Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    11,3%
    Қазақстан Республикасындағы инфляция 2025 жылғы мамырда бір жылда 11,3% (2025 жылғы сәуірде – 10,7%), бір айда – 0,9% құрады (өткен айда – 1,2%).
    16%
    Баға ақылы қызметтерге бір жылда – 16% (2025 жылғы сәуірде – 15,7%), азық-түлік тауарларға – 9,6% (2025 жылғы сәуірде – 8,5%), азық-түлік емес тауарларға 9% өсті (2025 жылғы сәуірде – 8,9%).
    Инфляция динамикасы

    Өткен жылғы мамырмен салыстырғанда тарифтер суық суға – 97,6%, су бұруға – 25,1%, орталықтан жылытуға – 19,2%, тарату желілері бойынша тасымалданатын газға – 15%, ыстық суға – 14,5%, электр энергиясына – 11,2%, тұрғын үйді күтіп ұстауға жұмсалған төлем 10,7% өсті.

    Баға кешенді демалыстарды ұйымдастыру қызметтеріне – 62,3%, байланыс қызметтеріне – 15,8%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары қызметтеріне – 14,6%, санаторийлер қызметтеріне – 14,4%, жеке көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу қызметтеріне – 13,5%, қоғамдық тамақтандыру қызметтеріне – 12,5%, денсаулық сақтау қызметтеріне – 12,3%, демалыс және спорттық іс-шаралар саласындағы қызметтерге 11% жоғарылады. Жолаушылар темір жол көлігімен жол жүру – 26,5%, қалалық автобуспен – 11,1%, жолаушылар әуе көлігімен – 10,5%, таксимен 10% қымбаттады. Тұрғын үйді жалға алу төлемі 13,6% өсті.

    Бағаның өсуі басты пиязға – 76,3%, қырыққабатқа – 67,5%, картопқа – 66,9%, күнбағыс майына – 23,8%, минералды және ауыз суға – 16,7%, сиыр етіне – 15,3%, қой етіне – 14,3%, кондитерлік өнімдерге – 13,9%, салқындатылған сусындарға – 12,5%, сары майға – 12,3%, балық және теңіз өнімдеріне, алкогольді ішімдіктер және темекі өнімдеріне – 11,9%-дан, ет өнімдеріне – 11,7%, жеміс және көкөніс шырындарға 10,6% белгіленді. Бағаның төмендеуі қарақұмық жармасына – 12%, күрішке 8,3% байқалды.

    Баға деңгейі зергерлік бұйымдар және сағаттарға – 33,5%, жаңа жеңіл автомобильдерге – 24,9%, ірі электр-тұрмыстық керек-жарақтарға – 20,4%, дыбыс-бейне шолу жабдығына – 20,2%, еденге арналған кілемдер мен кілемдік жабындарға – 13,5%, киім және аяқ киімге – 10,9%, жиһаз және үйге қажетті заттарға 10,3% өсті. Сұйытылған газ баллондағы – 23,1%, ағаш 14,6% қымбаттады.

    Өңірлер бөлінісінде 2025 жылғы мамырда инфляция орташа республикалық деңгейден асатын бес өңірде қалыптасты, олардың ішінде ең жоғары – Алматы қаласында (13%), Астана қаласында (12,8%), Қарағанды облысында (12,7%).

    Өңірлердегі мамыр айындағы жылдық инфляция
    пайызбен, өсім
      2025 2024 2023
    Қазақстан Республикасы 11,3 8,5 15,9
    Абай 10,9 8,1 15,7
    Ақмола 11,8 8,7 17,6
    Ақтөбе 11,0 8,1 16,2
    Алматы 9,1 5,6 14,8
    Атырау 10,8 8,6 15,9
    Батыс Қазақстан 12,1 7,9 16,1
    Жамбыл 9,9 7,1 15,6
    Жетісу 9,8 8,7 16,7
    Қарағанды 12,7 10,5 15,4
    Қостанай 9,9 8,4 16,1
    Қызылорда 10,5 7,3 16,1
    Маңғыстау 10,0 10,2 17,6
    Павлодар 9,6 9,0 16,2
    Солтүстік Қазақстан 11,1 9,2 17,3
    Түркістан 11,2 6,5 15,3
    Ұлытау 11,1 7,5 16,5
    Шығыс Қазақстан 11,0 9,3 16,0
    Астана қаласы 12,8 10,4 16,6
    Алматы қаласы 13,0 9,0 15,3
    Шымкент қаласы 10,6 7,7 15,6
    Инфляцияның жылдық деңгейіне салым

    Инфляцияның жылдық деңгейіне ең үлкен үлесті азық-түлік және алкогольсіз сусындар (3,8 пайыздық тармақ), тұрғын үй қызметтері (1,8 пайыздық тармақ), денсаулық сақтау (1,4 пайыздық тармақ) қосты.

    ТКШ қызметтері бір жылда 15,7% қымбаттады, ал олардың инфляцияға үлесі 1,8 пайыздық тармақты құрады. 2025 жылғы мамырда өткен жылғы мамырмен салыстырғанда суық суға тарифтер – 97,6%, тұрғын үйді жалға беру тарифтері 13,6% өсіп және жылдық инфляцияға – 0,5 пайыздық тармақтан, тұрғын үй жайларды жөндеу және қызмет көрсету тарифтері (6,2%) 0,2 пайыздық тармаққа үлес қосты.

