Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
    Түйінді тұстар
    12,3%
    Қазақстан Республикасындағы инфляция 2025 жыл 12,3% (2024 жылы – 8,6%), бір айда – 0,9% құрады (өткен айда – 0,8%).
    13,5%
    Баға азық-түлік тауарларға бір жылда – 13,5% (2024 жылы – 5,5%), ақылы қызметтерге– 12% (2024 жылы – 13,3%), азық-түлік емес тауарларға 11,1% (2024 жылы – 8,3%) өсті.
    Өңірлердегі жылдық инфляция
    кезеңнің соңына, пайызбен, өсім
      2025 2024 2023
    Қазақстан Республикасы 12,3 8,6 9,8
    Абай 11,8 9,0 9,7
    Ақмола 13,6 9,3 10,7
    Ақтөбе 12,7 8,7 9,3
    Алматы 11,9 6,6 8,4
    Атырау 13,5 8,1 9,6
    Батыс Қазақстан 11,8 8,7 9,2
    Жамбыл 11,8 7,0 9,2
    Жетісу 12,2 8,4 10,0
    Қарағанды 13,1 9,6 11,1
    Қостанай 11,7 7,7 9,3
    Қызылорда 12,0 8,1 8,8
    Маңғыстау 11,9 9,2 10,6
    Павлодар 13,4 7,7 9,3
    Солтүстік Қазақстан 14,2 9,3 10,5
    Түркістан 12,4 7,5 10,2
    Ұлытау 13,4 7,7 10,5
    Шығыс Қазақстан 12,4 8,8 10,1
    Астана қаласы 12,2 10,7 9,1
    Алматы қаласы 11,7 9,2 10,2
    Шымкент қаласы 12,0 7,4 9,5
    Инфляцияның жылдық деңгейіне салым

    Инфляцияның жылдық деңгейіне ең үлкен үлесті азық-түлік және алкогольсіз сусындар (5,2 пайыздық тармақ), денсаулық сақтау қызметтері (1,5 пайыздық тармақ), тұрғын үй қызметтері (1,2 пайыздық тармақ) қосты.

    2025 жылы Қазақстан Республикасында жылдық инфляцияға жекелеген құрамдас бөліктерінің үлесі
    кезеңнің соңына
    Тауарлар мен қызметтер Өсу қарқыны, пайызбен Баға өсіміне салым, пайыздық тармаққа
    Азық-түлік тауарлар 13,5 5,441
    Нан өнімдері мен жармалар 6,4 0,465
    Ет және ет өнімдері 22,6 2,545
    Сүт өнімдері 11,2 0,458
    Жұмыртқа 2,9 0,039
    Май және тоң май 14,5 0,327
    Жемістер мен көкөністер 7,8 0,440
    Қант 6,7 0,062
    Алкогольсіз сусындар 16,3 0,315
    Азық-түлік емес тауарлар 11,1 3,290
    Киім 10,5 0,629
    Аяқ киім 11,3 0,337
    Жуғыш заттар 6,8 0,103
    Бензин 15,7 0,738
    Жеке қолдану тауарлар 9,4 0,285
    Ақылы қызметтер 12,0 3,585
    Тұрғын үй қызметтері, су, электрэнергиясы, газ және отынның басқа да түрлері 9,3 1,223
    тұрғын үйді күтіп ұстауға төлем 10,8 0,057
    тұрғын үйді жалға алу 14,8 0,416
    тұрғын үй жайларды жөндеу және қызмет көрсету 8,2 0,209
    суық су -13,1 0,095
    ыстық су 4,8 0,011
    қоқыс шығару 8,5 0,026
    суды бұру 18,7 0,038
    электрэнергия 8,0 0,108
    газ 15,3 0,151
       тарату желілері арқылы
       тасымалданатын газ
    13,8 0,123
       сұйытылған 23,2 0,028
    орталықтан жылыту 5,8 0,052
    қатты отын 7,8 0,050
    домофон 15,3 0,010
    Бір айда азық-түлік тауарлар бағасының деңгейі – 1%, азық-түлік емес тауарлар – 0,9%, ақылы қызметтер 0,3% өсті.
    Бір айдағы инфляция
    пайызбен, өсім
      Желтоқсан
    тауарлар мен қызметтер азық-түлік тауарлар азық-түлік емес тауарлар ақылы қызметтер
    2020 0,6 0,6 0,7 0,5
    2021 1,2 1,6 1,3 0,5
    2022 0,8 0,9 0,5 0,8
    2023 0,9 1,1 0,8 0,8
    2024 0,9 1,2 0,7 0,6
    Глоссарий

    Инфляция – бұл халық жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлар мен қызметтердің белгіленген тізіміне бағаның орташа деңгейінің уақыт бойынша өзгеруін сипаттайтын көрсеткіш.

    Салым – көрсеткіш бойынша пайыздық өзгерістің инфляцияның жалпы мәніне әсер ету.

    Әдіснамалық түсініктемелер

    Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағаларының индексі халық жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлар мен қызметтерге бағаның жалпы деңгейінің уақыт бойынша өзгеруін көрсетеді.

    Тұтыну бағаларының индексін есептеу екі көзден алынған ақпарат негізінде жүргізіледі:

    • осы мақсаттар үшін арнайы іріктелген сауда нүктелерінде және қызмет көрсету орындарында оларды тікелей тіркеу арқылы жиналған бағалардың өзгеруі туралы деректер;
    • халықтың нақты тұтыну шығыстарының құрылымы бөлігінде үй шаруашылықтарын зерттеу материалдары.

    Бағалардың өзгеруі туралы ақпарат жинау қалалар мен аудан орталықтарының іріктемелі тобы бойынша, барлық облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада жүзеге асырылады. Сауда және қызмет көрсету саласының базалық кәсіпорындарын таңдау жергілікті жерлерде жүзеге асырылады. Зерттеуге әртүрлі сауда жағдайлары бар және жаппай сұранысқа ие тауарларды (қызметтерді) үнемі өткізетін кәсіпорындар ұсынылуы үшін сауданың және ақылы қызметтердің барлық түрлерінің объектілері іріктеледі.

    Тұтыну бағаларын байқау және ТБИ есептеу үшін тауарлар мен қызметтер жиынтығы Қазақстанның барлық өңірлері үшін олардың бірыңғай іріктемесін білдіреді. Тауарлар мен қызметтердің тізімі 508 позициядан тұрады, оған халықтың тұтынуында ең көп үлес салмағын алатын ең өкілді түрлер кіреді.

    Бағалар туралы ақпарат жинауды баға тіркеушілері тауарды (көрсетілетін қызметті) өткізу орындарында тікелей жүргізеді. Тексеру жүргізілген күні төленген тауарлардың бағасы, салықтарды қоса алғанда, бірақ оларды жеткізгені үшін қосымша алымдарды қоспағанда тіркеледі.

    Шығаруға жауапты:
    Баға статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    Т. Демешева
    (Департамент директорының м.а.)
    Тел. +7 7172 749776
    Орындаушы:
    C. Құсайын
    Тел. +7 7172 749531
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4 кіреберіс