Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
    Түйінді тұстар
    12,4%
    Қазақстан Республикасындағы инфляция 2025 жылғы қарашада бір жылда 12,4% (2025 жылғы қазанда – 12,6%), бір айда – 0,8% құрады (өткен айда – 0,5%).
    13,4%
    Баға азық-түлік тауарларға бір жылда – 13,4% (2025 жылғы қазанда – 13,5%), ақылы қызметтерге– 12,3% (2025 жылғы қазанда – 12,9%), азық-түлік емес тауарларға 11,2% (2025 жылғы қазанда – 11%) өсті.
    Өңірлердегі қараша айындағы жылдық инфляция
    пайызбен, өсім
      2025 2024 2023
    Қазақстан Республикасы 12,4 8,4 10,3
    Абай 11,9 9,3 9,7
    Ақмола 13,8 8,8 11,2
    Ақтөбе 12,9 8,3 10,3
    Алматы 12,7 6,5 8,4
    Атырау 13,5 8,8 9,7
    Батыс Қазақстан 12,1 9,0 10,1
    Жамбыл 11,8 6,3 10,7
    Жетісу 12,7 8,4 10,7
    Қарағанды 13,1 8,9 11,6
    Қостанай 12,0 7,6 10,4
    Қызылорда 11,7 8,0 9,7
    Маңғыстау 11,6 9,4 10,4
    Павлодар 12,9 7,8 10,4
    Солтүстік Қазақстан 13,4 9,4 11,0
    Түркістан 12,3 7,6 11,0
    Ұлытау 14,0 6,9 11,2
    Шығыс Қазақстан 12,5 8,9 10,5
    Астана қаласы 12,9 10,3 9,2
    Алматы қаласы 11,4 9,0 10,5
    Шымкент қаласы 11,8 7,7 9,2
    Инфляцияның жылдық деңгейіне салым

    Инфляцияның жылдық деңгейіне ең үлкен үлесті азық-түлік және алкогольсіз сусындар (5,2 пайыздық тармақ), денсаулық сақтау қызметтері (1,5 пайыздық тармақ), тұрғын үй қызметтері (1,2 пайыздық тармақ) қосты.

    2025 жылғы қарашадағы Қазақстан Республикасында жылдық инфляцияға жекелеген құрамдас бөліктерінің үлесі
    пайызбен, өсім
    Тауарлар мен қызметтер Өсу қарқыны Баға өсіміне салым
    Азық-түлік тауарлар 13,4 5,362
    Нан өнімдері мен жармалар 5,7 0,419
    Ет және ет өнімдері 21,7 2,453
    Сүт өнімдері 10,8 0,442
    Жұмыртқа 3,9 0,053
    Май және тоң май 16,4 0,371
    Жемістер мен көкөністер 9,0 0,472
    Қант 6,4 0,059
    Алкогольсіз сусындар 15,7 0,305
    Азық-түлік емес тауарлар 11,2 3,309
    Киім 10,6 0,635
    Аяқ киім 11,1 0,332
    Жуғыш заттар 6,1 0,092
    Бензин 15,5 0,732
    Жеке қолдану тауарлар 8,6 0,260
    Ақылы қызметтер 12,3 3,697
    Тұрғын үй қызметтері, су, электрэнергиясы, газ және отынның басқа да түрлері 9,9 1,214
    тұрғын үйді күтіп ұстауға төлем 10,8 0,056
    тұрғын үйді жалға алу 15,9 0,537
    тұрғын үй жайларды жөндеу және қызмет көрсету 8,2 0,232
    суық су -12,3 -0,057
    ыстық су 4,9 0,012
    қоқыс шығару 8,5 0,024
    суды бұру 21,6 0,039
    электр энергиясы 8,0 0,099
    газ 15,6 0,133
       тарату желілері арқылы
       тасымалданатын газ
    14,0 0,100
       сұйытылған 24,2 0,033
    орталықтан жылыту 10,2 0,069
    қатты отын 8,0 0,059
    домофон 13,0 0,011
    Бір айда азық-түлік тауарлар бағасының деңгейі – 1%, азық-түлік емес тауарлар – 0,9%, ақылы қызметтер 0,3% өсті.
    Бір айдағы инфляция
    пайызбен, өсім
      Қараша
    тауарлар мен қызметтер азық-түлік тауарлар азық-түлік емес тауарлар ақылы қызметтер
    2021 0,7 0,9 1,0 0,3
    2022 1,4 1,8 1,6 0,8
    2023 1,0 0,7 0,5 1,7
    2024 0,9 1,1 0,7 0,8
    2025 0,8 1,0 0,9 0,3
    Глоссарий

    Инфляция – бұл халық жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлар мен қызметтердің белгіленген тізіміне бағаның орташа деңгейінің уақыт бойынша өзгеруін сипаттайтын көрсеткіш.

    Салым – көрсеткіш бойынша пайыздық өзгерістің инфляцияның жалпы мәніне әсер ету.

    Әдіснамалық түсініктемелер

    Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағаларының индексі халық жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлар мен қызметтерге бағаның жалпы деңгейінің уақыт бойынша өзгеруін көрсетеді.

    Тұтыну бағаларының индексін есептеу екі көзден алынған ақпарат негізінде жүргізіледі:

    • осы мақсаттар үшін арнайы іріктелген сауда нүктелерінде және қызмет көрсету орындарында оларды тікелей тіркеу арқылы жиналған бағалардың өзгеруі туралы деректер;
    • халықтың нақты тұтыну шығыстарының құрылымы бөлігінде үй шаруашылықтарын зерттеу материалдары.

    Бағалардың өзгеруі туралы ақпарат жинау қалалар мен аудан орталықтарының іріктемелі тобы бойынша, барлық облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада жүзеге асырылады. Сауда және қызмет көрсету саласының базалық кәсіпорындарын таңдау жергілікті жерлерде жүзеге асырылады. Зерттеуге әртүрлі сауда жағдайлары бар және жаппай сұранысқа ие тауарларды (қызметтерді) үнемі өткізетін кәсіпорындар ұсынылуы үшін сауданың және ақылы қызметтердің барлық түрлерінің объектілері іріктеледі.

    Тұтыну бағаларын байқау және ТБИ есептеу үшін тауарлар мен қызметтер жиынтығы Қазақстанның барлық өңірлері үшін олардың бірыңғай іріктемесін білдіреді. Тауарлар мен қызметтердің тізімі 508 позициядан тұрады, оған халықтың тұтынуында ең көп үлес салмағын алатын ең өкілді түрлер кіреді.

    Бағалар туралы ақпарат жинауды баға тіркеушілері тауарды (көрсетілетін қызметті) өткізу орындарында тікелей жүргізеді. Тексеру жүргізілген күні төленген тауарлардың бағасы, салықтарды қоса алғанда, бірақ оларды жеткізгені үшін қосымша алымдарды қоспағанда тіркеледі.

    Шығаруға жауапты:
    Баға статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    Қ. Жақыпбекұлы
    Тел. +7 7172 749057
    Орындаушы:
    C. Құсайын
    Тел. +7 7172 749531
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4 кіреберіс