Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
    Түйінді тұстар
    10,6%
    Қазақстан Республикасындағы инфляция 2026 жылғы сәуір айында 10,6% (2026 жылғы наурызда – 11%), бір айда – 0,8% құрады (өткен айда – 0,6%).
    11,3%
    Баға азық-түлік тауарларға бір жылда – 11,3% (2026 жылғы наурызда – 11,7%), азық-түлік емес тауарларға 11,7% (2026 жылғы наурызда – 11,3%), ақылы қызметтерге– 8,9% (2026 жылғы наурызда – 10%) өсті.
    Өңірлердегі жылдық инфляция
    кезеңнің соңына, пайызбен, өсім
      2026 2025 2024
    Қазақстан Республикасы 10,6 10,7 8,7
    Абай 10,8 10,4 8,1
    Ақмола 12,7 11,8 9,0
    Ақтөбе 10,6 10,1 8,6
    Алматы 10,8 8,5 6,2
    Атырау 11,9 10,2 8,9
    Батыс Қазақстан 10,9 11,2 8,1
    Жамбыл 10,9 8,8 8,1
    Жетісу 11,8 8,7 9,3
    Қарағанды 9,1 12,8 10,6
    Қостанай 10,8 9,4 8,4
    Қызылорда 11,3 9,7 7,9
    Маңғыстау 11,4 10,1 10,5
    Павлодар 12,0 7,6 9,0
    Солтүстік Қазақстан 13,4 10,6 9,5
    Түркістан 11,4 10,5 7,1
    Ұлытау 12,9 10,6 8,2
    Шығыс Қазақстан 10,6 10,5 9,6
    Астана қаласы 8,8 13,8 9,5
    Алматы қаласы 9,9 11,6 9,1
    Шымкент қаласы 10,4 9,7 8,8
    Инфляцияның жылдық деңгейіне салым

    Инфляцияның жылдық деңгейіне ең үлкен үлесті азық-түлік және алкогольсіз сусындар (4,5 пайыздық тармақ), көлік (1,1 пайыздық тармақ), жеке күтім, әлеуметтік қорғау және басқа да тауарлар мен қызметтер (1 пайыздық тармақ) қосты.

    2026 жылғы сәуір айындағы Қазақстан Республикасында жылдық инфляцияға жекелеген құрамдас бөліктерінің үлесі
    пайызбен, өсім
    Тауарлар мен қызметтер Өсу қарқыны Баға өсіміне салым
    Азық-түлік тауарлар 11,3 4,652
    Жармалар 7,2 0,007
    Нан және нан өнімдері 9,0 0,279
    Ет және құс 18,4 1,613
    Шұжық, ет өнімдері 17,0 0,570
    Ішетін сүт 10,9 0,132
    Ірімшік және сүзбе 13,0 0,224
    Қышқыл сүт өнімдері 14,8 0,201
    Жұмыртқа 12,7 0,152
    Май және тоң май 12,3 0,270
    Жемістер, жидектер мен жаңғақтар 7,5 0,244
    Көкөністер -15,1 -0,377
    Қант 4,3 0,025
    Алкогольсіз сусындар 17,2 0,308
    Азық-түлік емес тауарлар 11,7 3,171
    Киім 10,0 0,589
    Аяқ киім 10,9 0,344
    Жуғыш заттар 10,5 0,142
    Бензин 16,1 0,530
    Жеке қолдану тауарлар 13,7 0,385
    Ақылы қызметтер 8,9 2,824
    Тұрғын үй қызметтері, су, электрэнергиясы, газ және отынның басқа да түрлері 5,3 0,579
    тұрғын үйді күтіп ұстау және қызмет көрсету 5,6 0,028
    тұрғын үйді жалға алу 12,1 0,196
    Тұрғын үй-жайларға қызмет көрсету, жөндеу және қәуіпсіздікті қамтамасыз ету 9,1 0,199
    Суық су -38,3 -0,192
    Ыстық су -1,2 -0,003
    Қоқыс шығару 1,3 0,004
    Суды бұру 8,9 0,016
    Электрэнергия 8,5 0,120
    Газ    
    тарату желілері арқылы тасымалданатын газ 16,6 0,121
    сұйытылған 15,4 0,025
    Орталықтан жылыту -1,9 -0,013
    Қатты отын 7,3 0,055
    Лифт үшін төлем 6,6 0,010
    Домофон 7,3 0,012
    Бір айда азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтер бағалар деңгейі 0,9%-ға, азық-түлік тауарлары – 0,7%-ға өсті.
    Бір айдағы инфляция
    пайызбен, өсім
      Сәуір
    тауарлар мен қызметтер азық-түлік тауарлар азық-түлік емес тауарлар ақылы қызметтер
    2022 2,0 3,1 1,2 1,0
    2023 0,9 0,9 1,3 0,4
    2024 0,6 0,3 0,7 0,7
    2025 1,2 1,1 0,6 1,9
    2026 0,8 0,7 0,9 0,9
    Глоссарий

    Инфляция – бұл халық жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлар мен қызметтердің белгіленген тізіміне бағаның орташа деңгейінің уақыт бойынша өзгеруін сипаттайтын көрсеткіш.

    Салым – көрсеткіш бойынша пайыздық өзгерістің инфляцияның жалпы мәніне әсер ету.

    Әдіснамалық түсініктемелер

    Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағаларының индексі халық жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлар мен қызметтерге бағаның жалпы деңгейінің уақыт бойынша өзгеруін көрсетеді.

    Тұтыну бағаларының индексін есептеу екі көзден алынған ақпарат негізінде жүргізіледі:

    • осы мақсаттар үшін арнайы іріктелген сауда нүктелерінде және қызмет көрсету орындарында оларды тікелей тіркеу арқылы жиналған бағалардың өзгеруі туралы деректер;
    • халықтың нақты тұтыну шығыстарының құрылымы бөлігінде үй шаруашылықтарын зерттеу материалдары.

    Бағалардың өзгеруі туралы ақпарат жинау қалалар мен аудан орталықтарының іріктемелі тобы бойынша, барлық облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада жүзеге асырылады. Сауда және қызмет көрсету саласының базалық кәсіпорындарын таңдау жергілікті жерлерде жүзеге асырылады. Зерттеуге әртүрлі сауда жағдайлары бар және жаппай сұранысқа ие тауарларды (қызметтерді) үнемі өткізетін кәсіпорындар ұсынылуы үшін сауданың және ақылы қызметтердің барлық түрлерінің объектілері іріктеледі.

    Тұтыну бағаларын байқау және ТБИ есептеу үшін тауарлар мен қызметтер жиынтығы Қазақстанның барлық өңірлері үшін олардың бірыңғай іріктемесін білдіреді. Тауарлар мен қызметтердің тізімі 537 позициядан тұрады, оған халықтың тұтынуында ең көп үлес салмағын алатын ең өкілді түрлер кіреді.

    Бағалар туралы ақпарат жинауды баға тіркеушілері тауарды (көрсетілетін қызметті) өткізу орындарында тікелей жүргізеді. Тексеру жүргізілген күні төленген тауарлардың бағасы, салықтарды қоса алғанда, бірақ оларды жеткізгені үшін қосымша алымдарды қоспағанда тіркеледі.

    Шығаруға жауапты:
    Баға статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    Қ.Жақыпбекұлы
    (Департамент директорының м.а.)
    Тел. +7 7172 749494
    Орындаушы:
    С.Құсайын
    Тел. +7 7172 749265
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4 кіреберіс