Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
    Түйінді тұстар
    11,8%
    Қазақстан Республикасында 2025 жылғы шілдеде инфляцияның айлық деңгейі баялауды және 0,7% құрады (өткен айда – 0,8%), жылдық деңгей 11,8% құрады (өткен айдың деңгейінде).
    14,9%
    Баға ақылы қызметтерге бір жылда – 14,9% (2025 жылғы маусымда – 16,1%), азық-түлік тауарларға – 11,2% (2025 жылғы маусымда – 10,6%), азық-түлік емес тауарларға 9,5% өсті (2025 жылғы маусымда – 9,4%).
    Өңірлердегі шілде айындағы жылдық инфляция
    пайызбен, өсім
      2025 2024 2023
    Қазақстан Республикасы 11,8 8,6 14,0
    Абай 12,4 8,1 13,4
    Ақмола 12,4 9,2 14,7
    Ақтөбе 11,7 8,6 13,2
    Алматы 10,7 5,7 12,7
    Атырау 11,7 8,8 11,8
    Батыс Қазақстан 11,6 8,5 13,7
    Жамбыл 10,1 7,9 13,7
    Жетісу 10,6 8,7 14,3
    Қарағанды 13,8 10,6 13,7
    Қостанай 10,8 7,7 13,8
    Қызылорда 10,4 7,5 14,0
    Маңғыстау 10,0 10,4 14,6
    Павлодар 10,0 9,5 13,4
    Солтүстік Қазақстан 12,0 8,9 15,4
    Түркістан 11,2 7,1 13,9
    Ұлытау 11,8 6,7 15,4
    Шығыс Қазақстан 11,9 9,0 14,0
    Астана қаласы 12,3 10,8 15,4
    Алматы қаласы 13,2 8,6 14,2
    Шымкент қаласы 11,4 7,5 13,6
    Инфляцияның жылдық деңгейіне салым

    Инфляцияның жылдық деңгейіне ең үлкен үлесті азық-түлік және алкогольсіз сусындар (4,4 пайыздық тармақ), тұрғын үй қызметтері (1,8 пайыздық тармақ), денсаулық сақтау қызметтері (1,4 пайыздық тармақ) қосты.

    2025 жылғы шілдедегі Қазақстан Республикасында жылдық инфляцияға жекелеген құрамдас бөліктерінің үлесі
    пайызбен, өсім
    Тауарлар мен қызметтер Өсу қарқыны Баға өсіміне салым
    Азық-түлік тауарлар 11,2 4,621
    Нан өнімдері мен жармалар 3,6 0,267
    Ет және ет өнімдері 13,2 1,539
    Сүт өнімдері 8,2 0,349
    Жұмыртқа 0,3 0,004
    Май және тоң май 20,3 0,495
    Жемістер мен көкөністер 19,4 1,028
    Қант 3,6 0,035
    Алкогольсіз сусындар 12,2 0,247
    Азық-түлік емес тауарлар 9,5 2,835
    Киім 9,8 0,612
    Аяқ киім 11,6 0,356
    Жуғыш заттар 3,3 0,051
    Бензин 5,8 0,283
    Жеке қолдану тауарлар 6,6 0,207
    Ақылы қызметтер 14,9 4,304
    Тұрғын үй қызметтері, су, электрэнергиясы, газ және отынның басқа да түрлері 15,7 1,774
    тұрғын үйді күтіп ұстауға төлем 11,9 0,064
    тұрғын үйді жалға алу 11,8 0,413
    тұрғын үй жайларды жөндеу және қызмет көрсету 6,9 0,204
    суық су 96,1 0,463
    ыстық су 15,5 0,040
    қоқыс шығару 10,9 0,032
    суды бұру 34,6 0,064
    электр энергиясы 11,3 0,144
    газ 15,9 0,141
    тарату желілері арқылы
    тасымалданатын газ
    15,5 0,115
    сұйытылған 18,5 0,026
    орталықтан жылыту 19,2 0,133
    қатты отын 8,9 0,066
    домофон 11,5 0,010
    Бір айда азық-түлік емес тауарлар бағасының деңгейі – 0,8%, азық-түлік тауарлар – 0,7%, ақылы қызметтер 0,5% өсті.
    Бір айдағы инфляция
    пайызбен, өсім
      Шілде
    тауарлар мен қызметтер азық-түлік тауарлар азық-түлік емес тауарлар ақылы қызметтер
    2021 0,7 0,7 0,5 0,8
    2022 1,1 1,0 1,5 0,8
    2023 0,6 0,1 0,7 1,0
    2024 0,7 0,2 0,7 1,6
    2025 0,7 0,7 0,8 0,5
    Глоссарий

    Инфляция – бұл халық жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлар мен қызметтердің белгіленген тізіміне бағаның орташа деңгейінің уақыт бойынша өзгеруін сипаттайтын көрсеткіш.

    Салым – көрсеткіш бойынша пайыздық өзгерістің инфляцияның жалпы мәніне әсер ету.

    Әдіснамалық түсініктемелер

    Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағаларының индексі халық жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлар мен қызметтерге бағаның жалпы деңгейінің уақыт бойынша өзгеруін көрсетеді.

    Тұтыну бағаларының индексін есептеу екі көзден алынған ақпарат негізінде жүргізіледі:

    • осы мақсаттар үшін арнайы іріктелген сауда нүктелерінде және қызмет көрсету орындарында оларды тікелей тіркеу арқылы жиналған бағалардың өзгеруі туралы деректер;
    • халықтың нақты тұтыну шығыстарының құрылымы бөлігінде үй шаруашылықтарын зерттеу материалдары.

    Бағалардың өзгеруі туралы ақпарат жинау қалалар мен аудан орталықтарының іріктемелі тобы бойынша, барлық облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада жүзеге асырылады. Сауда және қызмет көрсету саласының базалық кәсіпорындарын таңдау жергілікті жерлерде жүзеге асырылады. Зерттеуге әртүрлі сауда жағдайлары бар және жаппай сұранысқа ие тауарларды (қызметтерді) үнемі өткізетін кәсіпорындар ұсынылуы үшін сауданың және ақылы қызметтердің барлық түрлерінің объектілері іріктеледі.

    Тұтыну бағаларын байқау және ТБИ есептеу үшін тауарлар мен қызметтер жиынтығы Қазақстанның барлық өңірлері үшін олардың бірыңғай іріктемесін білдіреді. Тауарлар мен қызметтердің тізімі 508 позициядан тұрады, оған халықтың тұтынуында ең көп үлес салмағын алатын ең өкілді түрлер кіреді.

    Бағалар туралы ақпарат жинауды баға тіркеушілері тауарды (көрсетілетін қызметті) өткізу орындарында тікелей жүргізеді. Тексеру жүргізілген күні төленген тауарлардың бағасы, салықтарды қоса алғанда, бірақ оларды жеткізгені үшін қосымша алымдарды қоспағанда тіркеледі.

    Шығаруға жауапты:
    Баға статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    Т. Демешева
    (Департамент директорының м.а.)
    Тел. +7 7172 749494
    Орындаушы:
    А.Макижанова
    Тел. +7 7172 749265
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4 кіреберіс