Өткен жылғы қаңтармен салыстырғанда тарифтер суық суға – 43,2%, су бұруға – 26,1%, орталықтан жылытуға – 23,1%, ыстық суға – 21,3%, электр энергиясына – 18,9%, тарату желілері бойынша тасымалданатын газға – 12%, қоқыс шығаруға 10,3% өсті.
Баға кешенді демалыстарды ұйымдастыру қызметтеріне – 26%, байланыс қызметтеріне – 16,8%, денсаулық сақтау қызметтеріне – 12%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары қызметтеріне – 11,9%, жеке көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеуге – 11,4%, қоғамдық тамақтандыру қызметтеріне – 10,9%, демалыс және спорттық іс-шаралар саласындағы қызметтеріне 9,3%, жоғарылады. Жолаушылар темір жол көлігімен жол жүру – 18,6%, қалалық автобуспен – 10,5%, жолаушылар әуе көлігімен 7,2% қымбаттады. Тұрғын үйді жалға алу төлемі 15,3% өсті.
Баға деңгейі дыбыс-бейне шолу жабдығына – 41,5%, зергерлік бұйымдар және сағаттарға – 24,9%, отандық құрастырма жаңа жеңіл автомобильдерге – 22,9%, киім және аяқ киімге – 10,6%, жиһаз және үйге қажетті заттарға – 10,3%, фармацевтикалық өнімдерге 8,6% өсті. Ағаш – 15,4%, сұйытылған газ баллондағы – 10,2%, тас көмір 8,6% қымбаттады.
Бағаның өсуі картопқа – 59,3%, басты пиязға – 25,1%, минералды және ауыз суға – 16,7%, темекі өнімдеріне – 14,6%, кондитерлік өнімдерге – 13,3%, сары майға – 13%, салқындатылған сусындарға – 12,3%, қайта өңделген және консервіленген балыққа – 11,9%, жеміс және көкөніс шырындарға 11% белгіленді. Бағаның төмендеуі қарақұмық жармасына – 21,6%, сәбізге 5,3% байқалды.
Өңірлер бөлінісінде 2025 жылғы қаңтарда инфляция орташа республикалық деңгейден асатын он екі өңірде қалыптасты, олардың ішінен ең жоғары – Астана қаласында (11,2%), Қарағанды (9,9%), Батыс Қазақстан (9,7%), Солтүстік Қазақстан (9,6%) облыстарында.
2025 | 2024 | 2023 | |
Қазақстан Республикасы | 8,9 | 9,5 | 20,7 |
Абай | 9,0 | 9,6 | 21,0 |
Ақмола | 9,5 | 9,8 | 21,8 |
Ақтөбе | 9,3 | 8,6 | 20,7 |
Алматы | 6,6 | 8,5 | 18,0 |
Атырау | 9,2 | 10,1 | 19,9 |
Батыс Қазақстан | 9,7 | 8,9 | 20,6 |
Жамбыл | 7,6 | 9,1 | 20,2 |
Жетісу | 8,4 | 9,9 | 20,5 |
Қарағанды | 9,9 | 11,3 | 20,6 |
Қостанай | 8,1 | 8,9 | 20,7 |
Қызылорда | 9,0 | 8,1 | 20,9 |
Маңғыстау | 9,2 | 10,6 | 24,1 |
Павлодар | 8,1 | 8,9 | 20,6 |
Солтүстік Қазақстан | 9,6 | 9,5 | 21,7 |
Түркістан | 7,5 | 9,7 | 21,1 |
Ұлытау | 8,5 | 10,0 | 20,9 |
Шығыс Қазақстан | 9,2 | 10,1 | 20,8 |
Астана қаласы | 11,2 | 8,8 | 23,8 |
Алматы қаласы | 9,3 | 9,9 | 20,2 |
Шымкент қаласы | 7,4 | 9,0 | 20,4 |
Инфляцияның жылдық деңгейіне ең үлкен үлесті азық-түлік және алкогольсіз сусындар (2,2 пайыздық тармақ), тұрғын үй қызметтері (1,7 пайыздық тармақ), киім және аяқ киім (1 пайыздық тармақ) қосты.
Жыл ішінде жемістер мен көкөністер бағасы – 8,8%, ет және ет өнімдері 4,2% өсіп, инфляцияға 0,5 пайыздық тармақтан өсуіне негізгі үлес қосты. Сүт өнімдері бағасының 6,3% қымбаттауы жылдық инфляцияға 0,3 пайыздық тармаққа, май және тоң май (8,8%), алкоголсіз сусындар (8,5%), нан өнімдері мен жармалар (3,3%) – 0,2 пайыздық тармақтан үлес қосты.
