Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    9,4%
    Қазақстан Республикасындағы инфляция 2025 жылғы ақпанға үдеп, бір жылда 9,4% (2025 жылғы қаңтарда – 8,9%), бір айда – 1,5% құрады (өткен айда – 1,1%).
    14,1%
    Баға ақылы қызметтерге бір жылда 14,1% (2025 жылғы қаңтарда – 13,8%), азық-түлік емес тауарларға – 8,7% (2025 жылғы қаңтарда – 8,4%), азық-түлік тауарларға – 6,5% өсті (2025 жылғы қаңтарда – 5,8%).
    Инфляция динамикасы

    Өткен жылғы ақпанмен салыстырғанда тарифтер суық суға – 70,7%, электр энергиясына – 21%, орталықтан жылытуға – 18,2%, су бұруға – 17,3%, ыстық суға – 14,5%, тарату желілері бойынша тасымалданатын газға – 13,2%, қоқыс шығаруға 11,1% өсті.

    Баға кешенді демалыстарды ұйымдастыру қызметтеріне – 34%, байланыс қызметтеріне – 14,3%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары қызметтеріне – 12,3%, денсаулық сақтау қызметтеріне – 11,8%, қоғамдық тамақтандыру қызметтеріне – 10,8%, жеке көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеуге – 10,5%, демалыс және спорттық іс-шаралар саласындағы қызметтеріне 9,8% жоғарылады. Жолаушылар темір жол көлігімен жол жүру – 20%, жолаушылар әуе көлігімен – 12,5%, қалалық автобуспен 10,5% қымбаттады. Тұрғын үйді жалға алу төлемі 16,5% өсті.

    Баға деңгейі дыбыс-бейне шолу жабдығына – 42,3%, зергерлік бұйымдар және сағаттарға – 24,4%, отандық құрастырма жаңа жеңіл автомобильдерге – 18,9%, еденге арналған кілемдер мен кілемдік жабындарға – 13%, киім және аяқ киімге – 10,9%, жиһаз және үйге қажетті заттарға 10,5% өсті. Сұйытылған газ баллондағы – 20,5%, ағаш 14,8% қымбаттады.

    Бағаның өсуі картопқа – 62,1%, басты пиязға – 27,3%, қырыққабатқа – 20,2%, минералды және ауыз суға – 17%, кондитерлік өнімдерге – 14,2%, алкогольді ішімдіктер және темекі өнімдеріне – 13%, салқындатылған сусындарға – 12,6%, қайта өңделген және консервіленген балыққа – 12,5%, сары майға – 12,2%, жеміс және көкөніс шырындарға 10,6% белгіленді. Бағаның төмендеуі қарақұмық жармасына – 20,4%, сәбізге – 6,6%, күрішке – 5,7%, жұмыртқаларға 5,3% байқалды.

    Өңірлер бөлінісінде 2025 жылғы ақпанда инфляция орташа республикалық деңгейден асатын сегіз өңірде қалыптасты, олардың ішінен ең жоғары – Астана қаласында (12,7%), Ақмола (10,7%), Батыс Қазақстан (10,5%) облыстарында.

    Өңірлердегі ақпан айындағы жылдық инфляция
    пайызбен, өсім
      2025 2024 2023
    Қазақстан Республикасы 9,4 9,3 21,3
    Абай 9,2 9,4 20,7
    Ақмола 10,7 9,4 22,4
    Ақтөбе 9,9 8,6 21,5
    Алматы 7,4 7,1 19,3
    Атырау 9,0 9,9 20,3
    Батыс Қазақстан 10,5 8,8 20,9
    Жамбыл 7,6 8,9 20,8
    Жетісу 8,6 9,7 21,1
    Қарағанды 9,9 11,5 21,3
    Қостанай 8,5 8,4 21,7
    Қызылорда 8,6 8,4 20,8
    Маңғыстау 10,1 10,0 25,1
    Павлодар 7,9 8,4 21,7
    Солтүстік Қазақстан 10,2 9,5 22,1
    Түркістан 8,1 8,8 21,5
    Ұлытау 9,3 9,0 21,6
    Шығыс Қазақстан 9,4 10,2 20,9
    Астана қаласы 12,7 9,5 23,5
    Алматы қаласы 9,5 9,9 20,7
    Шымкент қаласы 8,0 8,9 20,8
    Инфляцияның жылдық деңгейіне салым

    Инфляцияның жылдық деңгейіне ең үлкен үлесті азық-түлік және алкогольсіз сусындар (2,5 пайыздық тармақ), тұрғын үй қызметтері (1,9 пайыздық тармақ), денсаулық сақтау (1,1 пайыздық тармақ), киім және аяқ киім (1 пайыздық тармақ) қосты.

    ТКШ қызметтері бір жылда 16,3% қымбаттады, ал олардың инфляцияға үлесі 1,9 пайыздық тармақты құрады. 2025 жылғы ақпанда өткен жылы ақпанмен салыстырғанда тұрғын үйді жалға беру тарифтері 16,5% өсіп және жылдық инфляцияға 0,6 пайыздық тармаққа, суық суға (70,7%), электр энергиясына (21%) тарифтер – 0,3 пайыздық тармақтан, тұрғын үй жайларды жөндеу және қызмет көрсетуге тарифтері (6,1%) – 0,2 пайыздық тармаққа үлес қосты.

