Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
    Түйінді тұстар
    10,3%
    Қазақстан Республикасындағы инфляция 2026 жылғы маусым айында 10,3% (2026 жылғы мамырда – 10,4%), бір айда – 0,8% құрады (өткен айда – 0,7%).
    10,4%
    Баға азық-түлік тауарларға бір жылда – 10,4% (2026 жылғы мамырда – 10,7%), азық-түлік емес тауарларға 11,7% (2026 жылғы мамырда – 11,7%), ақылы қызметтерге– 9% (2026 жылғы мамырда – 8,7%) өсті.
    Өңірлердегі жылдық инфляция
    кезеңнің соңына, пайызбен, өсім
    2026 2025 2024
    Қазақстан Республикасы 10,3 11,8 8,4
    Абай 9,7 12,2 7,9
    Ақмола 12,1 12,2 9,2
    Ақтөбе 10,9 11,7 8,2
    Алматы 11,1 9,9 5,5
    Атырау 11,6 11,6 8,6
    Батыс Қазақстан 10,1 12,1 8,2
    Жамбыл 10,1 10,4 7,2
    Жетісу 12,2 10,4 8,6
    Қарағанды 9,1 13,5 10,8
    Қостанай 10,3 10,4 8,1
    Қызылорда 10,4 11,1 7,0
    Маңғыстау 11,2 9,6 10,3
    Павлодар 10,5 9,9 9,1
    Солтүстік Қазақстан 13,2 11,6 8,9
    Түркістан 10,7 11,7 6,7
    Ұлытау 13,3 11,5 6,9
    Шығыс Қазақстан 10,1 12,0 8,9
    Астана қаласы 9,8 13,1 10,1
    Алматы қаласы 9,0 13,8 8,4
    Шымкент қаласы 10,3 10,7 7,8
    Инфляцияның жылдық деңгейіне салым

    Инфляцияның жылдық деңгейіне ең үлкен үлесті азық-түлік және алкогольсіз сусындар (4,2 пайыздық тармақ), киім және аяқ киім, жеке күтім, әлеуметтік қорғау және басқа да тауарлар мен қызметтер (1 пайыздық тармақ) қосты.

    2026 жылғы маусым айындағы Қазақстан Республикасында жылдық инфляцияға жекелеген құрамдас бөліктерінің үлесі
    пайызбен, өсім
    Тауарлар мен қызметтер Өсу қарқыны Баға өсіміне салым
    Азық-түлік тауарлар 10,4 4,354
    Жармалар 5,0 0,001
    Нан және нан өнімдері 8,8 0,281
    Ет және құс 17,6 1,555
    Шұжық, ет өнімдері 16,3 0,542
    Ішетін сүт 10,9 0,145
    Ірімшік және сүзбе 11,0 0,189
    Қышқыл сүт өнімдері 13,3 0,180
    Жұмыртқа 15,3 0,183
    Май және тоң май 10,7 0,236
    Жемістер, жидектер мен жаңғақтар 1,5 0,078
    Көкөністер -11,9 -0,277
    Қант 3,5 0,020
    Алкогольсіз сусындар 13,8 0,250
    Азық-түлік емес тауарлар 11,7 3,246
    Киім 10,6 0,619
    Аяқ киім 11,4 0,359
    Жуғыш заттар 11,1 0,151
    Бензин 15,6 0,513
    Жеке қолдану тауарлар 13,4 0,375
    Ақылы қызметтер 9,0 2,745
    Тұрғын үй қызметтері, су, электрэнергиясы, газ және отынның басқа да түрлері 5,1 0,559
    тұрғын үйді күтіп ұстау және қызмет көрсету 5,0 0,025
    тұрғын үйді жалға алу 13,9 0,225
    Тұрғын үй-жайларға қызмет көрсету, жөндеу және қәуіпсіздікті қамтамасыз ету 11,5 0,145
    суық су -40,8 -0,205
    ыстық су 4,2 0,010
    қоқыс шығару -0,8 -0,002
    суды бұру 3,3 0,006
    электрэнергия 5,5 0,078
    газ
    тарату желілері арқылы тасымалданатын газ 14,8 0,108
    сұйытылған 16,0 0,026
    орталықтан жылыту 0,1 0,001
    қатты отын 7,6 0,057
    Лифт үшін төлем домофон 6,3 0,010
    5,2 0,009
    Бір айда ақылы қызметтер бағалар деңгейі 1,1%, азық-түлік емес тауарлар – 0,9%, азық-түлік тауарлары – 0,6% өсті.
    Бір айдағы инфляция
    пайызбен, өсім
    Маусым
    тауарлар мен қызметтер азық-түлік тауарлар азық-түлік емес тауарлар ақылы қызметтер
    2022 1,6 1,9 1,9 0,8
    2023 0,5 0,2 0,7 0,6
    2024 0,4 0,0 0,6 0,6
    2025 0,8 0,9 0,9 0,8
    2026 0,8 0,6 0,9 1,1
    Глоссарий

    Инфляция – бұл халық жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлар мен қызметтердің белгіленген тізіміне бағаның орташа деңгейінің уақыт бойынша өзгеруін сипаттайтын көрсеткіш.

    Салым – көрсеткіш бойынша пайыздық өзгерістің инфляцияның жалпы мәніне әсер ету.

    Әдіснамалық түсініктемелер

    Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағаларының индексі халық жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлар мен қызметтерге бағаның жалпы деңгейінің уақыт бойынша өзгеруін көрсетеді.

    Тұтыну бағаларының индексін есептеу екі көзден алынған ақпарат негізінде жүргізіледі:

    • осы мақсаттар үшін арнайы іріктелген сауда нүктелерінде және қызмет көрсету орындарында оларды тікелей тіркеу арқылы жиналған бағалардың өзгеруі туралы деректер;
    • халықтың нақты тұтыну шығыстарының құрылымы бөлігінде үй шаруашылықтарын зерттеу материалдары.

    Бағалардың өзгеруі туралы ақпарат жинау қалалар мен аудан орталықтарының іріктемелі тобы бойынша, барлық облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада жүзеге асырылады. Сауда және қызмет көрсету саласының базалық кәсіпорындарын таңдау жергілікті жерлерде жүзеге асырылады. Зерттеуге әртүрлі сауда жағдайлары бар және жаппай сұранысқа ие тауарларды (қызметтерді) үнемі өткізетін кәсіпорындар ұсынылуы үшін сауданың және ақылы қызметтердің барлық түрлерінің объектілері іріктеледі.

    Тұтыну бағаларын байқау және ТБИ есептеу үшін тауарлар мен қызметтер жиынтығы Қазақстанның барлық өңірлері үшін олардың бірыңғай іріктемесін білдіреді. Тауарлар мен қызметтердің тізімі 537 позициядан тұрады, оған халықтың тұтынуында ең көп үлес салмағын алатын ең өкілді түрлер кіреді.

    Бағалар туралы ақпарат жинауды баға тіркеушілері тауарды (көрсетілетін қызметті) өткізу орындарында тікелей жүргізеді. Тексеру жүргізілген күні төленген тауарлардың бағасы, салықтарды қоса алғанда, бірақ оларды жеткізгені үшін қосымша алымдарды қоспағанда тіркеледі.


    Шығаруға жауапты:
    Баға статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    Қ. Жақыпбекұлы
    (Департамент директорының м.а.)
    Тел. +7 7172 749494
    Орындаушы:
    А.Наурзбаева
    Тел. +7 7172 749265
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4 кіреберіс