Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    8,4%
    Қазақстан Республикасындағы инфляция 2024 жылғы қарашада баяулады, бір жылда 8,4% (2024 жылғы қазанда – 8,5%). Бір айда инфляция 0,9% құрады (алдынғы айдағыдай).
    13,3%
    Баға ақылы қызметтерге бір жылда 13,3% (2024 жылғы қазанда – 14,3%), азық-түлік емес тауарларға – 8% (2024 жылғы қазанда – 7,8%), азық-түлік тауарларға – 5,4% өсті (2024 жылғы қазанда – 4,9%).
    Инфляция динамикасы

    Өткен жылғы қарашамен салыстырғанда тарифтер суық суға – 43,1%, су бұруға – 25,7%, ыстық суға және электр энергиясына – 21,7%-дан, орталықтан жылытуға – 17,5%, тарату желілері бойынша тасымалданатын газға – 11,7%, қоқыс шығаруға 10,3% өсті.

    Баға кешенді демалыстарды ұйымдастыру қызметтеріне – 22,3%, байланыс қызметтеріне – 16,8%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары қызметтеріне – 13,1%, денсаулық сақтау қызметтеріне – 12%, жеке көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеуге – 11,6%, салт-жора қызметтеріне – 11,2%, демалыс және спорттық іс-шаралар саласындағы қызметтеріне – 11,1%, қоғамдық тамақтандыру қызметтеріне 9,6% жоғарылады. Жолаушылар темір жол көлігімен жол жүру – 24,5%, қалалық автобуспен 11,8% қымбаттады. Тұрғын үйді жалға алу төлемі 9,6% өсті.

    Баға деңгейі дыбыс-бейне шолу жабдығына – 39,4%, отандық құрастырма жаңа жеңіл автомобильдерге – 26,8%, фармацевтикалық өнімдерге – 10,5%, киім және аяқ киімге – 10,4%, жиһаз және үйге қажетті заттарға – 10,1%, жеке қолданылатын тауарларға – 7%, құрылыс материалдарына 5,9% өсті. Ағаш – 15,3%, сұйытылған газ баллондағы – 9,2%, тас көмір 8,5% қымбаттады.

    Бағаның өсуі картопқа – 28,2%, қиярларға – 25,9%, қызанақтарға – 25,5%, темекі өнімдеріне – 15,8%, басты пиязға – 15,5%, минералды және ауыз суға – 13,9%, кондитерлік өнімдерге – 12,5%, салқындатылған сусындарға – 11,3%, жеміс және көкөніс шырындарға 10,2% белгіленді. Бағаның төмендеуі қарақұмық жармасына – 21,6%, сәбізге – 10,2%, ақ қауданды қырыққабатқа – 8,5%, күнбағыс майына 5,3% байқалды.

    Өңірлер бөлінісінде 2024 жылғы қазанда инфляция жылдық мәнде орташа республикалық деңгейден асатын он өңірде қалыптасты, олардың ішінен ең жоғары – Астана қаласында (10,3%), Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облысында (9,4%-дан).

    Өңірлердегі қараша айындағы жылдық инфляция
    пайызбен, өсім
      2024 2023 2022
    Қазақстан Республикасы 8,4 10,3 19,6
    Абай 9,3 9,7 19,5
    Ақмола 8,8 11,2 21,0
    Ақтөбе 8,3 10,3 19,2
    Алматы 6,5 8,4 17,8
    Атырау 8,8 9,7 19,0
    Батыс Қазақстан 9,0 10,1 18,8
    Жамбыл 6,3 10,7 18,0
    Жетісу 8,4 10,7 19,2
    Қарағанды 8,9 11,6 20,2
    Қостанай 7,6 10,4 18,8
    Қызылорда 8,0 9,7 19,1
    Маңғыстау 9,4 10,4 23,8
    Павлодар 7,8 10,4 19,1
    Солтүстік Қазақстан 9,4 11,0 19,6
    Түркістан 7,6 11,0 19,0
    Ұлытау 6,9 11,2 20,3
    Шығыс Қазақстан 8,9 10,5 19,3
    Астана қаласы 10,3 9,2 22,6
    Алматы қаласы 9,0 10,5 19,5
    Шымкент қаласы 7,7 9,2 19,5
    Инфляцияның жылдық деңгейіне салым

    Инфляцияның жылдық деңгейіне ең үлкен үлесті азық-түлік және алкогольсіз сусындар (2,1 пайыздық тармақ), тұрғын үй қызметтері (1,8 пайыздық тармақ), киім және аяқ киім (1 пайыздық тармақ) қосты.

    Бір жылда баға жемістер мен көкөністерге 8,4% жоғарылады және инфляцияға негізгі үлес 0,6 пайыздық тармақ қосты. Ет және ет өнімдері 3,4% қымбаттауы жылдық инфляцияға 0,4 пайыздық тармақ, нан өнімдері мен жармалар (3,9%) – 0,3 пайыздық тармақ, алкоголсіз сусындар (8,2%), сүт өнімдері (5,7%) – 0,2 пайыздық тармақтан үлес қосты.

