Өткен жылғы қыркүйекпен салыстырғанда тарифтер орталықтан жылытуға – 33%, суық суға – 29,4%, су бұруға – 24%, электр энергиясына – 23,7%, қоқыс шығаруға – 18,1%, ыстық суға – 17,4%, тарату желілері бойынша тасымалданатын газға 12% өсті.
Тұрғын үйді жалға алу төлемі 12,3% өсті. Баға кешенді демалыстарды ұйымдастыру қызметтеріне – 19,3%, байланыс қызметтеріне – 15%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары қызметтеріне – 12,9%, денсаулық сақтау қызметтеріне, салт-жора қызметтеріне – 11,6%-дан, демалыс және спорттық іс-шаралар саласындағы қызметтеріне – 11%, жеке көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеуге – 10,5%, қоғамдық тамақтандыру қызметтеріне – 9,3%, білім беру қызметтеріне 8,7% жоғарылады. Жолаушылар әуе көлігімен жол жүру – 16,8%, таксимен – 12,2%, қалалық автобуспен – 11,7%, жолаушылар темір жол көлігімен 9,5% қымбаттады.
Баға деңгейі дыбыс-бейне шолу жабдығына – 39,8%, отандық құрастырма жаңа жеңіл автомобильдерге – 31,5%, фармацевтикалық өнімдерге – 12%, киім және аяқ киімге – 10,7%, жиһаз және үйге қажетті заттарға – 10%, жеке қолданылатын тауарларға – 7,6%, құрылыс материалдарына 6,3% өсті. Ағаш – 10,6%, тас көмір – 9,8%, сұйытылған газ баллондағы 9,2% қымбаттады.
Бағаның өсуі қызанақтарға – 28,2%, қиярларға – 22,5%, темекі өнімдеріне – 17,4%, минералды және ауыз суға – 14,4%, кондитерлік өнімдерге – 13,6%, банандарға – 12,9%, жұмыртқаға – 11,8%, салқындатылған сусындарға – 11,6%, жеміс және көкөніс шырындарға – 10,8%, картопқа 10,2% белгіленді. Бағаның төмендеуі ақ қауданды қырыққабатқа – 26,5%, қарақұмық жармасына – 22,5%, сәбізге – 12,8%, күнбағыс майына 12,1% байқалды.
Өңірлер бөлінісінде 2024 жылғы қыркүйекте инфляция жылдық мәнде орташа республикалық деңгейден асатын он бір өңірде қалыптасты, олардың ішінен ең жоғары – Астана қаласында (10,3%), Маңғыстау (9,8%), Шығыс Қазақстан (9,2%) облыстарында.
2024 | 2023 | 2022 | |
---|---|---|---|
Қазақстан Республикасы | 8,3 | 11,8 | 17,7 |
Абай | 8,7 | 10,7 | 18,8 |
Ақмола | 8,4 | 13,2 | 19,2 |
Ақтөбе | 8,7 | 11,6 | 17,2 |
Алматы | 5,5 | 10,4 | 15,8 |
Атырау | 8,9 | 10,8 | 17,1 |
Батыс Қазақстан | 9,0 | 11,4 | 17,0 |
Жамбыл | 6,7 | 12,3 | 15,8 |
Жетісу | 8,1 | 12,7 | 17,5 |
Қарағанды | 8,8 | 12,3 | 18,4 |
Қостанай | 7,5 | 10,8 | 18,4 |
Қызылорда | 8,1 | 12,3 | 16,6 |
Маңғыстау | 9,8 | 10,9 | 21,7 |
Павлодар | 9,1 | 11,4 | 17,2 |
Солтүстік Қазақстан | 8,8 | 12,6 | 18,0 |
Түркістан | 7,7 | 11,8 | 17,6 |
Ұлытау | 6,3 | 11,7 | 19,6 |
Шығыс Қазақстан | 9,2 | 11,4 | 18,8 |
Астана қаласы | 10,3 | 11,6 | 20,0 |
Алматы қаласы | 8,3 | 12,4 | 17,3 |
Шымкент қаласы | 7,6 | 11,0 | 16,5 |
Инфляцияның жылдық деңгейіне ең үлкен үлесті азық-түлік және алкогольсіз сусындар, тұрғын үй қызметтері (2 пайыздық тармақтан), киім және аяқ киім (1 пайыздық тармақ) қосты.
Бір жылда баға ет және ет өнімдеріне 3,6% жоғарылады және инфляцияға негізгі үлес 0,5 пайыздық тармақ, нан өнімдері мен жармаларға (5,5%), жемістер мен көкөністерге (3,9%) – 0,4 пайыздық тармақтан қосты. Жұмыртқалар – 11,8%, алкоголсіз сусындар – 8%, сүт өнімдері 5,3% қымбаттауы жылдық инфляцияға 0,2 пайыздық тармақтан үлес қосты.
