Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    8,5%
    Қазақстан Республикасындағы инфляция 2024 жылғы қазанда үдеп, бір жылда 8,5% (2024 жылғы қыркүйекте – 8,3%), бір айда – 0,9% құрады (өткен айда – 0,4%).
    14,3%
    Баға ақылы қызметтерге бір жылда 14,3% (2024 жылғы қыркүйекте – 13,6%), азық-түлік емес тауарларға – 7,8% (2024 жылғы қыркүйекте – 7,6%), азық-түлік тауарларға – 4,9% өсті (2024 жылғы қыркүйекте – 5,1%).
    Инфляция динамикасы

    Өткен жылғы қазанмен салыстырғанда тарифтер суық суға – 60,3%, орталықтан жылытуға – 33,6%, су бұруға – 26,9%, электр энергиясына – 22,9%, ыстық суға – 18,1%, қоқыс шығаруға – 16,3%, тарату желілері бойынша тасымалданатын газға 11,6% өсті.

    Тұрғын үйді жалға алу төлемі 9,9% өсті. Баға байланыс қызметтеріне – 17,4%, кешенді демалыстарды ұйымдастыру қызметтеріне – 16,4%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары қызметтеріне – 11,9%, салт-жора қызметтеріне – 11,6%, денсаулық сақтау қызметтеріне – 11,4%, демалыс және спорттық іс-шаралар саласындағы қызметтеріне – 10,8%, жеке көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеуге – 10,7%, қоғамдық тамақтандыру қызметтеріне 8,8% жоғарылады. Жолаушылар темір жол көлігімен жол жүру – 23,7%, жолаушылар әуе көлігімен – 16,4%, қалалық автобуспен – 11,8%, таксимен 10,6% қымбаттады.

    Баға деңгейі дыбыс-бейне шолу жабдығына – 42,1%, отандық құрастырма жаңа жеңіл автомобильдерге – 35,3%, фармацевтикалық өнімдерге – 11%, киім және аяқ киімге – 10,6%, жиһаз және үйге қажетті заттарға – 9,8%, жеке қолданылатын тауарларға – 7,3%, құрылыс материалдарына 6,3% өсті. Ағаш – 14,8%, сұйытылған газ баллондағы – 9%, тас көмір 8,5% қымбаттады.

    Бағаның өсуі қиярларға – 27,6%, қызанақтарға – 27%, темекі өнімдеріне – 15,8%, минералды және ауыз суға – 14,1%, картопқа – 13,9%, кондитерлік өнімдерге – 12,6%, салқындатылған сусындарға – 11,4%, жеміс және көкөніс шырындарға – 10,4%, жұмыртқаға 9,4% белгіленді. Бағаның төмендеуі қарақұмық жармасына – 21,9%, ақ қауданды қырыққабатқа – 20,8%, сәбізге – 16,2%, күнбағыс майына 9,2% байқалды.

    Өңірлер бөлінісінде 2024 жылғы қазанда инфляция жылдық мәнде орташа республикалық деңгейден асатын он өңірде қалыптасты, олардың ішінен ең жоғары – Астана қаласында (10,2%), Маңғыстау облысында (9,7%), Алматы қаласында және Батыс Қазақстан облысында (9,4%-дан).

    Өңірлердегі қазан айындағы жылдық инфляция
    пайызбен, өсім
    2024 2023 2022
    Қазақстан Республикасы 8,5 10,8 18,8
    Абай 9,2 9,7 19,5
    Ақмола 8,3 12,7 19,9
    Ақтөбе 8,6 10,5 18,4
    Алматы 5,8 9,1 16,9
    Атырау 8,7 10,6 17,7
    Батыс Қазақстан 9,4 10,4 18,4
    Жамбыл 6,9 11,3 16,8
    Жетісу 8,1 11,7 18,4
    Қарағанды 8,7 11,4 19,4
    Қостанай 7,4 10,7 18,5
    Қызылорда 8,4 10,3 18,3
    Маңғыстау 9,7 10,3 22,7
    Павлодар 8,5 10,6 18,1
    Солтүстік Қазақстан 9,0 12,1 18,6
    Түркістан 7,7 11,2 17,7
    Ұлытау 6,9 11,4 19,6
    Шығыс Қазақстан 9,1 10,9 19,0
    Астана қаласы 10,2 9,9 21,8
    Алматы қаласы 9,4 11,1 18,8
    Шымкент қаласы 7,2 9,7 18,5
    Инфляцияның жылдық деңгейіне салым

    Инфляцияның жылдық деңгейіне ең үлкен үлесті тұрғын үй қызметтері (2,1 пайыздық тармақ), азық-түлік және алкогольсіз сусындар (1,9 пайыздық тармақ), киім және аяқ киім (1 пайыздық тармақ) қосты.

    Бір жылда баға жемістер мен көкөністерге – 4,2%, ет және ет өнімдеріне 3,5% жоғарылады және инфляцияға негізгі үлес 0,4 пайыздық тармақтан, нан өнімдері мен жармаларға (4,7%) – 0,3 пайыздық тармақ қосты. Алкоголсіз сусындар – 8,2%, сүт өнімдері 5,3% қымбаттауы жылдық инфляцияға 0,2 пайыздық тармақтан үлес қосты.

