Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    10,7%
    Қазақстан Республикасындағы инфляция 2025 жылғы сәуірде бір жылда 10,7% (2025 жылғы наурызда – 10%), бір айда – 1,2% құрады (өткен айда – 1,3%).
    15,7%
    Баға ақылы қызметтерге бір жылда 15,7% (2025 жылғы наурызда – 14,3%), азық-түлік емес тауарларға – 8,9% (2025 жылғы наурызда – 9,1%), азық-түлік тауарларға – 8,5% өсті (2025 жылғы наурызда – 7,6%).
    Инфляция динамикасы

    Өткен жылғы сәуірмен салыстырғанда тарифтер суық суға – 89,1%, су бұруға – 23,5%, орталықтан жылытуға – 18,7%, қоқыс шығаруға – 16,2%, ыстық суға – 14,4%, тарату желілері бойынша тасымалданатын газға – 13,3%, электр энергиясына – 11,7%, тұрғын үйді күтіп ұстауға жұмсалған төлем 10,3% өсті.

    Баға кешенді демалыстарды ұйымдастыру қызметтеріне – 70,1%, байланыс қызметтеріне – 15,8%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары қызметтеріне – 15%, санаторийлер қызметтеріне – 14,6%, денсаулық сақтау қызметтеріне – 14,3%, жеке көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеуге – 13,3%, қоғамдық тамақтандыру қызметтеріне 12,7% жоғарылады. Жолаушылар темір жол көлігімен жол жүру – 24,7%, қалалық автобуспен – 11,1%, жолаушылар әуе көлігімен 9,6% қымбаттады. Тұрғын үйді жалға алу төлемі 15,3% өсті.

    Баға деңгейі зергерлік бұйымдар және сағаттарға – 27,7%, жаңа жеңіл автомобильдерге – 27,1%, дыбыс-бейне шолу жабдығына – 23,6%, еденге арналған кілемдер мен кілемдік жабындарға – 14,1%, киім және аяқ киімге – 11%, ірі тұрмыстық керек-жарақтарға – 10,9%, жиһаз және үйге қажетті заттарға 10,3% өсті. Сұйытылған газ баллондағы – 23,6%, ағаш 14,6% қымбаттады.

    Бағаның өсуі картопқа – 79%, басты пиязға – 63,8%, қырыққабатқа – 46,8%, күнбағыс майына – 20,8%, минералды және ауыз суға – 16,8%, банандарға – 16,7%, қызанақтарға – 14,1%, кондитерлік өнімдерге – 13,5%, сиыр етіне – 13,2%, алкогольді ішімдіктер және темекі өнімдеріне – 12,7%, салқындатылған сусындарға – 12%, сары май, қамырдан жасалған өнімдерге – 11,4%-дан, қой еті, балық және теңіз өнімдеріне – 11,1%-дан, жеміс және көкөніс шырындарға – 10,6%, қиярларға 10% белгіленді. Бағаның төмендеуі қарақұмық жармасына – 15,1%, күрішке – 6,9% жұмыртқаларға 5,6% байқалды.

    Өңірлер бөлінісінде 2025 жылғы сәуірде инфляция орташа республикалық деңгейден асатын бес өңірде қалыптасты, олардың ішінде ең жоғары – Астана қаласында (13,8%), Қарағанды (12,8%), Ақмола (11,8%) облыстарында.

    Өңірлердегі сәуір айындағы жылдық инфляция
    пайызбен, өсім
      2025 2024 2023
    Қазақстан Республикасы 10,7 8,7 16,8
    Абай 10,4 8,1 16,4
    Ақмола 11,8 9,0 17,6
    Ақтөбе 10,1 8,6 17,0
    Алматы 8,5 6,2 16,0
    Атырау 10,2 8,9 16,9
    Батыс Қазақстан 11,2 8,1 17,6
    Жамбыл 8,8 8,1 15,7
    Жетісу 8,7 9,3 17,7
    Қарағанды 12,8 10,6 16,9
    Қостанай 9,4 8,4 16,9
    Қызылорда 9,7 7,9 16,8
    Маңғыстау 10,1 10,5 19,1
    Павлодар 7,6 9,0 17,8
    Солтүстік Қазақстан 10,6 9,5 17,9
    Түркістан 10,5 7,1 15,7
    Ұлытау 10,6 8,2 17,5
    Шығыс Қазақстан 10,5 9,6 16,7
    Астана қаласы 13,8 9,5 17,6
    Алматы қаласы 11,6 9,1 16,4
    Шымкент қаласы 9,7 8,8 16,0
    Инфляцияның жылдық деңгейіне салым

    Инфляцияның жылдық деңгейіне ең үлкен үлесті азық-түлік және алкогольсіз сусындар (3,3 пайыздық тармақ), тұрғын үй қызметтері (1,8 пайыздық тармақ), денсаулық сақтау (1,4 пайыздық тармақ) қосты.

    ТКШ қызметтері бір жылда 15,8% қымбаттады, ал олардың инфляцияға үлесі 1,8 пайыздық тармақты құрады. 2025 жылғы сәуірде өткен жылғы сәуірмен салыстырғанда тұрғын үйді жалға беру тарифтері 15,3% өсіп және жылдық инфляцияға – 0,5 пайыздық тармаққа, суық суға тарифтер (89,1%) – 0,4 пайыздық тармаққа, тұрғын үй жайларды жөндеу және қызмет көрсету тарифтері (6%) – 0,2 пайыздық тармаққа үлес қосты.

