Өткен жылғы тамызбен салыстырғанда тарифтер орталықтан жылытуға – 33%, қоқыс шығаруға – 23,5%, су бұруға – 22,9%, электр энергиясына – 22,8%, суық суға – 21,9%, ыстық суға 20,2% өсті.
Тұрғын үйді жалға алу құны 12,4% өсті. Баға кешенді демалыстарды ұйымдастыру қызметтеріне – 17,8%, байланыс қызметтеріне – 14,9%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары қызметтеріне – 12,8%, денсаулық сақтау қызметтеріне – 12%, салт-жора қызметтеріне – 11,7%, демалыс және спорттық іс-шаралар саласындағы қызметтеріне – 11,5%, санаторийлер қызметтеріне – 10,7%, қоғамдық тамақтандыру қызметтеріне 9,4% жоғарылады. Таксимен жол жүру – 14,6%, қалалық автобуспен – 12%, жолаушылар әуе көлігімен – 8,5%, жолаушылар темір жол көлігімен 8,2% қымбаттады.
Баға деңгейі отандық құрастырма жаңа жеңіл автомобильдерге – 28,6%, фармацевтикалық өнімдерге – 11,6%, киім және аяқ киімге – 11%, жиһаз және үйге қажетті заттарға – 10,6%, жеке қолданылатын тауарларға – 7,8%, құрылыс материалдарына 5,9% өсті. Тас көмір – 10,3%, ағаш – 10,1%, сұйытылған газ баллондағы 9,1% қымбаттады.
Бағаның өсуі қызанақтарға – 24,9%, қиярларға – 21,6%, темекі өнімдеріне – 17,4%, минералды және ауыз суға – 14,7%, картопқа – 14,3%, кондитерлік өнімдерге – 13,4%, жаңа жиналған жемістерге – 12,8%, салқындатылған сусындарға – 11,5%, жеміс және көкөніс шырындарға – 11,2%, жаңа ауланған балыққа – 9,4%, жұмыртқаға 8,6% белгіленді. Бағаның төмендеуі ақ қауданды қырыққабатқа – 27,6%, қарақұмық жармасына – 23,4%, күнбағыс майына – 17,2%, пиязға 14,2% байқалды.
Өңірлер бөлінісінде 2024 жылғы тамызда инфляция жылдық мәнде орташа республикалық деңгейден асатын он өңірде қалыптасты, олардың ішінен ең жоғары – Астана қаласында (10,5%), Маңғыстау (10,2%), Павлодар (9,6%) облыстарында.
2024 | 2023 | 2022 | |
Қазақстан Республикасы | 8,4 | 13,1 | 16,1 |
Абай | 8,1 | 12,4 | 16,9 |
Ақмола | 8,2 | 14,1 | 17,8 |
Ақтөбе | 8,6 | 12,5 | 16,1 |
Алматы | 5,2 | 12,3 | 13,6 |
Атырау | 9,4 | 11,0 | 16,5 |
Батыс Қазақстан | 9,0 | 12,6 | 16,0 |
Жамбыл | 7,4 | 13,3 | 14,8 |
Жетісу | 8,3 | 13,2 | 16,2 |
Қарағанды | 9,4 | 13,5 | 16,6 |
Қостанай | 7,8 | 12,8 | 15,9 |
Қызылорда | 7,7 | 13,3 | 15,5 |
Маңғыстау | 10,2 | 13,1 | 19,3 |
Павлодар | 9,6 | 12,3 | 15,9 |
Солтүстік Қазақстан | 9,1 | 13,9 | 16,3 |
Түркістан | 7,5 | 13,1 | 16,0 |
Ұлытау | 6,6 | 12,7 | 18,6 |
Шығыс Қазақстан | 9,2 | 12,9 | 16,8 |
Астана қаласы | 10,5 | 13,9 | 17,3 |
Алматы қаласы | 8,6 | 13,7 | 15,9 |
Шымкент қаласы | 7,5 | 12,3 | 15,5 |
Инфляцияның жылдық деңгейіне ең үлкен үлесті азық-түлік және алкогольсіз сусындар (2,1 пайыздық тармақ), тұрғын үй қызметтері (2 пайыздық тармақ), киім және аяқ киім (1,1 пайыздық тармақ) қосты.
Бір жылда баға жемістер мен көкөністерге – 6,5%, ет және ет өнімдеріне 3,8% жоғарылады және инфляцияға негізгі үлес, тиісінше 0,5 пайыздық тармақтан, нан өнімдері мен жармаларға (6%) – 0,4 пайыздық тармақты қосты. Жылдық инфляцияға алкоголсіз сусындар – 8,1%, сүт өнімдері 5,4% қымбаттауы және үлесі, тиісінше 0,2 пайыздық тармақтан, жұмыртқалар (8,6%) – 0,1 пайыздық тармақты қосты.
