Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    8,6%
    Қазақстан Республикасындағы инфляция 2023 жылда 9,8%-дан 2024 жылда 8,6%-ға дейін баяулады. Бір айда инфляция 0,9% құрады (алдынғы айдағыдай).
    13,3%
    Баға ақылы қызметтерге бір жылда 13,3% (2023 жылда – 12,4%), азық-түлік емес тауарларға – 8,3% (2023 жылда – 9,1%), азық-түлік тауарларға – 5,5% өсті (2023 жылда – 8,5%).
    Инфляция динамикасы

    Алдыңғы жылмен салыстырғанда сиыр етіне – 32,1%, қой етіне – 28,8%, шұжық өнімдеріне – 19,3%, алмаға – 18,4%, күнбағыс майына – 17,5%, балық және теңіз өнімдеріне – 16,5%, алкогольсіз сусындарға – 16,3%, сары майға – 13,9%, сүт және қышқыл сүт өнімдеріне – 11,2%, құс етіне 10,7% бағалар өсті.

    Сондай-ақ бағалардың өсуі зергерлік бұйымдарда – 38,2%, шаңсорғыштарда – 33,2%, ноутбуктерде – 27,6%, кір жуғыш машиналарда – 17,7%, киім мен аяқ киімде – 10,8%, жеке пайдалануға арналған тауарларда – 9,4% деңгейінде тіркелді. Баллондағы сұйытылған газ 23,2%-ға, АИ-92 маркалы бензин 16,0%-ға, АИ-95/96 маркалы бензин 14,1%-ға қымбаттады.

    Дубайдағы демалыстың құны – 47,5%-ға өсті, тұрғын үйді жалға алу – 14,8%, денсаулық сақтау қызметтері – 14,5%, қоғамдық тамақтану – 14,0%, көлік қызметтері – 10,9%, білім беру қызметтері 8,6% қымбаттады.

    Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық (ТКШ) қызметтері бір жылда 6,4%-ға өсті.

    Өңірлердегі жылдық инфляция
    кезеңнің соңына, пайызбен, өсім
      2024 2023 2022
    Қазақстан Республикасы 8,6 9,8 20,3
    Абай 9,0 9,7 20,1
    Ақмола 9,3 10,7 21,1
    Ақтөбе 8,7 9,3 19,8
    Алматы 6,6 8,4 17,7
    Атырау 8,1 9,6 19,7
    Батыс Қазақстан 8,7 9,2 20,2
    Жамбыл 7,0 9,2 19,8
    Жетісу 8,4 10,0 19,9
    Қарағанды 9,6 11,1 20,7
    Қостанай 7,7 9,3 20,2
    Қызылорда 8,1 8,8 19,9
    Маңғыстау 9,2 10,6 24,0
    Павлодар 7,7 9,3 20,1
    Солтүстік Қазақстан 9,3 10,5 20,6
    Түркістан 7,5 10,2 20,5
    Ұлытау 7,7 10,5 20,8
    Шығыс Қазақстан 8,8 10,1 20,0
    Астана қаласы 10,7 9,1 23,0
    Алматы қаласы 9,2 10,2 20,1
    Шымкент қаласы 7,4 9,5 19,7
    Инфляцияның жылдық деңгейіне салым

    Инфляцияның жылдық деңгейіне ең үлкен үлесті азық-түлік және алкогольсіз сусындар (5,2 пайыздық тармақ), денсаулық сақтау қызметтері (1,5 пайыздық тармақ), тұрғын үй қызметтері (1,2 пайыздық тармақ) қосты.

