Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    11,8%
    Қазақстан Республикасындағы инфляция 2025 жылғы маусымда бір жылда 11,8% (2025 жылғы мамырда – 11,3%), бір айда – 0,8% құрады (өткен айда – 0,9%).
    16,1%
    Баға ақылы қызметтерге бір жылда – 16,1% (2025 жылғы мамырда – 16%), азық-түлік тауарларға – 10,6% (2025 жылғы мамырда – 9,6%), азық-түлік емес тауарларға 9,4% өсті (2025 жылғы мамырда – 9%).

    Өңірлер бөлінісінде 2025 жылғы маусымда инфляция орташа республикалық деңгейден асатын жеті өңірде қалыптасты, олардың ішінде ең жоғары – Алматы қаласында (13,8%), Қарағанды облысында (13,5%), Астана қаласында (13,1%).

    Өңірлердегі маусым айындағы жылдық инфляция
    пайызбен, өсім
      2025 2024 2023
    Қазақстан Республикасы 11,8 8,4 14,6
    Абай 12,2 7,9 14,7
    Ақмола 12,2 9,2 15,8
    Ақтөбе 11,7 8,2 14,4
    Алматы 9,9 5,5 13,0
    Атырау 11,6 8,6 13,7
    Батыс Қазақстан 12,1 8,2 14,6
    Жамбыл 10,4 7,2 14,5
    Жетісу 10,4 8,6 14,7
    Қарағанды 13,5 10,8 14,0
    Қостанай 10,4 8,1 14,7
    Қызылорда 11,1 7,0 14,5
    Маңғыстау 9,6 10,3 15,6
    Павлодар 9,9 9,1 15,0
    Солтүстік Қазақстан 11,6 8,9 15,9
    Түркістан 11,7 6,7 14,4
    Ұлытау 11,5 6,9 15,9
    Шығыс Қазақстан 12,0 8,9 15,3
    Астана қаласы 13,1 10,1 15,8
    Алматы қаласы 13,8 8,4 14,4
    Шымкент қаласы 10,7 7,8 14,1
    Инфляцияның жылдық деңгейіне салым

    Инфляцияның жылдық деңгейіне ең үлкен үлесті азық-түлік және алкогольсіз сусындар (4,2 пайыздық тармақ), тұрғын үй қызметтері (1,8 пайыздық тармақ), денсаулық сақтау қызметтері (1,5 пайыздық тармақ) қосты.

    2025 жылғы маусымдағы Қазақстан Республикасында жылдық инфляцияға жекелеген құрамдас бөліктерінің үлесі
    пайызбен, өсім
    Тауарлар мен қызметтер Өсу қарқыны Баға өсіміне салым
    Азық-түлік тауарлар 10,6 4,389
    Нан өнімдері мен жармалар 3,6 0,261
    Ет және ет өнімдері 11,3 1,320
    Сүт өнімдері 7,6 0,326
    Жұмыртқа -0,6 -0,008
    Май және тоң май 17,9 0,435
    Жемістер мен көкөністер 20,7 1,130
    Қант 2,3 0,022
    Алкогольсіз сусындар 11,9 0,243
    Азық-түлік емес тауарлар 9,4 2,826
    Киім 10,1 0,635
    Аяқ киім 11,6 0,357
    Жуғыш заттар 2,6 0,039
    Бензин 4,2 0,202
    Жеке қолдану тауарлар 6,3 0,199
    Ақылы қызметтер 16,1 4,620
    Тұрғын үй қызметтері, су, электрэнергиясы, газ және отынның басқа да түрлері 16,1 1,836
    тұрғын үйді күтіп ұстауға төлем 12,7 0,068
    тұрғын үйді жалға алу 12,7 0,448
    тұрғын үй жайларды жөндеу және қызмет көрсету 6,5 0,195
    суық су 96,3 0,467
    ыстық су 15,1 0,039
    қоқыс шығару 10,9 0,032
    суды бұру 34,6 0,065
    электр энергиясы 12,5 0,161
    газ 16,8 0,150
    тарату желілері арқылы
    тасымалданатын газ
    15,5 0,116
    сұйытылған 23,7 0,034
    орталықтан жылыту 19,2 0,134
    қатты отын 9,0 0,067
    домофон 11,3 0,010
    Бір айда азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар бағасының деңгейі – 0,9%-дан, ақылы қызметтер 0,8% өсті.
    Бір айдағы инфляция
    пайызбен, өсім
      Маусым
    тауарлар мен қызметтер азық-түлік тауарлар азық-түлік емес тауарлар ақылы қызметтер
    2021 1,1 1,7 0,8 0,7
    2022 1,6 1,9 1,9 0,8
    2023 0,5 0,2 0,7 0,6
    2024 0,4 0,0 0,6 0,6
    2025 0,8 0,9 0,9 0,8
    Глоссарий

    Инфляция – бұл халық жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлар мен қызметтердің белгіленген тізіміне бағаның орташа деңгейінің уақыт бойынша өзгеруін сипаттайтын көрсеткіш.

    Салым – көрсеткіш бойынша пайыздық өзгерістің инфляцияның жалпы мәніне әсер ету.

    Әдіснамалық түсініктемелер

    Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағаларының индексі халық жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлар мен қызметтерге бағаның жалпы деңгейінің уақыт бойынша өзгеруін көрсетеді.

    Тұтыну бағаларының индексін есептеу екі көзден алынған ақпарат негізінде жүргізіледі:

    • осы мақсаттар үшін арнайы іріктелген сауда нүктелерінде және қызмет көрсету орындарында оларды тікелей тіркеу арқылы жиналған бағалардың өзгеруі туралы деректер;
    • халықтың нақты тұтыну шығыстарының құрылымы бөлігінде үй шаруашылықтарын зерттеу материалдары.

    Бағалардың өзгеруі туралы ақпарат жинау қалалар мен аудан орталықтарының іріктемелі тобы бойынша, барлық облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада жүзеге асырылады. Сауда және қызмет көрсету саласының базалық кәсіпорындарын таңдау жергілікті жерлерде жүзеге асырылады. Зерттеуге әртүрлі сауда жағдайлары бар және жаппай сұранысқа ие тауарларды (қызметтерді) үнемі өткізетін кәсіпорындар ұсынылуы үшін сауданың және ақылы қызметтердің барлық түрлерінің объектілері іріктеледі.

    Тұтыну бағаларын байқау және ТБИ есептеу үшін тауарлар мен қызметтер жиынтығы Қазақстанның барлық өңірлері үшін олардың бірыңғай іріктемесін білдіреді. Тауарлар мен қызметтердің тізімі 508 позициядан тұрады, оған халықтың тұтынуында ең көп үлес салмағын алатын ең өкілді түрлер кіреді.

    Бағалар туралы ақпарат жинауды баға тіркеушілері тауарды (көрсетілетін қызметті) өткізу орындарында тікелей жүргізеді. Тексеру жүргізілген күні төленген тауарлардың бағасы, салықтарды қоса алғанда, бірақ оларды жеткізгені үшін қосымша алымдарды қоспағанда тіркеледі.

    Шығаруға жауапты:
    Баға статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    Қ. Жақыпбекұлы
    Тел. +7 7172 749057
    Орындаушы:
    А.Макижанова
    Тел. +7 7172 749265
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
    Онлайн кеңесші