ТКШ қызметтері бір жылда 15,6% қымбаттады, ал олардың инфляцияға үлесі 2 пайыздық тармақты құрады. 2024 жылғы қыркүйекте өткен жылғы қыркүйекпен салыстырғанда электр энергиясы 23,7% жоғары болды және жылдық инфляцияға 0,5 пайыздық тармақ үлес қосты. Тұрғын үйді жалға беру 12,3% қымбаттады, үлесі 0,4 пайыздық тармақты, орталықтан жылыту (33%) – 0,3 пайыздық тармақты, тұрғын үй-жайларды жөндеу және қызмет көрсету бойынша қызметтер (7,2%), суық су (29,4%) – 0,2 пайыздық тармақтан құрады.
Тауарлар мен қызметтер | Өсу қарқыны | Баға өсіміне салым |
---|---|---|
Азық-түлік тауарлар | 5,1 | 2,201 |
Нан өнімдері мен жармалар | 5,5 | 0,368 |
Ет және ет өнімдері | 3,6 | 0,446 |
Сүт өнімдері | 5,3 | 0,203 |
Жұмыртқа | 11,8 | 0,150 |
Май және тоң май | -1,1 | -0,051 |
Жемістер мен көкөністер | 3,9 | 0,376 |
Қант | -3,3 | -0,038 |
Алкогольсіз сусындар | 8,0 | 0,164 |
Азық-түлік емес тауарлар | 7,6 | 2,294 |
Киім | 10,3 | 0,667 |
Аяқ киім | 11,5 | 0,358 |
Жуғыш заттар | 0,9 | 0,012 |
Бензин | 0,5 | 0,013 |
Жеке қолдану тауарлар | 7,6 | 0,229 |
Ақылы қызметтер | 13,6 | 3,793 |
Тұрғын үй қызметтері, су, электрэнергиясы, газ және отынның басқа да түрлері | 15,6 | 2,026 |
тұрғын үйді күтіп ұстауға төлем | 8,5 | 0,062 |
тұрғын үйді жалға алу | 12,3 | 0,360 |
тұрғын үй жайларды жөндеу және қызмет көрсету | 7,2 | 0,181 |
суық су | 29,4 | 0,151 |
ыстық су | 17,4 | 0,068 |
қоқыс шығару | 18,1 | 0,052 |
суды бұру | 24,0 | 0,055 |
электрэнергия | 23,7 | 0,491 |
газ | 11,5 | 0,127 |
тарату желілері арқылы тасымалданатын газ |
12,0 | 0,110 |
сұйытылған | 9,2 | 0,017 |
орталықтан жылыту | 33,0 | 0,324 |
қатты отын | 10,1 | 0,144 |
домофон | 6,9 | 0,011 |
Қыркүйек | ||||
---|---|---|---|---|
тауарлар мен қызметтер | азық-түлік тауарлар | азық-түлік емес тауарлар | ақылы қызметтер | |
2020 | 0,3 | 0,0 | 0,4 | 0,5 |
2021 | 0,4 | 0,1 | 0,6 | 0,7 |
2022 | 1,8 | 1,2 | 1,9 | 2,7 |
2023 | 0,6 | 0,3 | 0,6 | 0,9 |
2024 | 0,4 | 0,0 | 0,6 | 1,0 |
Инфляция – бұл халық жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлар мен қызметтердің белгіленген тізіміне бағаның орташа деңгейінің уақыт бойынша өзгеруін сипаттайтын көрсеткіш.
Салым – көрсеткіш бойынша пайыздық өзгерістің инфляцияның жалпы мәніне әсер ету.
Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағаларының индексі халық жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлар мен қызметтерге бағаның жалпы деңгейінің уақыт бойынша өзгеруін көрсетеді.
Тұтыну бағаларының индексін есептеу екі көзден алынған ақпарат негізінде жүргізіледі:
Бағалардың өзгеруі туралы ақпарат жинау қалалар мен аудан орталықтарының іріктемелі тобы бойынша, барлық облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада жүзеге асырылады. Сауда және қызмет көрсету саласының базалық кәсіпорындарын таңдау жергілікті жерлерде жүзеге асырылады. Зерттеуге әртүрлі сауда жағдайлары бар және жаппай сұранысқа ие тауарларды (қызметтерді) үнемі өткізетін кәсіпорындар ұсынылуы үшін сауданың және ақылы қызметтердің барлық түрлерінің объектілері іріктеледі.
Тұтыну бағаларын байқау және ТБИ есептеу үшін тауарлар мен қызметтер жиынтығы Қазақстанның барлық өңірлері үшін олардың бірыңғай іріктемесін білдіреді. Тауарлар мен қызметтердің тізімі 508 позициядан тұрады, оған халықтың тұтынуында ең көп үлес салмағын алатын ең өкілді түрлер кіреді.
Бағалар туралы ақпарат жинауды баға тіркеушілері тауарды (көрсетілетін қызметті) өткізу орындарында тікелей жүргізеді. Тексеру жүргізілген күні төленген тауарлардың бағасы, салықтарды қоса алғанда, бірақ оларды жеткізгені үшін қосымша алымдарды қоспағанда тіркеледі.