    Жыл ішінде ет және ет өнімдері бағасы – 10,4%, жемістер мен көкөністер 17% өсіп, инфляцияға тиісінше 1,2 және 1 пайыздық тармаққа негізгі үлес қосты. Май және тоң май бағасының 15,8% қымбаттауы жылдық инфляцияға 0,4 пайыздық тармаққа, сүт өнімдері (7%) – 0,3 пайыздық тармаққа, алкоголсіз сусындар (11%), нан өнімдері мен жармалар (3,3%) – 0,2 пайыздық тармақтан үлес қосты.

    Жылдық мәнде киім – 10,5%, аяқ киім 11,7% қымбаттады және инфляцияға тиісінше 0,7 және 0,4 пайыздық тармаққа үлес қосты.

    2025 жылғы мамырдағы Қазақстан Республикасында жылдық инфляцияға жекелеген құрамдас бөліктерінің үлесі
    пайызбен, өсім
    Тауарлар мен қызметтер Өсу қарқыны Баға өсіміне салым
    Азық-түлік тауарлар 9,6 4,020
    Нан өнімдері мен жармалар 3,3 0,237
    Ет және ет өнімдері 10,4 1,219
    Сүт өнімдері 7,0 0,302
    Жұмыртқа 2,2 0,031
    Май және тоң май 15,8 0,382
    Жемістер мен көкөністер 17,0 0,964
    Қант 1,4 0,014
    Алкогольсіз сусындар 11,0 0,223
    Азық-түлік емес тауарлар 9,0 2,706
    Киім 10,5 0,659
    Аяқ киім 11,7 0,363
    Жуғыш заттар 2,1 0,031
    Бензин 2,7 0,129
    Жеке қолдану тауарлар 6,0 0,189
    Ақылы қызметтер 16,0 4,570
    Тұрғын үй қызметтері, су, электрэнергиясы, газ және отынның басқа да түрлері 15,7 1,813
    тұрғын үйді күтіп ұстауға төлем 10,7 0,058
    тұрғын үйді жалға алу 13,6 0,478
    тұрғын үй жайларды жөндеу және қызмет көрсету 6,2 0,184
    суық су 97,6 0,474
    ыстық су 14,5 0,038
    қоқыс шығару 9,4 0,028
    суды бұру 25,1 0,047
    электр энергиясы 11,2 0,144
    газ 16,3 0,145
    тарату желілері арқылы
    тасымалданатын газ
    15,0 0,112
    сұйытылған 23,1 0,033
    орталықтан жылыту 19,2 0,134
    қатты отын 10,1 0,075
    домофон 9,1 0,008
    Бір айда ақылы қызметтер бағасының деңгейі – 1,3%, азық-түлік тауарлар – 0,9%, азық-түлік емес тауарлар 0,6% өсті.
    Бір айдағы инфляция
    пайызбен, өсім
      Мамыр
    тауарлар мен қызметтер азық-түлік тауарлар азық-түлік емес тауарлар ақылы қызметтер
    2021 0,7 0,8 0,6 0,7
    2022 1,4 1,7 1,4 0,8
    2023 0,6 0,5 0,5 0,7
    2024 0,4 -0,2 0,5 1,0
    2025 0,9 0,9 0,6 1,3
    Глоссарий

    Инфляция – бұл халық жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлар мен қызметтердің белгіленген тізіміне бағаның орташа деңгейінің уақыт бойынша өзгеруін сипаттайтын көрсеткіш.

    Салым – көрсеткіш бойынша пайыздық өзгерістің инфляцияның жалпы мәніне әсер ету.

    Әдіснамалық түсініктемелер

    Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағаларының индексі халық жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлар мен қызметтерге бағаның жалпы деңгейінің уақыт бойынша өзгеруін көрсетеді.

    Тұтыну бағаларының индексін есептеу екі көзден алынған ақпарат негізінде жүргізіледі:

    • осы мақсаттар үшін арнайы іріктелген сауда нүктелерінде және қызмет көрсету орындарында оларды тікелей тіркеу арқылы жиналған бағалардың өзгеруі туралы деректер;
    • халықтың нақты тұтыну шығыстарының құрылымы бөлігінде үй шаруашылықтарын зерттеу материалдары.

    Бағалардың өзгеруі туралы ақпарат жинау қалалар мен аудан орталықтарының іріктемелі тобы бойынша, барлық облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада жүзеге асырылады. Сауда және қызмет көрсету саласының базалық кәсіпорындарын таңдау жергілікті жерлерде жүзеге асырылады. Зерттеуге әртүрлі сауда жағдайлары бар және жаппай сұранысқа ие тауарларды (қызметтерді) үнемі өткізетін кәсіпорындар ұсынылуы үшін сауданың және ақылы қызметтердің барлық түрлерінің объектілері іріктеледі.

    Тұтыну бағаларын байқау және ТБИ есептеу үшін тауарлар мен қызметтер жиынтығы Қазақстанның барлық өңірлері үшін олардың бірыңғай іріктемесін білдіреді. Тауарлар мен қызметтердің тізімі 508 позициядан тұрады, оған халықтың тұтынуында ең көп үлес салмағын алатын ең өкілді түрлер кіреді.

    Бағалар туралы ақпарат жинауды баға тіркеушілері тауарды (көрсетілетін қызметті) өткізу орындарында тікелей жүргізеді. Тексеру жүргізілген күні төленген тауарлардың бағасы, салықтарды қоса алғанда, бірақ оларды жеткізгені үшін қосымша алымдарды қоспағанда тіркеледі.


    Шығаруға жауапты:
    Баға статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    Қ. Жақыпбекұлы
    Тел. +7 7172 749057
    Орындаушы:
    А.Макижанова
    Тел. +7 7172 749265
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
    Онлайн кеңесші