    ТКШ қызметтері бір жылда 13,9% қымбаттады, ал олардың инфляцияға үлесі 1,8 пайыздық тармақты құрады. 2024 жылғы қарашада өткен жылғы қарашамен салыстырғанда электр энергиясы 21,7% жоғары болды және жылдық инфляцияға 0,5 пайыздық тармақ үлес қосты. Тұрғын үйді жалға беру 9,6% қымбаттады және жылдық инфляцияға негізгі үлес 0,3 пайыздық тармақ, суық су (43,1%), орталықтан жылыту (17,5%), тұрғын үй-жайларды жөндеу және қызмет көрсету бойынша қызметтер (6,6%) – 0,2 пайыздық тармақтан қосты.

    2024 жылғы қарашадағы Қазақстан Республикасында жылдық инфляцияға жекелеген құрамдас бөліктерінің үлесі
    пайызбен, өсім
    Тауарлар мен қызметтер Өсу қарқыны Баға өсіміне салым
    Азық-түлік тауарлар 5,4 2,289
    Нан өнімдері мен жармалар 3,9 0,258
    Ет және ет өнімдері 3,4 0,423
    Сүт өнімдері 5,7 0,224
    Жұмыртқа 4,4 0,056
    Май және тоң май 3,0 0,047
    Жемістер мен көкөністер 8,4 0,580
    Қант -4,2 -0,049
    Алкогольсіз сусындар 8,2 0,171
    Азық-түлік емес тауарлар 8,0 2,410
    Киім 9,9 0,658
    Аяқ киім 11,5 0,360
    Жуғыш заттар 2,3 0,034
    Бензин 0,6 0,014
    Жеке қолдану тауарлар 7,0 0,215
    Ақылы қызметтер 13,3 3,730
    Тұрғын үй қызметтері, су, электрэнергиясы, газ және отынның басқа да түрлері 13,9 1,826
    тұрғын үйді күтіп ұстауға төлем 9,0 0,066
    тұрғын үйді жалға алу 9,6 0,284
    тұрғын үй жайларды жөндеу және қызмет көрсету 6,6 0,166
    суық су 43,1 0,223
    ыстық су 21,7 0,085
    қоқыс шығару 10,3 0,030
    суды бұру 25,7 0,059
    электрэнергия 21,7 0,455
    газ 11,2 0,125
    тарату желілері арқылы
    тасымалданатын газ
    11,7 0,108
    сұйытылған 9,2 0,017
    орталықтан жылыту 17,5 0,174
    қатты отын 10,2 0,149
    домофон 6,5 0,010
    Бір айда азық-түлік тауарлар бағасының деңгейі – 1,1%, ақылы қызметтер – 0,8%, азық-түлік емес тауарлар 0,7% жоғарылады.
    Бір айдағы инфляция
    пайызбен, өсім
      Қараша
    тауарлар мен қызметтер азық-түлік тауарлар азық-түлік емес тауарлар ақылы қызметтер
    2020 0,9 1,3 0,6 0,8
    2021 0,7 0,9 1,0 0,3
    2022 1,4 1,8 1,6 0,8
    2023 1,0 0,7 0,5 1,7
    2024 0,9 1,1 0,7 0,8
    Глоссарий

    Инфляция – бұл халық жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлар мен қызметтердің белгіленген тізіміне бағаның орташа деңгейінің уақыт бойынша өзгеруін сипаттайтын көрсеткіш.

    Салым – көрсеткіш бойынша пайыздық өзгерістің инфляцияның жалпы мәніне әсер ету.

    Әдіснамалық түсініктемелер

    Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағаларының индексі халық жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлар мен қызметтерге бағаның жалпы деңгейінің уақыт бойынша өзгеруін көрсетеді.

    Тұтыну бағаларының индексін есептеу екі көзден алынған ақпарат негізінде жүргізіледі:

    • осы мақсаттар үшін арнайы іріктелген сауда нүктелерінде және қызмет көрсету орындарында оларды тікелей тіркеу арқылы жиналған бағалардың өзгеруі туралы деректер;
    • халықтың нақты тұтыну шығыстарының құрылымы бөлігінде үй шаруашылықтарын зерттеу материалдары.

    Бағалардың өзгеруі туралы ақпарат жинау қалалар мен аудан орталықтарының іріктемелі тобы бойынша, барлық облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада жүзеге асырылады. Сауда және қызмет көрсету саласының базалық кәсіпорындарын таңдау жергілікті жерлерде жүзеге асырылады. Зерттеуге әртүрлі сауда жағдайлары бар және жаппай сұранысқа ие тауарларды (қызметтерді) үнемі өткізетін кәсіпорындар ұсынылуы үшін сауданың және ақылы қызметтердің барлық түрлерінің объектілері іріктеледі.

    Тұтыну бағаларын байқау және ТБИ есептеу үшін тауарлар мен қызметтер жиынтығы Қазақстанның барлық өңірлері үшін олардың бірыңғай іріктемесін білдіреді. Тауарлар мен қызметтердің тізімі 508 позициядан тұрады, оған халықтың тұтынуында ең көп үлес салмағын алатын ең өкілді түрлер кіреді.

    Бағалар туралы ақпарат жинауды баға тіркеушілері тауарды (көрсетілетін қызметті) өткізу орындарында тікелей жүргізеді. Тексеру жүргізілген күні төленген тауарлардың бағасы, салықтарды қоса алғанда, бірақ оларды жеткізгені үшін қосымша алымдарды қоспағанда тіркеледі.

    Шығаруға жауапты:
    Баға статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    Қ. Жақыпбекұлы
    Тел. +7 7172 749057
    Орындаушы:
    А.Макижанова
    Тел. +7 7172 749265
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
    Онлайн кеңесші