    Жыл ішінде ет және ет өнімдері бағасы – 6,2%, жемістер мен көкөністер 9,3%, өсіп, инфляцияға тиісінше 0,7 және 0,6 пайыздық тармаққа негізгі үлес қосты. Сүт өнімдері бағасының 6,1% қымбаттауы жылдық инфляцияға 0,3 пайыздық тармаққа, май және тоң май (10,5%), алкоголсіз сусындар (9,5%), нан өнімдері мен жармалар (2,8%) – 0,2 пайыздық тармақтан үлес қосты.

    Жылдық мәнде киім – 10,6%, аяқ киім 11,4% қымбаттады және инфляцияға тиісінше 0,7 және 0,4 пайыздық тармаққа үлес қосты.

    2025 жылғы ақпандағы Қазақстан Республикасында жылдық инфляцияға жекелеген құрамдас бөліктерінің үлесі
    пайызбен, өсім
    Тауарлар мен қызметтер Өсу қарқыны Баға өсіміне салым
    Азық-түлік тауарлар 6,5 2,716
    Нан өнімдері мен жармалар 2,8 0,190
    Ет және ет өнімдері 6,2 0,723
    Сүт өнімдері 6,1 0,258
    Жұмыртқа -5,3 -0,076
    Май және тоң май 10,5 0,241
    Жемістер мен көкөністер 9,3 0,561
    Қант 0,7 0,006
    Алкогольсіз сусындар 9,5 0,197
    Азық-түлік емес тауарлар 8,7 2,568
    Киім 10,6 0,665
    Аяқ киім 11,4 0,353
    Жуғыш заттар 1,0 0,013
    Бензин 1,5 0,071
    Жеке қолдану тауарлар 5,9 0,188
    Ақылы қызметтер 14,1 4,085
    Тұрғын үй қызметтері, су, электрэнергиясы, газ және отынның басқа да түрлері 16,3 1,886
    тұрғын үйді күтіп ұстауға төлем 9,8 0,052
    тұрғын үйді жалға алу 16,5 0,581
    тұрғын үй жайларды жөндеу және қызмет көрсету 6,1 0,199
    суық су 70,7 0,343
    ыстық су 14,5 0,038
    қоқыс шығару 11,1 0,033
    суды бұру 17,3 0,032
    электрэнергия 21,0 0,270
    газ 14,4 0,128
    тарату желілері арқылы
    тасымалданатын газ
    13,2 0,099
    сұйытылған 20,5 0,029
    орталықтан жылыту 18,2 0,127
    қатты отын 9,6 0,072
    домофон 12,7 0,011
    Бір айда ақылы қызметтер бағасының деңгейі – 2,1%, азық-түлік тауарлар – 1,5%, азық-түлік емес тауарлар 1% өсті.
    Бір айдағы инфляция
    пайызбен, өсім
      Ақпан
    тауарлар мен қызметтер азық-түлік тауарлар азық-түлік емес тауарлар ақылы қызметтер
    2021 0,7 1,1 0,4 0,3
    2022 0,8 1,2 0,5 0,6
    2023 1,3 1,5 0,8 1,3
    2024 1,1 0,8 0,7 1,7
    2025 1,5 1,5 1,0 2,1
    Глоссарий

    Инфляция – бұл халық жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлар мен қызметтердің белгіленген тізіміне бағаның орташа деңгейінің уақыт бойынша өзгеруін сипаттайтын көрсеткіш.

    Салым – көрсеткіш бойынша пайыздық өзгерістің инфляцияның жалпы мәніне әсер ету.

    Әдіснамалық түсініктемелер

    Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағаларының индексі халық жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлар мен қызметтерге бағаның жалпы деңгейінің уақыт бойынша өзгеруін көрсетеді.

    Тұтыну бағаларының индексін есептеу екі көзден алынған ақпарат негізінде жүргізіледі:

    • осы мақсаттар үшін арнайы іріктелген сауда нүктелерінде және қызмет көрсету орындарында оларды тікелей тіркеу арқылы жиналған бағалардың өзгеруі туралы деректер;
    • халықтың нақты тұтыну шығыстарының құрылымы бөлігінде үй шаруашылықтарын зерттеу материалдары.

    Бағалардың өзгеруі туралы ақпарат жинау қалалар мен аудан орталықтарының іріктемелі тобы бойынша, барлық облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада жүзеге асырылады. Сауда және қызмет көрсету саласының базалық кәсіпорындарын таңдау жергілікті жерлерде жүзеге асырылады. Зерттеуге әртүрлі сауда жағдайлары бар және жаппай сұранысқа ие тауарларды (қызметтерді) үнемі өткізетін кәсіпорындар ұсынылуы үшін сауданың және ақылы қызметтердің барлық түрлерінің объектілері іріктеледі.

    Тұтыну бағаларын байқау және ТБИ есептеу үшін тауарлар мен қызметтер жиынтығы Қазақстанның барлық өңірлері үшін олардың бірыңғай іріктемесін білдіреді. Тауарлар мен қызметтердің тізімі 508 позициядан тұрады, оған халықтың тұтынуында ең көп үлес салмағын алатын ең өкілді түрлер кіреді.

    Бағалар туралы ақпарат жинауды баға тіркеушілері тауарды (көрсетілетін қызметті) өткізу орындарында тікелей жүргізеді. Тексеру жүргізілген күні төленген тауарлардың бағасы, салықтарды қоса алғанда, бірақ оларды жеткізгені үшін қосымша алымдарды қоспағанда тіркеледі.

    Шығаруға жауапты:
    Баға статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    Қ. Жақыпбекұлы
    Тел. +7 7172 749057
    Орындаушы:
    А.Макижанова
    Тел. +7 7172 749265
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
    Онлайн кеңесші