Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
    Түйінді тұстар
    10,4%
    Қазақстан Республикасындағы инфляция 2026 жылғы мамыр айында 10,4% (2026 жылғы сәуірде – 10,6%), бір айда – 0,7% құрады (өткен айда – 0,8%).
    10,7%
    Баға азық-түлік тауарларға бір жылда – 10,7% (2026 жылғы сәуірде – 11,3%), азық-түлік емес тауарларға 11,7% (2026 жылғы сәуірде – 11,7%), ақылы қызметтерге– 8,7% (2026 жылғы наурызда – 8,9%) өсті.
    Өңірлердегі жылдық инфляция
    кезеңнің соңына, пайызбен, өсім
    2026 2025 2024
    Қазақстан Республикасы 10,4 11,3 8,5
    Абай 10,3 10,9 8,1
    Ақмола 12,6 11,8 8,7
    Ақтөбе 10,2 11,0 8,1
    Алматы 10,8 9,1 5,6
    Атырау 11,8 10,8 8,6
    Батыс Қазақстан 9,8 12,1 7,9
    Жамбыл 10,4 9,9 7,1
    Жетісу 10,9 9,8 8,7
    Қарағанды 9,4 12,7 10,5
    Қостанай 10,3 9,9 8,4
    Қызылорда 11,1 10,5 7,3
    Маңғыстау 11,4 10,0 10,2
    Павлодар 10,6 9,6 9,0
    Солтүстік Қазақстан 13,3 11,1 9,2
    Түркістан 11,5 11,2 6,5
    Ұлытау 13,3 11,1 7,5
    Шығыс Қазақстан 10,6 11,0 9,3
    Астана қаласы 9,4 12,8 10,4
    Алматы қаласы 9,0 13,0 9,0
    Шымкент қаласы 9,7 10,6 7,7
    Инфляцияның жылдық деңгейіне салым

    Инфляцияның жылдық деңгейіне ең үлкен үлесті азық-түлік және алкогольсіз сусындар (4,2 пайыздық тармақ), көлік, киім және аяқ киім, жеке күтім, әлеуметтік қорғау және басқа да тауарлар мен қызметтер (1 пайыздық тармақ) қосты.

    2026 жылғы мамыр айындағы Қазақстан Республикасында жылдық инфляцияға жекелеген құрамдас бөліктерінің үлесі
    пайызбен, өсім
    Тауарлар мен қызметтер Өсу қарқыны Баға өсіміне салым
    Азық-түлік тауарлар 10,7 4,412
    Жармалар 6,4 0,012
    Нан және нан өнімдері 8,2 0,268
    Ет және құс 18,0 1,569
    Шұжық, ет өнімдері 16,9 0,558
    Ішетін сүт 11,0 0,136
    Ірімшік және сүзбе 11,9 0,204
    Қышқыл сүт өнімдері 14,1 0,189
    Жұмыртқа 16,2 0,191
    Май және тоң май 11,6 0,254
    Жемістер, жидектер мен жаңғақтар 5,7 0,186
    Көкөністер -16,8 -0,416
    Қант 2,4 0,014
    Алкогольсіз сусындар 15,7 0,280
    Азық-түлік емес тауарлар 11,7 3,195
    Киім 10,2 0,590
    Аяқ киім 11,1 0,346
    Жуғыш заттар 10,9 0,146
    Бензин 16,0 0,522
    Жеке қолдану тауарлар 13,2 0,367
    Ақылы қызметтер 8,7 2,752
    Тұрғын үй қызметтері, су, электрэнергиясы, газ және отынның басқа да түрлері 5,6 0,601
    тұрғын үйді күтіп ұстау және қызмет көрсету 6,2 0,031
    тұрғын үйді жалға алу 13,3 0,214
    Тұрғын үй-жайларға қызмет көрсету, жөндеу және қәуіпсіздікті қамтамасыз ету 11,4 0,146
    суық су -38,8 -0,194
    ыстық су 1,5 0,004
    қоқыс шығару 1,3 0,004
    суды бұру 12,3 0,021
    электрэнергия 6,9 0,098
    газ
    тарату желілері арқылы тасымалданатын газ 15,0 0,108
    сұйытылған 15,5 0,025
    орталықтан жылыту 0,1 0,001
    қатты отын 7,5 0,056
    Лифт үшін төлем 8,1 0,013
    домофон 7,2 0,012
    Бір айда ақылы қызметтер бағалар деңгейі 1,1%, азық-түлік емес тауарлар – 0,6%, азық-түлік тауарлары – 0,4% өсті.
    Бір айдағы инфляция
    пайызбен, өсім
    Мамыр
    тауарлар мен қызметтер азық-түлік тауарлар азық-түлік емес тауарлар ақылы қызметтер
    2022 1,4 1,7 1,4 0,8
    2023 0,6 0,5 0,5 0,7
    2024 0,4 -0,2 0,5 1,0
    2025 0,9 0,9 0,6 1,3
    2026 0,7 0,4 0,6 1,1
    Глоссарий

    Инфляция – бұл халық жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлар мен қызметтердің белгіленген тізіміне бағаның орташа деңгейінің уақыт бойынша өзгеруін сипаттайтын көрсеткіш.

    Салым – көрсеткіш бойынша пайыздық өзгерістің инфляцияның жалпы мәніне әсер ету.

    Әдіснамалық түсініктемелер

    Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағаларының индексі халық жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлар мен қызметтерге бағаның жалпы деңгейінің уақыт бойынша өзгеруін көрсетеді.

    Тұтыну бағаларының индексін есептеу екі көзден алынған ақпарат негізінде жүргізіледі:

    • осы мақсаттар үшін арнайы іріктелген сауда нүктелерінде және қызмет көрсету орындарында оларды тікелей тіркеу арқылы жиналған бағалардың өзгеруі туралы деректер;
    • халықтың нақты тұтыну шығыстарының құрылымы бөлігінде үй шаруашылықтарын зерттеу материалдары.

    Бағалардың өзгеруі туралы ақпарат жинау қалалар мен аудан орталықтарының іріктемелі тобы бойынша, барлық облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада жүзеге асырылады. Сауда және қызмет көрсету саласының базалық кәсіпорындарын таңдау жергілікті жерлерде жүзеге асырылады. Зерттеуге әртүрлі сауда жағдайлары бар және жаппай сұранысқа ие тауарларды (қызметтерді) үнемі өткізетін кәсіпорындар ұсынылуы үшін сауданың және ақылы қызметтердің барлық түрлерінің объектілері іріктеледі.

    Тұтыну бағаларын байқау және ТБИ есептеу үшін тауарлар мен қызметтер жиынтығы Қазақстанның барлық өңірлері үшін олардың бірыңғай іріктемесін білдіреді. Тауарлар мен қызметтердің тізімі 537 позициядан тұрады, оған халықтың тұтынуында ең көп үлес салмағын алатын ең өкілді түрлер кіреді.

    Бағалар туралы ақпарат жинауды баға тіркеушілері тауарды (көрсетілетін қызметті) өткізу орындарында тікелей жүргізеді. Тексеру жүргізілген күні төленген тауарлардың бағасы, салықтарды қоса алғанда, бірақ оларды жеткізгені үшін қосымша алымдарды қоспағанда тіркеледі.

    Шығаруға жауапты:
    Баға статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    Т. Демешева
    Тел. +7 7172 749057
    Орындаушы:
    С.Құсайын
    Тел. +7 7172 749265
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4 кіреберіс