8 12,8 10,5
    Алматы қаласы 8,7 12,7 8,6
    Шымкент қаласы 10,4 12,0 7,5
    Инфляцияның жылдық деңгейіне салым

    Инфляцияның жылдық деңгейіне ең үлкен үлесті азық-түлік және алкогольсіз сусындар (3,6 пайыздық тармақ), жеке күтім, әлеуметтік қорғау және басқа да тауарлар мен қызметтер (1 пайыздық тармақ) қосты.

    2026 жылғы тамыз айындағы Қазақстан Республикасында жылдық инфляцияға жекелеген құрамдас бөліктерінің үлесі
    в процентах, прирост
    Тауарлар мен қызметтер Өсу қарқыны Баға өсіміне салым
    Азық-түлік тауарлар 9,5 3,817
    Жармалар 4,0 0,010
    Нан және нан өнімдері 9,5 0,297
    Ет және құс 12,9 1,154
    Шұжық, ет өнімдері 14,3 0,482
    Ішетін сүт 9,4 0,127
    Ірімшік және сүзбе 10,4 0,179
    Қышқыл сүт өнімдері 13,0 0,177
    Жұмыртқа 8,5 0,103
    Май және тоң май 9,6 0,210
    Жемістер, жидектер мен жаңғақтар -0,7 -0,017
    Көкөністер -2,5 -0,101
    Қант 6,6 0,039
    Алкогольсіз сусындар 12,4 0,227
    Азық-түлік емес тауарлар 11,4 3,192
    Киім 10,2 0,601
    Аяқ киім 10,8 0,343
    Жуғыш заттар 11,3 0,155
    Бензин 12,8 0,428
    Жеке қолдану тауарлар 13,1 0,367
    Ақылы қызметтер 8,9 2,818
    Тұрғын үй қызметтері, су, электрэнергиясы, газ және отынның басқа да түрлері 6,3 0,640
    тұрғын үйді күтіп ұстау және қызмет көрсету 5,6 0,028
    тұрғын үйді жалға алу 17,1 0,280
    Тұрғын үй-жайларға қызмет көрсету, жөндеу және қәуіпсіздікті қамтамасыз ету 13,1 0,163
    суық су -40,9 -0,208
    ыстық су 3,6 0,009
    қоқыс шығару 0,7 0,002
    суды бұру 1,5 0,003
    электрэнергия 4,0 0,057
    газ    
    тарату желілері арқылы тасымалданатын газ 20,0 0,147
    сұйытылған 9,4 0,016
    орталықтан жылыту 0,1 0,001
    қатты отын 6,7 0,051
    Лифт үшін төлем 6,4 0,010
    домофон 6,3 0,011
    Бір айда ақылы қызметтердің баға деңгейі 1,2%, азық-түлік емес тауарлардың бағасы – 0,8% өсті, ал азық-түлік тауарлары – 0,1% төмендеді.
    Бір айдағы инфляция
    пайызбен, өсім
      Тамыз
    тауарлар мен қызметтер азық-түлік тауарлар азық-түлік емес тауарлар ақылы қызметтер
    2022 1,4 1,0 1,8 1,6
    2023 0,7 0,0 0,5 1,9
    2024 0,6 0,0 0,8 1,1
    2025 1,0 0,5 1,0 1,4
    2026 0,6 -0,1 0,8 1,2
    Глоссарий

    Инфляция – бұл халық жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлар мен қызметтердің белгіленген тізіміне бағаның орташа деңгейінің уақыт бойынша өзгеруін сипаттайтын көрсеткіш.

    Салым – көрсеткіш бойынша пайыздық өзгерістің инфляцияның жалпы мәніне әсер ету.

    Әдіснамалық түсініктемелер

    Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағаларының индексі халық жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлар мен қызметтерге бағаның жалпы деңгейінің уақыт бойынша өзгеруін көрсетеді.

    Тұтыну бағаларының индексін есептеу екі көзден алынған ақпарат негізінде жүргізіледі:

    • -осы мақсаттар үшін арнайы іріктелген сауда нүктелерінде және қызмет көрсету орындарында оларды тікелей тіркеу арқылы жиналған бағалардың өзгеруі туралы деректер;
    • -халықтың нақты тұтыну шығыстарының құрылымы бөлігінде үй шаруашылықтарын зерттеу материалдары.

    Бағалардың өзгеруі туралы ақпарат жинау қалалар мен аудан орталықтарының іріктемелі тобы бойынша, барлық облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада жүзеге асырылады. Сауда және қызмет көрсету саласының базалық кәсіпорындарын таңдау жергілікті жерлерде жүзеге асырылады. Зерттеуге әртүрлі сауда жағдайлары бар және жаппай сұранысқа ие тауарларды (қызметтерді) үнемі өткізетін кәсіпорындар ұсынылуы үшін сауданың және ақылы қызметтердің барлық түрлерінің объектілері іріктеледі.

    Тұтыну бағаларын байқау және ТБИ есептеу үшін тауарлар мен қызметтер жиынтығы Қазақстанның барлық өңірлері үшін олардың бірыңғай іріктемесін білдіреді. Тауарлар мен қызметтердің тізімі 537 позициядан тұрады, оған халықтың тұтынуында ең көп үлес салмағын алатын ең өкілді түрлер кіреді.

    Бағалар туралы ақпарат жинауды баға тіркеушілері тауарды (көрсетілетін қызметті) өткізу орындарында тікелей жүргізеді. Тексеру жүргізілген күні төленген тауарлардың бағасы, салықтарды қоса алғанда, бірақ оларды жеткізгені үшін қосымша алымдарды қоспағанда тіркеледі.


    Шығаруға жауапты:
    Баға статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    Қ. Жақыпбекұлы
    (Департамент директорының м.а.)
    Тел. +7 7172 749057
    Орындаушы:
    А.Наурзбаева
    Тел. +7 7172 749265
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4 кіреберіс