Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    12,6%
    Қазақстан Республикасындағы инфляция 2025 жылғы қазанда бір жылда 12,6% (2025 жылғы қыркүйекте – 12,9%), бір айда – 0,5% құрады (өткен айда – 1,1%).
    13,5%
    Баға азық-түлік тауарларға бір жылда – 13,5% (2025 жылғы қыркүйекте – 12,7%), ақылы қызметтерге– 12,9% (2025 жылғы қыркүйекте – 15,3%), азық-түлік емес тауарларға 11% (2025 жылғы қыркүйекте – 10,8%) өсті.
    Өңірлердегі қазан айындағы жылдық инфляция
    пайызбен, өсім
      2025 2024 2023
    Қазақстан Республикасы 12,6 8,5 10,8
    Абай 11,9 9,2 9,7
    Ақмола 13,3 8,3 12,7
    Ақтөбе 13,5 8,6 10,5
    Алматы 13,4 5,8 9,1
    Атырау 13,8 8,7 10,6
    Батыс Қазақстан 12,6 9,4 10,4
    Жамбыл 11,6 6,9 11,3
    Жетісу 12,9 8,1 11,7
    Қарағанды 14,2 8,7 11,4
    Қостанай 12,1 7,4 10,7
    Қызылорда 11,3 8,4 10,3
    Маңғыстау 12,1 9,7 10,3
    Павлодар 12,3 8,5 10,6
    Солтүстік Қазақстан 13,4 9,0 12,1
    Түркістан 12,3 7,7 11,2
    Ұлытау 14,2 6,9 11,4
    Шығыс Қазақстан 12,5 9,1 10,9
    Астана қаласы 13,0 10,2 9,9
    Алматы қаласы 11,2 9,4 11,1
    Шымкент қаласы 13,2 7,2 9,7
    Инфляцияның жылдық деңгейіне салым

    Инфляцияның жылдық деңгейіне ең үлкен үлесті азық-түлік және алкогольсіз сусындар (5,2 пайыздық тармақ), денсаулық сақтау қызметтері (1,6 пайыздық тармақ), тұрғын үй қызметтері (1,3 пайыздық тармақ) қосты.

    2025 жылғы қазандағы Қазақстан Республикасында жылдық инфляцияға жекелеген құрамдас бөліктерінің үлесі
    пайызбен, өсім
    Тауарлар мен қызметтер Өсу қарқыны Баға өсіміне салым
    Азық-түлік тауарлар 13,5 5,407
    Нан өнімдері мен жармалар 5,1 0,379
    Ет және ет өнімдері 21,1 2,387
    Сүт өнімдері 10,6 0,440
    Жұмыртқа 4,1 0,056
    Май және тоң май 18,4 0,421
    Жемістер мен көкөністер 12,1 0,604
    Қант 5,8 0,053
    Алкогольсіз сусындар 15,2 0,296
    Азық-түлік емес тауарлар 11,0 3,260
    Киім 10,5 0,631
    Аяқ киім 11,2 0,337
    Жуғыш заттар 5,5 0,084
    Бензин 14,9 0,706
    Жеке қолдану тауарлар 8,0 0,242
    Ақылы қызметтер 12,9 3,884
    Тұрғын үй қызметтері, су, электрэнергиясы, газ және отынның басқа да түрлері 11,3 1,324
    тұрғын үйді күтіп ұстауға төлем 11,2 0,058
    тұрғын үйді жалға алу 13,5 0,457
    тұрғын үй жайларды жөндеу және қызмет көрсету 7,8 0,220
    суық су -11,5 -0,054
    ыстық су 16,8 0,042
    қоқыс шығару 10,9 0,031
    суды бұру 29,7 0,053
    электр энергиясы 14,7 0,183
    газ 16,0 0,137
    тарату желілері арқылы
    тасымалданатын газ
    14,5 0,104
    сұйытылған 23,9 0,033
    орталықтан жылыту 18,3 0,123
    қатты отын 8,6 0,063
    домофон 12,7 0,011
    Бір айда азық-түлік емес тауарлар бағасының деңгейі – 1,2%, азық-түлік тауарлар 1% өсті, ақылы қызметтер – -0,8%, төмендеді.
    Бір айдағы инфляция
    пайызбен, өсім
      Қазан
    тауарлар мен қызметтер азық-түлік тауарлар азық-түлік емес тауарлар ақылы қызметтер
    2021 0,7 0,7 1,0 0,5
    2022 1,6 1,4 1,7 1,7
    2023 0,7 0,5 0,8 0,8
    2024 0,9 0,4 1,0 1,4
    2025 0,5 1,0 1,2 -0,8
    Глоссарий

    Инфляция – бұл халық жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлар мен қызметтердің белгіленген тізіміне бағаның орташа деңгейінің уақыт бойынша өзгеруін сипаттайтын көрсеткіш.

    Салым – көрсеткіш бойынша пайыздық өзгерістің инфляцияның жалпы мәніне әсер ету.

    Әдіснамалық түсініктемелер

    Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағаларының индексі халық жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлар мен қызметтерге бағаның жалпы деңгейінің уақыт бойынша өзгеруін көрсетеді.

    Тұтыну бағаларының индексін есептеу екі көзден алынған ақпарат негізінде жүргізіледі:

    • осы мақсаттар үшін арнайы іріктелген сауда нүктелерінде және қызмет көрсету орындарында оларды тікелей тіркеу арқылы жиналған бағалардың өзгеруі туралы деректер;
    • халықтың нақты тұтыну шығыстарының құрылымы бөлігінде үй шаруашылықтарын зерттеу материалдары.

    Бағалардың өзгеруі туралы ақпарат жинау қалалар мен аудан орталықтарының іріктемелі тобы бойынша, барлық облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада жүзеге асырылады. Сауда және қызмет көрсету саласының базалық кәсіпорындарын таңдау жергілікті жерлерде жүзеге асырылады. Зерттеуге әртүрлі сауда жағдайлары бар және жаппай сұранысқа ие тауарларды (қызметтерді) үнемі өткізетін кәсіпорындар ұсынылуы үшін сауданың және ақылы қызметтердің барлық түрлерінің объектілері іріктеледі.

    Тұтыну бағаларын байқау және ТБИ есептеу үшін тауарлар мен қызметтер жиынтығы Қазақстанның барлық өңірлері үшін олардың бірыңғай іріктемесін білдіреді. Тауарлар мен қызметтердің тізімі 508 позициядан тұрады, оған халықтың тұтынуында ең көп үлес салмағын алатын ең өкілді түрлер кіреді.

    Бағалар туралы ақпарат жинауды баға тіркеушілері тауарды (көрсетілетін қызметті) өткізу орындарында тікелей жүргізеді. Тексеру жүргізілген күні төленген тауарлардың бағасы, салықтарды қоса алғанда, бірақ оларды жеткізгені үшін қосымша алымдарды қоспағанда тіркеледі.

    Шығаруға жауапты:
    Баға статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    Қ. Жақыпбекұлы
    Тел. +7 7172 749057
    Орындаушы:
    C. Құсайын
    Тел. +7 7172 749531
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
    Онлайн кеңесші