Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
    Түйінді тұстар
    12,2%
    Қазақстан Республикасындағы инфляция 2025 жылғы тамызда бір жылда 12,2% (2025 жылғы шілдеде – 11,8%), бір айда – 1% құрады (өткен айда – 0,7%).
    15,3%
    Баға ақылы қызметтерге бір жылда – 15,3% (2025 жылғы шілдеде – 14,9%), азық-түлік тауарларға – 11,7% (2025 жылғы шілдеде – 11,2%), азық-түлік емес тауарларға 9,7% өсті (2025 жылғы шілдеде – 9,5%).
    Өңірлердегі тамыз айындағы жылдық инфляция
    пайызбен, өсім
      2025 2024 2023
    Қазақстан Республикасы 12,2 8,4 13,1
    Абай 12,0 8,1 12,4
    Ақмола 13,0 8,2 14,1
    Ақтөбе 12,5 8,6 12,5
    Алматы 11,9 5,2 12,3
    Атырау 12,8 9,4 11,0
    Батыс Қазақстан 12,4 9,0 12,6
    Жамбыл 10,4 7,4 13,3
    Жетісу 11,5 8,3 13,2
    Қарағанды 14,4 9,4 13,5
    Қостанай 11,1 7,8 12,8
    Қызылорда 11,0 7,7 13,3
    Маңғыстау 10,9 10,2 13,1
    Павлодар 11,0 9,6 12,3
    Солтүстік Қазақстан 12,6 9,1 13,9
    Түркістан 11,7 7,5 13,1
    Ұлытау 13,6 6,6 12,7
    Шығыс Қазақстан 11,7 9,2 12,9
    Астана қаласы 12,8 10,5 13,9
    Алматы қаласы 12,7 8,6 13,7
    Шымкент қаласы 12,0 7,5 12,3
    Инфляцияның жылдық деңгейіне салым

    Инфляцияның жылдық деңгейіне ең үлкен үлесті азық-түлік және алкогольсіз сусындар (4,7 пайыздық тармақ), тұрғын үй қызметтері (2 пайыздық тармақ), денсаулық сақтау қызметтері (1,5 пайыздық тармақ) қосты.

    2025 жылғы тамыздағы Қазақстан Республикасында жылдық инфляцияға жекелеген құрамдас бөліктерінің үлесі
    пайызбен, өсім
    Тауарлар мен қызметтер Өсу қарқыны Баға өсіміне салым
    Азық-түлік тауарлар 11,7 4,847
    Нан өнімдері мен жармалар 4,1 0,307
    Ет және ет өнімдері 16,2 1,866
    Сүт өнімдері 8,6 0,364
    Жұмыртқа 8,4 0,118
    Май және тоң май 20,5 0,488
    Жемістер мен көкөністер 13,5 0,718
    Қант 4,9 0,047
    Алкогольсіз сусындар 13,3 0,264
    Азық-түлік емес тауарлар 9,7 2,895
    Киім 10,2 0,623
    Аяқ киім 11,6 0,352
    Жуғыш заттар 3,9 0,060
    Бензин 8,3 0,400
    Жеке қолдану тауарлар 6,8 0,211
    Ақылы қызметтер 15,3 4,450
    Тұрғын үй қызметтері, су, электрэнергиясы, газ және отынның басқа да түрлері 17,7 1,962
    тұрғын үйді күтіп ұстауға төлем 11,7 0,061
    тұрғын үйді жалға алу 12,9 0,444
    тұрғын үй жайларды жөндеу және қызмет көрсету 7,1 0,206
    суық су 95,4 0,454
    ыстық су 17,2 0,044
    қоқыс шығару 10,9 0,032
    суды бұру 34,7 0,064
    электр энергиясы 16,3 0,206
    газ 27,7 0,242
       тарату желілері арқылы
       тасымалданатын газ
    28,4 0,208
       сұйытылған 24,1 0,034
    орталықтан жылыту 19,2 0,131
    қатты отын 9,3 0,068
    домофон 11,7 0,010
    Бір айда ақылы қызметтер бағасының деңгейі – 1,4%, азық-түлік емес тауарлар – 1%, азық-түлік тауарлар 0,5% өсті.
    Бір айдағы инфляция
    пайызбен, өсім
      Тамыз
    тауарлар мен қызметтер азық-түлік тауарлар азық-түлік емес тауарлар ақылы қызметтер
    2021 0,5 0,1 0,6 0,8
    2022 1,4 1,0 1,8 1,6
    2023 0,7 0,0 0,5 1,9
    2024 0,6 0,0 0,8 1,1
    2025 1,0 0,5 1,0 1,4
    Глоссарий

    Инфляция – бұл халық жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлар мен қызметтердің белгіленген тізіміне бағаның орташа деңгейінің уақыт бойынша өзгеруін сипаттайтын көрсеткіш.

    Салым – көрсеткіш бойынша пайыздық өзгерістің инфляцияның жалпы мәніне әсер ету.

    Әдіснамалық түсініктемелер

    Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағаларының индексі халық жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлар мен қызметтерге бағаның жалпы деңгейінің уақыт бойынша өзгеруін көрсетеді.

    Тұтыну бағаларының индексін есептеу екі көзден алынған ақпарат негізінде жүргізіледі:

    • осы мақсаттар үшін арнайы іріктелген сауда нүктелерінде және қызмет көрсету орындарында оларды тікелей тіркеу арқылы жиналған бағалардың өзгеруі туралы деректер;
    • халықтың нақты тұтыну шығыстарының құрылымы бөлігінде үй шаруашылықтарын зерттеу материалдары.

    Бағалардың өзгеруі туралы ақпарат жинау қалалар мен аудан орталықтарының іріктемелі тобы бойынша, барлық облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада жүзеге асырылады. Сауда және қызмет көрсету саласының базалық кәсіпорындарын таңдау жергілікті жерлерде жүзеге асырылады. Зерттеуге әртүрлі сауда жағдайлары бар және жаппай сұранысқа ие тауарларды (қызметтерді) үнемі өткізетін кәсіпорындар ұсынылуы үшін сауданың және ақылы қызметтердің барлық түрлерінің объектілері іріктеледі.

    Тұтыну бағаларын байқау және ТБИ есептеу үшін тауарлар мен қызметтер жиынтығы Қазақстанның барлық өңірлері үшін олардың бірыңғай іріктемесін білдіреді. Тауарлар мен қызметтердің тізімі 508 позициядан тұрады, оған халықтың тұтынуында ең көп үлес салмағын алатын ең өкілді түрлер кіреді.

    Бағалар туралы ақпарат жинауды баға тіркеушілері тауарды (көрсетілетін қызметті) өткізу орындарында тікелей жүргізеді. Тексеру жүргізілген күні төленген тауарлардың бағасы, салықтарды қоса алғанда, бірақ оларды жеткізгені үшін қосымша алымдарды қоспағанда тіркеледі.

    Шығаруға жауапты:
    Баға статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    Қ. Жақыпбекұлы
    Тел. +7 7172 749057
    Орындаушы:
    А.Макижанова
    Тел. +7 7172 749265
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4 кіреберіс