    Жыл ішінде ет және ет өнімдері бағасы – 9,1%, жемістер мен көкөністер 15,2% өсіп, инфляцияға тиісінше 1 және 0,9 пайыздық тармаққа негізгі үлес қосты. Май және тоң май – 14,2%, сүт өнімдері бағасының 6,2% қымбаттауы жылдық инфляцияға 0,3 пайыздық тармақтан, алкоголсіз сусындар (10,2%), нан өнімдері мен жармалар (3,1%) – 0,2 пайыздық тармақтан үлес қосты.

    Жылдық мәнде киім – 10,5%, аяқ киім 12% қымбаттады және инфляцияға тиісінше 0,6 және 0,4 пайыздық тармаққа үлес қосты.

    2025 жылғы сәуірдегі Қазақстан Республикасында жылдық инфляцияға жекелеген құрамдас бөліктерінің үлесі
    пайызбен, өсім
    Тауарлар мен қызметтер Өсу қарқыны Баға өсіміне салым
    Азық-түлік тауарлар 8,5 3,522
    Нан өнімдері мен жармалар 3,1 0,215
    Ет және ет өнімдері 9,1 1,043
    Сүт өнімдері 6,2 0,263
    Жұмыртқа -5,6 -0,078
    Май және тоң май 14,2 0,337
    Жемістер мен көкөністер 15,2 0,920
    Қант -0,7 -0,007
    Алкогольсіз сусындар 10,2 0,204
    Азық-түлік емес тауарлар 8,9 2,645
    Киім 10,5 0,647
    Аяқ киім 12,0 0,365
    Жуғыш заттар 1,6 0,022
    Бензин 2,2 0,105
    Жеке қолдану тауарлар 5,8 0,179
    Ақылы қызметтер 15,7 4,507
    Тұрғын үй қызметтері, су, электрэнергиясы, газ және отынның басқа да түрлері 15,8 1,822
    тұрғын үйді күтіп ұстауға төлем 10,3 0,054
    тұрғын үйді жалға алу 15,3 0,529
    тұрғын үй жайларды жөндеу және қызмет көрсету 6,3 0,192
    суық су 89,1 0,426
    ыстық су 14,4 0,037
    қоқыс шығару 16,2 0,048
    суды бұру 23,5 0,043
    электр энергиясы 11,7 0,148
    газ 15,0 0,131
    тарату желілері арқылы
    тасымалданатын газ
    13,3 0,098
    сұйытылған 23,6 0,033
    орталықтан жылыту 18,7 0,129
    қатты отын 10,0 0,074
    домофон 12,3 0,011
    Бір айда ақылы қызметтер бағасының деңгейі – 1.9%, азық-түлік тауарлар – 1,1%, азық-түлік емес тауарлар 0,6% өсті.
    Бір айдағы инфляция
    пайызбен, өсім
      Сәуір
    тауарлар мен қызметтер азық-түлік тауарлар азық-түлік емес тауарлар ақылы қызметтер
    2021 0,9 1,0 1,0 0,5
    2022 2,0 3,1 1,2 1,0
    2023 0,9 0,9 1,3 0,4
    2024 0,6 0,3 0,7 0,7
    2025 1,2 1,1 0,6 1,9
    Глоссарий

    Инфляция – бұл халық жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлар мен қызметтердің белгіленген тізіміне бағаның орташа деңгейінің уақыт бойынша өзгеруін сипаттайтын көрсеткіш.

    Салым – көрсеткіш бойынша пайыздық өзгерістің инфляцияның жалпы мәніне әсер ету.

    Әдіснамалық түсініктемелер

    Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағаларының индексі халық жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлар мен қызметтерге бағаның жалпы деңгейінің уақыт бойынша өзгеруін көрсетеді.

    Тұтыну бағаларының индексін есептеу екі көзден алынған ақпарат негізінде жүргізіледі:

    • осы мақсаттар үшін арнайы іріктелген сауда нүктелерінде және қызмет көрсету орындарында оларды тікелей тіркеу арқылы жиналған бағалардың өзгеруі туралы деректер;
    • халықтың нақты тұтыну шығыстарының құрылымы бөлігінде үй шаруашылықтарын зерттеу материалдары.

    Бағалардың өзгеруі туралы ақпарат жинау қалалар мен аудан орталықтарының іріктемелі тобы бойынша, барлық облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада жүзеге асырылады. Сауда және қызмет көрсету саласының базалық кәсіпорындарын таңдау жергілікті жерлерде жүзеге асырылады. Зерттеуге әртүрлі сауда жағдайлары бар және жаппай сұранысқа ие тауарларды (қызметтерді) үнемі өткізетін кәсіпорындар ұсынылуы үшін сауданың және ақылы қызметтердің барлық түрлерінің объектілері іріктеледі.

    Тұтыну бағаларын байқау және ТБИ есептеу үшін тауарлар мен қызметтер жиынтығы Қазақстанның барлық өңірлері үшін олардың бірыңғай іріктемесін білдіреді. Тауарлар мен қызметтердің тізімі 508 позициядан тұрады, оған халықтың тұтынуында ең көп үлес салмағын алатын ең өкілді түрлер кіреді.

    Бағалар туралы ақпарат жинауды баға тіркеушілері тауарды (көрсетілетін қызметті) өткізу орындарында тікелей жүргізеді. Тексеру жүргізілген күні төленген тауарлардың бағасы, салықтарды қоса алғанда, бірақ оларды жеткізгені үшін қосымша алымдарды қоспағанда тіркеледі.


    Шығаруға жауапты:
    Баға статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    М. Жарекеева
    (Департамент директорының м.а.)
    Тел. +7 7172 749494
    Орындаушы:
    А.Макижанова
    Тел. +7 7172 749265
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
    Онлайн кеңесші