ТКШ қызметтері бір жылда 15,3% қымбаттады, ал олардың инфляцияға үлесі 2 пайыздық тармақты құрады. 2024 жылғы тамызда өткен жылғы тамызбен салыстырғанда электр энергиясы 22,8% жоғары болды және жылдық инфляцияға 0,5 пайыздық тармақ үлес қосты. Тұрғын үйді жалға беру 12,4% қымбаттады, үлесі 0,4 пайыздық тармақты, орталықтан жылыту (33%) – 0,3 пайыздық тармақты, тұрғын үй-жайларды жөндеу және қызмет көрсету бойынша қызметтер (6,9%) – 0,2 пайыздық тармақты құрады.
Тауарлар мен қызметтер | Өсу қарқыны | Баға өсіміне салым |
Азық-түлік тауарлар | 5,5 | 2,324 |
Нан өнімдері мен жармалар | 6,0 | 0,399 |
Ет және ет өнімдері | 3,8 | 0,471 |
Сүт өнімдері | 5,4 | 0,209 |
Жұмыртқа | 8,6 | 0,108 |
Май және тоң май | -2,7 | -0,091 |
Жемістер мен көкөністер | 6,5 | 0,514 |
Қант | -3,5 | -0,041 |
Алкогольсіз сусындар | 8,1 | 0,165 |
Азық-түлік емес тауарлар | 7,7 | 2,333 |
Киім | 10,5 | 0,681 |
Аяқ киім | 11,9 | 0,370 |
Жуғыш заттар | -1,6 | -0,026 |
Бензин | 0,8 | 0,021 |
Жеке қолдану тауарлар | 7,8 | 0,235 |
Ақылы қызметтер | 13,6 | 3,781 |
Тұрғын үй қызметтері, су, электрэнергиясы, газ және отынның басқа да түрлері | 15,3 | 1,991 |
тұрғын үйді күтіп ұстауға төлем | 8,5 | 0,062 |
тұрғын үйді жалға алу | 12,4 | 0,363 |
тұрғын үй жайларды жөндеу және қызмет көрсету | 6,9 | 0,173 |
суық су | 21,9 | 0,112 |
ыстық су | 20,2 | 0,078 |
қоқыс шығару | 23,5 | 0,068 |
суды бұру | 22,9 | 0,052 |
электрэнергия | 22,8 | 0,470 |
газ | 12,0 | 0,132 |
тарату желілері арқылы тасымалданатын газ |
12,6 | 0,115 |
сұйытылған | 9,1 | 0,017 |
орталықтан жылыту | 33,0 | 0,323 |
қатты отын | 10,3 | 0,148 |
домофон | 6,9 | 0,010 |
Тамыз | ||||
тауарлар мен қызметтер | азық-түлік тауарлар | азық-түлік емес тауарлар | ақылы қызметтер | |
2020 | 0,1 | -0,2 | 0,5 | 0,3 |
2021 | 0,5 | 0,1 | 0,6 | 0,8 |
2022 | 1,4 | 1,0 | 1,8 | 1,6 |
2023 | 0,7 | 0,0 | 0,5 | 1,9 |
2024 | 0,6 | 0,0 | 0,8 | 1,1 |
Инфляция – бұл халық жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлар мен қызметтердің белгіленген тізіміне бағаның орташа деңгейінің уақыт бойынша өзгеруін сипаттайтын көрсеткіш.
Салым – көрсеткіш бойынша пайыздық өзгерістің инфляцияның жалпы мәніне әсер ету.
Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағаларының индексі халық жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлар мен қызметтерге бағаның жалпы деңгейінің уақыт бойынша өзгеруін көрсетеді.
Тұтыну бағаларының индексін есептеу екі көзден алынған ақпарат негізінде жүргізіледі:
Бағалардың өзгеруі туралы ақпарат жинау қалалар мен аудан орталықтарының іріктемелі тобы бойынша, барлық облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада жүзеге асырылады. Сауда және қызмет көрсету саласының базалық кәсіпорындарын таңдау жергілікті жерлерде жүзеге асырылады. Зерттеуге әртүрлі сауда жағдайлары бар және жаппай сұранысқа ие тауарларды (қызметтерді) үнемі өткізетін кәсіпорындар ұсынылуы үшін сауданың және ақылы қызметтердің барлық түрлерінің объектілері іріктеледі.
Тұтыну бағаларын байқау және ТБИ есептеу үшін тауарлар мен қызметтер жиынтығы Қазақстанның барлық өңірлері үшін олардың бірыңғай іріктемесін білдіреді. Тауарлар мен қызметтердің тізімі 508 позициядан тұрады, оған халықтың тұтынуында ең көп үлес салмағын алатын ең өкілді түрлер кіреді.
Бағалар туралы ақпарат жинауды баға тіркеушілері тауарды (көрсетілетін қызметті) өткізу орындарында тікелей жүргізеді. Тексеру жүргізілген күні төленген тауарлардың бағасы, салықтарды қоса алғанда, бірақ оларды жеткізгені үшін қосымша алымдарды қоспағанда тіркеледі.