Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    8,6%
    Қазақстан Республикасындағы инфляция 2024 жылғы шілдеде үдеп, бір жылда 8,6% (2024 жылғы маусымда – 8,4%), бір айда – 0,7% құрады (өткен айда – 0,4%).
    14,5%
    Баға ақылы қызметтерге бір жылда 14,5% (2024 жылғы маусымда – 13,8%), азық-түлік емес тауарларға – 7,3% (2024 жылғы маусымда – 7,4%), азық-түлік тауарларға – 5,5% өсті (2024 жылғы маусымда – 5,4%).
    Инфляция динамикасы

    Өткен жылғы шілдемен салыстырғанда тарифтер су бұруға – 42,7%, суық суға – 36,5%, орталықтан жылытуға – 33%, электр энергиясына – 31%, ыстық суға – 29,6%, қоқыс шығаруға 25,1% өсті.

    Тұрғын үйді жалға алу құны 12,4% өсті. Баға кешенді демалыстарды ұйымдастыру қызметтеріне – 15,4%, байланыс қызметтеріне – 14,8%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары қызметтеріне – 13,3%, демалыс және спорттық іс-шаралар саласындағы қызметтеріне – 12,1%, салт-жора қызметтеріне – 11,7%, денсаулық сақтау қызметтеріне – 11,4%, санаторийлер қызметтеріне – 10,5%, қоғамдық тамақтандыру қызметтеріне 10% жоғарылады. Таксимен жол жүру – 13,2%, қалалық автобуспен – 10,1%, жолаушылар темір жол көлігімен – 8%, жолаушылар әуе көлігімен 5,2% қымбаттады.

    Баға деңгейі отандық құрастырма жаңа жеңіл автомобильдерге – 24,4%, фармацевтикалық өнімдерге – 11,7%, киім және аяқ киімге – 11,2%, жиһаз және үйге қажетті заттарға – 10,2%, жеке қолданылатын тауарларға – 7,9%, құрылыс материалдарына 5,9% өсті. Тас көмір – 10,3%, ағаш – 10,1%, сұйытылған газ баллондағы 8,8% қымбаттады.

    Бағаның өсуі қиярларға – 23,5%, қызанақтарға - 18%, темекі өнімдеріне – 17,2%, жаңа жиналған жемістерге – 16,8%, минералды және ауыз суға – 15,7%, салқындатылған сусындарға – 11,9%, жеміс және көкөніс шырындарға, кондитерлік өнімдерге – 11,8%-дан, жаңа ауланған балыққа – 10,9%, жұмыртқаға – 10,5%, күрішке – 10,1%, картопқа 10% белгіленді. Бағаның төмендеуі пиязға – 34,8%, қарақұмық жармасына – 22,1%, күнбағыс майына – 20,8%, ақ қауданды қырыққабатқа 19% байқалды.

    Өңірлер бөлінісінде 2024 жылғы шілдеде инфляция жылдық мәнде орташа республикалық деңгейден асатын тоғыз өңірде қалыптасты, олардың ішінен ең жоғары Астана қаласында (10,8%), Қарағанды (10,6%), Маңғыстау (10,4%) облыстарында.

    Өңірлердегі шілде айындағы жылдық инфляция
    пайызбен, өсім
      2024 2023 2022
    Қазақстан Республикасы 8,6 14,0 15,0
    Абай 8,1 13,4 15,5
    Ақмола 9,2 14,7 16,0
    Ақтөбе 8,6 13,2 15,4
    Алматы 5,7 12,7 13,4
    Атырау 8,8 11,8 16,0
    Батыс Қазақстан 8,5 13,7 15,0
    Жамбыл 7,9 13,7 14,0
    Жетісу 8,7 14,3 14,9
    Қарағанды 10,6 13,7 15,3
    Қостанай 7,7 13,8 15,0
    Қызылорда 7,5 14,0 14,7
    Маңғыстау 10,4 14,6 17,9
    Павлодар 9,5 13,4 14,7
    Солтүстік Қазақстан 8,9 15,4 14,8
    Түркістан 7,1 13,9 15,7
    Ұлытау 6,7 15,4 15,7
    Шығыс Қазақстан 9,0 14,0 15,6
    Астана қаласы 10,8 15,4 15,3
    Алматы қаласы 8,6 14,2 14,9
    Шымкент қаласы 7,5 13,6 14,4
    Инфляцияның жылдық деңгейіне салым

    Инфляцияның жылдық деңгейіне ең үлкен үлесті тұрғын үй қызметтері (2,3 пайыздық тармақ), азық-түлік және алкогольсіз сусындар (2,1 пайыздық тармақ), киім және аяқ киім (1,1 пайыздық тармақ) қосты.

    Бір жылда баға жемістер мен көкөністерге – 6%, ет және ет өнімдеріне 4,1% жоғарылады және инфляцияға негізгі үлес, тиісінше 0,5 пайыздық тармақтан, нан өнімдері мен жармаларға (6,3%) – 0,4 пайыздық тармақты қосты. Жылдық инфляцияға алкоголсіз сусындар – 8,2%, сүт өнімдері 5,6% қымбаттауы және үлесі, тиісінше 0,2 пайыздық тармақтан, жұмыртқалар (10,5%) – 0,1 пайыздық тармақты қосты.