    2024 жылғы Қазақстан Республикасында жылдық инфляцияға жекелеген құрамдас бөліктерінің үлесі
    кезеңнің соңына
    Тауарлар мен қызметтер Өсу қарқыны, пайызбен Баға өсіміне салым, пайыздық тармаққа
    Азық-түлік тауарлар 5,5 2,344
    Нан өнімдері мен жармалар 3,5 0,233
    Ет және ет өнімдері 3,4 0,428
    Сүт өнімдері 6,1 0,239
    Жұмыртқа 1,2 0,015
    Май және тоң май 5,0 0,097
    Жемістер мен көкөністер 9,3 0,604
    Қант -3,2 -0,038
    Алкогольсіз сусындар 8,4 0,175
    Азық-түлік емес тауарлар 8,3 2,493
    Киім 10,1 0,673
    Аяқ киім 11,4 0,358
    Жуғыш заттар 2,1 0,032
    Бензин 0,8 0,019
    Жеке қолдану тауарлар 6,9 0,211
    Ақылы қызметтер 13,3 3,743
    Тұрғын үй қызметтері, су, электрэнергиясы, газ және отынның басқа да түрлері 14,2 1,769
    тұрғын үйді күтіп ұстауға төлем 8,9 0,066
    тұрғын үйді жалға алу 12,3 0,332
    тұрғын үй жайларды жөндеу және қызмет көрсету 6,0 0,135
    суық су 43,1 0,210
    ыстық су 19,2 0,069
    қоқыс шығару 10,3 0,030
    суды бұру 25,7 0,057
    электрэнергия 18,4 0,381
    газ 11,7 0,129
    тарату желілері арқылы
    тасымалданатын газ
    12,1 0,111
    сұйытылған 10,1 0,018
    орталықтан жылыту 22,3 0,207
    қатты отын 10,4 0,141
    домофон 6,0 0,012
    Бір айда азық-түлік тауарлар бағасының деңгейі – 1,2%, азық-түлік емес тауарлар – 0,7%, ақылы қызметтер 0,6% өсті.
    Бір айдағы инфляция
    пайызбен, өсім
      Желтоқсан
    тауарлар мен қызметтер азық-түлік тауарлар азық-түлік емес тауарлар ақылы қызметтер
    2020 0,9 1,5 0,5 0,4
    2021 0,6 0,6 0,7 0,5
    2022 1,2 1,6 1,3 0,5
    2023 0,8 0,9 0,5 0,8
    2024 0,9 1,1 0,8 0,8
    Глоссарий

    Инфляция – бұл халық жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлар мен қызметтердің белгіленген тізіміне бағаның орташа деңгейінің уақыт бойынша өзгеруін сипаттайтын көрсеткіш.

    Салым – көрсеткіш бойынша пайыздық өзгерістің инфляцияның жалпы мәніне әсер ету.

    Әдіснамалық түсініктемелер

    Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағаларының индексі халық жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлар мен қызметтерге бағаның жалпы деңгейінің уақыт бойынша өзгеруін көрсетеді.

    Тұтыну бағаларының индексін есептеу екі көзден алынған ақпарат негізінде жүргізіледі:

    • осы мақсаттар үшін арнайы іріктелген сауда нүктелерінде және қызмет көрсету орындарында оларды тікелей тіркеу арқылы жиналған бағалардың өзгеруі туралы деректер;
    • халықтың нақты тұтыну шығыстарының құрылымы бөлігінде үй шаруашылықтарын зерттеу материалдары.

    Бағалардың өзгеруі туралы ақпарат жинау қалалар мен аудан орталықтарының іріктемелі тобы бойынша, барлық облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада жүзеге асырылады. Сауда және қызмет көрсету саласының базалық кәсіпорындарын таңдау жергілікті жерлерде жүзеге асырылады. Зерттеуге әртүрлі сауда жағдайлары бар және жаппай сұранысқа ие тауарларды (қызметтерді) үнемі өткізетін кәсіпорындар ұсынылуы үшін сауданың және ақылы қызметтердің барлық түрлерінің объектілері іріктеледі.

    Тұтыну бағаларын байқау және ТБИ есептеу үшін тауарлар мен қызметтер жиынтығы Қазақстанның барлық өңірлері үшін олардың бірыңғай іріктемесін білдіреді. Тауарлар мен қызметтердің тізімі 508 позициядан тұрады, оған халықтың тұтынуында ең көп үлес салмағын алатын ең өкілді түрлер кіреді.

    Бағалар туралы ақпарат жинауды баға тіркеушілері тауарды (көрсетілетін қызметті) өткізу орындарында тікелей жүргізеді. Тексеру жүргізілген күні төленген тауарлардың бағасы, салықтарды қоса алғанда, бірақ оларды жеткізгені үшін қосымша алымдарды қоспағанда тіркеледі.

    Шығаруға жауапты:
    Баға статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    Қ. Жақыпбекұлы
    Тел. +7 7172 749057
    Орындаушы:
    А.Макижанова
    Тел. +7 7172 749265
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
    Онлайн кеңесші