    ТКШ қызметтері бір жылда 16,3% қымбаттады, ал олардың инфляцияға үлесі 2,1 пайыздық тармақты құрады. 2024 жылғы қазанда өткен жылғы қазанмен салыстырғанда электр энергиясы 22,9% жоғары болды және жылдық инфляцияға 0,5 пайыздық тармақ үлес қосты. Суық су – 60,3%, орталықтан жылыту – 33,6%, тұрғын үйді жалға беру 9,9% қымбаттады және жылдық инфляцияға негізгі үлес 0,3 пайыздық тармақтан, тұрғын үй-жайларды жөндеу және қызмет көрсету бойынша қызметтер (7%) – 0,2 пайыздық тармақ қосты.

    2024 жылғы қазандағы Қазақстан Республикасында жылдық инфляцияға жекелеген құрамдас бөліктерінің үлесі
    пайызбен, өсім
    Тауарлар мен қызметтер Өсу қарқыны Баға өсіміне салым
    Азық-түлік тауарлар 4,9 2,122
    Нан өнімдері мен жармалар 4,7 0,305
    Ет және ет өнімдері 3,5 0,437
    Сүт өнімдері 5,3 0,205
    Жұмыртқа 9,4 0,120
    Май және тоң май 0,8 -0,009
    Жемістер мен көкөністер 4,2 0,388
    Қант -5,0 -0,058
    Алкогольсіз сусындар 8,2 0,169
    Азық-түлік емес тауарлар 7,8 2,377
    Киім 10,0 0,657
    Аяқ киім 11,9 0,371
    Жуғыш заттар 1,8 0,027
    Бензин 0,4 0,010
    Жеке қолдану тауарлар 7,3 0,223
    Ақылы қызметтер 14,3 3,974
    Тұрғын үй қызметтері, су, электрэнергиясы, газ және отынның басқа да түрлері 16,3 2,109
    тұрғын үйді күтіп ұстауға төлем 8,8 0,064
    тұрғын үйді жалға алу 9,9 0,291
    тұрғын үй жайларды жөндеу және қызмет көрсету 7,0 0,175
    суық су 60,3 0,311
    ыстық су 18,1 0,071
    қоқыс шығару 16,3 0,047
    суды бұру 26,9 0,061
    электрэнергия 22,9 0,477
    газ 11,1 0,123
       тарату желілері арқылы
       тасымалданатын газ
    11,6 0,106
       сұйытылған 9,0 0,017
    орталықтан жылыту 33,6 0,332
    қатты отын 10,1 0,147
    домофон 6,6 0,010
    Бір айда ақылы қызметтер бағасының деңгейі – 1,4%, азық-түлік емес тауарлар – 1%, азық-түлік тауарлар 0,4% жоғарылады.
    Бір айдағы инфляция
    пайызбен, өсім
    Қазан
    тауарлар мен қызметтер азық-түлік тауарлар азық-түлік емес тауарлар ақылы қызметтер
    2020 0,6 0,8 0,6 0,4
    2021 0,7 0,7 1,0 0,5
    2022 1,6 1,4 1,7 1,7
    2023 0,7 0,5 0,8 0,8
    2024 0,9 0,4 1,0 1,4
    Глоссарий

    Инфляция – бұл халық жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлар мен қызметтердің белгіленген тізіміне бағаның орташа деңгейінің уақыт бойынша өзгеруін сипаттайтын көрсеткіш.

    Салым – көрсеткіш бойынша пайыздық өзгерістің инфляцияның жалпы мәніне әсер ету.

    Әдіснамалық түсініктемелер

    Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағаларының индексі халық жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлар мен қызметтерге бағаның жалпы деңгейінің уақыт бойынша өзгеруін көрсетеді.

    Тұтыну бағаларының индексін есептеу екі көзден алынған ақпарат негізінде жүргізіледі:

    • осы мақсаттар үшін арнайы іріктелген сауда нүктелерінде және қызмет көрсету орындарында оларды тікелей тіркеу арқылы жиналған бағалардың өзгеруі туралы деректер;
    • халықтың нақты тұтыну шығыстарының құрылымы бөлігінде үй шаруашылықтарын зерттеу материалдары.

    Бағалардың өзгеруі туралы ақпарат жинау қалалар мен аудан орталықтарының іріктемелі тобы бойынша, барлық облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада жүзеге асырылады. Сауда және қызмет көрсету саласының базалық кәсіпорындарын таңдау жергілікті жерлерде жүзеге асырылады. Зерттеуге әртүрлі сауда жағдайлары бар және жаппай сұранысқа ие тауарларды (қызметтерді) үнемі өткізетін кәсіпорындар ұсынылуы үшін сауданың және ақылы қызметтердің барлық түрлерінің объектілері іріктеледі.

    Тұтыну бағаларын байқау және ТБИ есептеу үшін тауарлар мен қызметтер жиынтығы Қазақстанның барлық өңірлері үшін олардың бірыңғай іріктемесін білдіреді. Тауарлар мен қызметтердің тізімі 508 позициядан тұрады, оған халықтың тұтынуында ең көп үлес салмағын алатын ең өкілді түрлер кіреді.

    Бағалар туралы ақпарат жинауды баға тіркеушілері тауарды (көрсетілетін қызметті) өткізу орындарында тікелей жүргізеді. Тексеру жүргізілген күні төленген тауарлардың бағасы, салықтарды қоса алғанда, бірақ оларды жеткізгені үшін қосымша алымдарды қоспағанда тіркеледі.


    Шығаруға жауапты:
    Баға статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    Қ. Жақыпбекұлы
    Тел. +7 7172 749057
    Орындаушы:
    А.Макижанова
    Тел. +7 7172 749265
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
    Онлайн кеңесші