    ТКШ қызметтері бір жылда 17,3% қымбаттады, ал олардың инфляцияға үлесі 2,3 пайыздық тармақты құрады. 2024 жылғы шілдеде өткен жылғы шілдемен салыстырғанда электр энергиясы 31% жоғары болды және жылдық инфляцияға 0,6 пайыздық тармақ үлес қосты. Тұрғын үйді жалға беру 12,4% қымбаттады, үлесі 0,4 пайыздық тармақты, орталықтан жылыту (33%) – 0,3 пайыздық тармақты, суық су (36,5%), тұрғын үй-жайларды жөндеу және қызмет көрсету бойынша қызметтер (6,8%) – 0,2 пайыздық тармақтан, тиісінше құрады.

    2024 жылғы шілдедегі Қазақстан Республикасында жылдық инфляцияға жекелеген құрамдас бөліктерінің үлесі
    пайызбен, өсім
    Тауарлар мен қызметтер Өсу қарқыны Баға өсіміне салым
    Азық-түлік тауарлар 5,5 2,317
    Нан өнімдері мен жармалар 6,3 0,418
    Ет және ет өнімдері 4,1 0,500
    Сүт өнімдері 5,6 0,216
    Жұмыртқа 10,5 0,133
    Май және тоң май -4,0 -0,119
    Жемістер мен көкөністер 6,0 0,483
    Қант -4,7 -0,055
    Алкогольсіз сусындар 8,2 0,169
    Азық-түлік емес тауарлар 7,3 2,225
    Киім 10,7 0,695
    Аяқ киім 12,2 0,381
    Жуғыш заттар -2,3 -0,037
    Бензин 1,4 0,039
    Жеке қолдану тауарлар 7,9 0,238
    Ақылы қызметтер 14,5 4,011
    Тұрғын үй қызметтері, су, электрэнергиясы, газ және отынның басқа да түрлері 17,3 2,272
    тұрғын үйді күтіп ұстауға төлем 9,7 0,070
    тұрғын үйді жалға алу 12,4 0,363
    тұрғын үй жайларды жөндеу және қызмет көрсету 6,8 0,170
    суық су 36,5 0,187
    ыстық су 29,6 0,115
    қоқыс шығару 25,1 0,072
    суды бұру 42,7 0,097
    электрэнергия 31,0 0,640
    газ 6,8 0,075
    тарату желілері арқылы
    тасымалданатын газ
    6,5 0,059
    сұйытылған 8,8 0,016
    орталықтан жылыту 33,0 0,323
    қатты отын 10,3 0,148
    домофон 8,2 0,012
    Бір айда ақылы қызметтер бағасының деңгейі – 1,6%, азық-түлік емес тауарлар – 0,7%, азық-түлік тауарлар 0,2% өсті.
    Бір айдағы инфляция
    пайызбен, өсім
      Шілде
    тауарлар мен қызметтер азық-түлік тауарлар азық-түлік емес тауарлар ақылы қызметтер
    2020 0,3 0,2 0,3 0,3
    2021 0,7 0,7 0,5 0,8
    2022 1,1 1,0 1,5 0,8
    2023 0,6 0,1 0,7 1,0
    2024 0,7 0,2 0,7 1,6
    Глоссарий

    Инфляция – бұл халық жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлар мен қызметтердің белгіленген тізіміне бағаның орташа деңгейінің уақыт бойынша өзгеруін сипаттайтын көрсеткіш.

    Салым – көрсеткіш бойынша пайыздық өзгерістің инфляцияның жалпы мәніне әсер ету.

    Әдіснамалық түсініктемелер

    Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағаларының индексі халық жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлар мен қызметтерге бағаның жалпы деңгейінің уақыт бойынша өзгеруін көрсетеді.

    Тұтыну бағаларының индексін есептеу екі көзден алынған ақпарат негізінде жүргізіледі:

    • осы мақсаттар үшін арнайы іріктелген сауда нүктелерінде және қызмет көрсету орындарында оларды тікелей тіркеу арқылы жиналған бағалардың өзгеруі туралы деректер;
    • халықтың нақты тұтыну шығыстарының құрылымы бөлігінде үй шаруашылықтарын зерттеу материалдары.

    Бағалардың өзгеруі туралы ақпарат жинау қалалар мен аудан орталықтарының іріктемелі тобы бойынша, барлық облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада жүзеге асырылады. Сауда және қызмет көрсету саласының базалық кәсіпорындарын таңдау жергілікті жерлерде жүзеге асырылады. Зерттеуге әртүрлі сауда жағдайлары бар және жаппай сұранысқа ие тауарларды (қызметтерді) үнемі өткізетін кәсіпорындар ұсынылуы үшін сауданың және ақылы қызметтердің барлық түрлерінің объектілері іріктеледі.

    Тұтыну бағаларын байқау және ТБИ есептеу үшін тауарлар мен қызметтер жиынтығы Қазақстанның барлық өңірлері үшін олардың бірыңғай іріктемесін білдіреді. Тауарлар мен қызметтердің тізімі 508 позициядан тұрады, оған халықтың тұтынуында ең көп үлес салмағын алатын ең өкілді түрлер кіреді.

    Бағалар туралы ақпарат жинауды баға тіркеушілері тауарды (көрсетілетін қызметті) өткізу орындарында тікелей жүргізеді. Тексеру жүргізілген күні төленген тауарлардың бағасы, салықтарды қоса алғанда, бірақ оларды жеткізгені үшін қосымша алымдарды қоспағанда тіркеледі.

    Шығаруға жауапты:
    Баға статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    Қ. Жақыпбекұлы
    Тел. +7 7172 749057
    Орындаушы:
    А.Макижанова
    Тел. +7 7172 749265
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
    Онлайн кеңесші