ТКШ қызметтері бір жылда 15,2% қымбаттады, ал олардың инфляцияға үлесі 1,7 пайыздық тармақты құрады. 2025 жылғы қаңтарда өткен жылы қаңтармен салыстырғанда тұрғын үйді жалға беру тарифтері 15,3% өсіп және жылдық инфляцияға 0,6 пайыздық тармаққа, суық суға (43,2%), орталықтан жылытуға (23,1%), электр энергиясына (18,9%), тұрғын үй жайларды жөндеу және қызмет көрсетуге тарифтері (5,8%) – 0,2 пайыздық тармақтан үлес қосты.
Тауарлар мен қызметтер | Өсу қарқыны | Баға өсіміне салым |
Азық-түлік тауарлар | 5,8 | 2,398 |
Нан өнімдері мен жармалар | 3,3 | 0,227 |
Ет және ет өнімдері | 4,2 | 0,492 |
Сүт өнімдері | 6,3 | 0,267 |
Жұмыртқа | -3,1 | -0,044 |
Май және тоң май | 8,8 | 0,195 |
Жемістер мен көкөністер | 8,8 | 0,529 |
Қант | -2,0 | -0,019 |
Алкогольсіз сусындар | 8,5 | 0,177 |
Азық-түлік емес тауарлар | 8,4 | 2,473 |
Киім | 10,2 | 0,642 |
Аяқ киім | 11,3 | 0,349 |
Жуғыш заттар | 1,4 | 0,019 |
Бензин | 1,0 | 0,045 |
Жеке қолдану тауарлар | 6,0 | 0,192 |
Ақылы қызметтер | 13,8 | 4,001 |
Тұрғын үй қызметтері, су, электрэнергиясы, газ және отынның басқа да түрлері | 15,2 | 1,740 |
тұрғын үйді күтіп ұстауға төлем | 9,8 | 0,052 |
тұрғын үйді жалға алу | 15,3 | 0,560 |
тұрғын үй жайларды жөндеу және қызмет көрсету | 5,8 | 0,192 |
суық су | 43,2 | 0,209 |
ыстық су | 21,3 | 0,056 |
қоқыс шығару | 10,3 | 0,031 |
суды бұру | 26,1 | 0,049 |
электрэнергия | 18,9 | 0,242 |
газ | 11,7 | 0,104 |
тарату желілері арқылы тасымалданатын газ |
12,0 | 0,089 |
сұйытылған | 10,2 | 0,015 |
орталықтан жылыту | 23,1 | 0,161 |
қатты отын | 10,2 | 0,076 |
домофон | 9,0 | 0,008 |
Қаңтар | ||||
тауарлар мен қызметтер | азық-түлік тауарлар | азық-түлік емес тауарлар | ақылы қызметтер | |
2021 | 0,6 | 1,1 | 0,3 | 0,3 |
2022 | 0,7 | 1,0 | 0,3 | 0,6 |
2023 | 1,1 | 1,4 | 0,9 | 0,7 |
2024 | 0,8 | 1,1 | 0,5 | 0,7 |
2025 | 1,1 | 1,4 | 0,6 | 1,1 |
Инфляция – бұл халық жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлар мен қызметтердің белгіленген тізіміне бағаның орташа деңгейінің уақыт бойынша өзгеруін сипаттайтын көрсеткіш.
Салым – көрсеткіш бойынша пайыздық өзгерістің инфляцияның жалпы мәніне әсер ету.
Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағаларының индексі халық жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлар мен қызметтерге бағаның жалпы деңгейінің уақыт бойынша өзгеруін көрсетеді.
Тұтыну бағаларының индексін есептеу екі көзден алынған ақпарат негізінде жүргізіледі:
Бағалардың өзгеруі туралы ақпарат жинау қалалар мен аудан орталықтарының іріктемелі тобы бойынша, барлық облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада жүзеге асырылады. Сауда және қызмет көрсету саласының базалық кәсіпорындарын таңдау жергілікті жерлерде жүзеге асырылады. Зерттеуге әртүрлі сауда жағдайлары бар және жаппай сұранысқа ие тауарларды (қызметтерді) үнемі өткізетін кәсіпорындар ұсынылуы үшін сауданың және ақылы қызметтердің барлық түрлерінің объектілері іріктеледі.
Тұтыну бағаларын байқау және ТБИ есептеу үшін тауарлар мен қызметтер жиынтығы Қазақстанның барлық өңірлері үшін олардың бірыңғай іріктемесін білдіреді. Тауарлар мен қызметтердің тізімі 508 позициядан тұрады, оған халықтың тұтынуында ең көп үлес салмағын алатын ең өкілді түрлер кіреді.
Бағалар туралы ақпарат жинауды баға тіркеушілері тауарды (көрсетілетін қызметті) өткізу орындарында тікелей жүргізеді. Тексеру жүргізілген күні төленген тауарлардың бағасы, салықтарды қоса алғанда, бірақ оларды жеткізгені үшін қосымша алымдарды қоспағанда тіркеледі.