Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
    Түйінді тұстар
    12,2%
    Қазақстан Республикасындағы инфляция 2026 жылғы қаңтар айында 12,2% (2025 жылғы желтоқсанда – 12,3%), бір айда – 1% құрады (өткен айда – 0,9%).
    12,9%
    Баға азық-түлік тауарларға бір жылда – 12,9% (2025 жылғы желтоқсанда – 13,5%), ақылы қызметтерге– 12% (2025 жылғы желтоқсанда – 12%), азық-түлік емес тауарларға 11,7% (2025 жылғы желтоқсанда – 11,1%) өсті.
    Өңірлердегі жылдық инфляция
    кезеңнің соңына, пайызбен, өсім
      2026 2025 2024
    Қазақстан Республикасы 12,2 8,9 9,5
    Абай 11,5 9,0 9,6
    Ақмола 13,5 9,5 9,8
    Ақтөбе 12,2 9,3 8,6
    Алматы 12,5 6,6 8,5
    Атырау 12,0 9,2 10,1
    Батыс Қазақстан 11,5 9,7 8,9
    Жамбыл 11,5 7,6 9,1
    Жетісу 12,4 8,4 9,9
    Қарағанды 12,7 9,9 11,3
    Қостанай 11,5 8,1 8,9
    Қызылорда 11,6 9,0 8,1
    Маңғыстау 12,1 9,2 10,6
    Павлодар 13,5 8,1 8,9
    Солтүстік Қазақстан 14,3 9,6 9,5
    Түркістан 12,8 7,5 9,7
    Ұлытау 13,5 8,5 10,0
    Шығыс Қазақстан 12,0 9,2 10,1
    Астана қаласы 11,9 11,2 8,8
    Алматы қаласы 11,8 9,3 9,9
    Шымкент қаласы 12,0 7,4 9,0
    Инфляцияның жылдық деңгейіне салым

    Инфляцияның жылдық деңгейіне ең үлкен үлесті азық-түлік және алкогольсіз сусындар (5,4 пайыздық тармақ), көлік (1,1 пайыздық тармақ), жеке күтім, әлеуметтік қорғау және басқа да тауарлар мен қызметтер (1 пайыздық тармақ) қосты.

    2026 жылғы қаңтар айындағы Қазақстан Республикасында жылдық инфляцияға жекелеген құрамдас бөліктерінің үлесі
    пайызбен, өсім
    Тауарлар мен қызметтер Өсу қарқыны Баға өсіміне салым
    Азық-түлік тауарлар 12,9 5,498
    Жармалар 8,2 0,009
    Нан және нан өнімдері 8,5 0,271
    Ет және құс 23,0 2,092
    Шұжық, ет өнімдері 19,0 0,674
    Ішетін сүт 10,9 0,137
    Ірімшік және сүзбе 12,4 0,228
    Қышқыл сүт өнімдері 11,5 0,163
    Жұмыртқа 3,6 0,044
    Май және тоң май 12,7 0,294
    Жемістер, жидектер мен жаңғақтар 9,8 0,308
    Көкөністер -2,7 -0,075
    Қант 7,9 0,050
    Алкогольсіз сусындар 16,8 0,308
    Азық-түлік емес тауарлар 11,7 3,268
    Киім 10,3 0,629
    Аяқ киім 11,6 0,374
    Жуғыш заттар 8,2 0,113
    Бензин 16,8 0,576
    Жеке қолдану тауарлар 11,3 0,332
    Ақылы қызметтер 12,0 3,470
    Тұрғын үй қызметтері, су, электрэнергиясы, газ және отынның басқа да түрлері 9,9 0,814
    тұрғын үйді күтіп ұстау және қызмет көрсету 8,6 0,045
    тұрғын үйді жалға алу 12,3 0,207
    Тұрғын үй-жайларға қызмет көрсету, жөндеу және қәуіпсіздікті қамтамасыз ету 8,1 0,181
    суық су -12,9 -0,068
    ыстық су 3,1 0,008
    қоқыс шығару 9,0 0,026
    суды бұру 18,7 0,034
    электрэнергия 6,9 0,102
    газ 16,2 0,153
    тарату желілері арқылы тасымалданатын газ 14,6 0,111
    сұйытылған 24,7 0,042
    орталықтан жылыту 3,9 0,026
    қатты отын 7,5 0,059
    Лифт үшін төлем 11,4 0,019
    домофон 11,5 0,020
    Бір айда ақылы қызметтер бағасының деңгейі – 1,1%, азық-түлік емес тауарлар – 1,2%, азық-түлік тауарлар 0,8% өсті.
    Бір айдағы инфляция
    пайызбен, өсім
      Қаңтар
    тауарлар мен қызметтер азық-түлік тауарлар азық-түлік емес тауарлар ақылы қызметтер
    2022 0,7 1,0 0,3 0,6
    2023 1,1 1,4 0,9 0,7
    2024 0,8 1,1 0,5 0,7
    2025 1,1 1,4 0,6 1,1
    2026 1,0 0,8 1,2 1,1
    Глоссарий

    Инфляция – бұл халық жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлар мен қызметтердің белгіленген тізіміне бағаның орташа деңгейінің уақыт бойынша өзгеруін сипаттайтын көрсеткіш.

    Салым – көрсеткіш бойынша пайыздық өзгерістің инфляцияның жалпы мәніне әсер ету.

    Әдіснамалық түсініктемелер

    Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағаларының индексі халық жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлар мен қызметтерге бағаның жалпы деңгейінің уақыт бойынша өзгеруін көрсетеді.

    Тұтыну бағаларының индексін есептеу екі көзден алынған ақпарат негізінде жүргізіледі:

    • осы мақсаттар үшін арнайы іріктелген сауда нүктелерінде және қызмет көрсету орындарында оларды тікелей тіркеу арқылы жиналған бағалардың өзгеруі туралы деректер;
    • халықтың нақты тұтыну шығыстарының құрылымы бөлігінде үй шаруашылықтарын зерттеу материалдары.

    Бағалардың өзгеруі туралы ақпарат жинау қалалар мен аудан орталықтарының іріктемелі тобы бойынша, барлық облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада жүзеге асырылады. Сауда және қызмет көрсету саласының базалық кәсіпорындарын таңдау жергілікті жерлерде жүзеге асырылады. Зерттеуге әртүрлі сауда жағдайлары бар және жаппай сұранысқа ие тауарларды (қызметтерді) үнемі өткізетін кәсіпорындар ұсынылуы үшін сауданың және ақылы қызметтердің барлық түрлерінің объектілері іріктеледі.

    Тұтыну бағаларын байқау және ТБИ есептеу үшін тауарлар мен қызметтер жиынтығы Қазақстанның барлық өңірлері үшін олардың бірыңғай іріктемесін білдіреді. Тауарлар мен қызметтердің тізімі 537 позициядан тұрады, оған халықтың тұтынуында ең көп үлес салмағын алатын ең өкілді түрлер кіреді.

    Бағалар туралы ақпарат жинауды баға тіркеушілері тауарды (көрсетілетін қызметті) өткізу орындарында тікелей жүргізеді. Тексеру жүргізілген күні төленген тауарлардың бағасы, салықтарды қоса алғанда, бірақ оларды жеткізгені үшін қосымша алымдарды қоспағанда тіркеледі.

    Шығаруға жауапты:
    Баға статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    Т. Демешева
    Тел. +7 7172 749776
    Орындаушы:
    C. Құсайын
    Тел. +7 7172 749531
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4 кіреберіс