Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    8,5%
    Қазақстан Республикасындағы инфляция 2024 жылғы мамырда баяулады, бір жылда 8,5% (2024 жылғы сәуірде – 8,7%), бір айда – 0,4% құрады (өткен айда – 0,6%).
    13,9%
    Баға ақылы қызметтерге бір жылда 13,9% (2024 жылғы сәуірде – 13,5%), азық-түлік емес тауарларға – 7,6% (2024 жылғы сәуірде – 7,6%), азық-түлік тауарларға – 5,5% өсті (2024 жылғы сәуірде – 6,3%).
    Инфляция динамикасы

    Өткен жылғы мамырмен салыстырғанда тарифтер су бұруға – 43,9%, суық суға – 35,9%, ыстық суға – 35%, орталықтан жылытуға – 33%, электр энергиясына – 31,4%, қоқыс шығаруға 31,2% өсті.

    Баға денсаулық сақтау қызметтеріне – 14%, ұялы байланыс, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары қызметтеріне – 12,4%-дан, демалыс және спорттық іс-шаралар саласындағы қызметтеріне – 12,1%, салт-жора қызметтеріне – 11,9%, үй жөндеу қызметтеріне – 10,8%, санаторийлер, қоғамдық тамақтандыру қызметтеріне 9,8%-дан жоғарылады. Таксимен жол жүру – 11,7%, қалалық автобуспен – 9,3%, жолаушылар теміржол көлігімен – 5,9%, қалааралық автобуспен 4% қымбаттады.

    Баға деңгейі отандық құрастырма жаңа жеңіл автомобильдерге – 13,4%, фармацевтикалық өнімдерге – 11,5%, жиһаз және үйге қажетті заттарға – 11%, киім және аяқ киімге – 10,8%, жеке қолданылатын тауарларға – 8,9%, құрылыс материалдарына – 6,3%, ыдысқа 5,2% өсті. Сұйытылған газ баллондағы 10,8% қымбаттады.

    Бағаның өсуі сәбізге – 18,4%, күрішке – 17,4%, минералды және ауыз суға – 16,9%, жаңа жиналған жемістерге – 14,8%, салқындатылған сусындарға – 13,3%, алкогольді ішімдіктер және темекі өнімдерге – 13,1%, жеміс және көкөніс шырындарға – 11,8%, жаңа ауланған балыққа – 11,7%, сары майға – 11,2%, кондитерлік өнімдерге – 10,9%, бірінші сұрыпты ұннан пісірілген бидай нанға 10,6% тіркелді. Бағаның төмендеуі пиязға – 42,9%, күнбағыс майына – 24,7%, қарақұмық жармасына – 23,9%, ақ қауданды қырыққабатқа – 18,1%, құмшекерге 4,9% байқалды.

    Өңірлер бөлінісінде 2024 жылғы мамырда инфляция жылдық мәнде орташа республикалық деңгейден асатын он өңірде қалыптасты, олардың ішінен ең жоғары Қарағанды (10,5%), Маңғыстау (10,2%) облыстарында, Астана қаласында (10,4%).

    Өңірлердегі мамыр айындағы жылдық инфляция
    пайызбен, өсім
      2024 2023 2022
    Қазақстан Республикасы 8,5 15,9 14,0
    Абай 8,1 15,7 ...
    Ақмола 8,7 17,6 13,9
    Ақтөбе 8,1 16,2 13,9
    Алматы 5,6 14,8 13,4
    Атырау 8,6 15,9 13,1
    Батыс Қазақстан 7,9 16,1 13,5
    Жамбыл 7,1 15,6 13,1
    Жетісу 8,7 16,7 ...
    Қарағанды 10,5 15,4 14,8
    Қостанай 8,4 16,1 13,5
    Қызылорда 7,3 16,1 13,1
    Маңғыстау 10,2 17,6 15,2
    Павлодар 9,0 16,2 13,6
    Солтүстік Қазақстан 9,2 17,3 13,4
    Түркістан 6,5 15,3 15,4
    Ұлытау 7,5 16,5 ...
    Шығыс Қазақстан 9,3 16,0 14,5
    Астана қаласы 10,4 16,6 14,4
    Алматы қаласы 9,0 15,3 13,9
    Шымкент қаласы 7,7 15,6 13,6
    Инфляцияның жылдық деңгейіне салым

    Инфляцияның жылдық деңгейіне ең үлкен үлесті тұрғын үй қызметтері (2,3 пайыздық тармақ), азық-түлік және алкогольсіз сусындар (2,1 пайыздық тармақ), киім және аяқ киім (1,1 пайыздық тармақ) қосты.

    Өткен жылда баға нан өнімдері мен жармаларға – 7,5%, ет және ет өнімдеріне 4,7% жоғарылады және инфляцияға тиісінше 0,5 және 0,6 пайыздық тармақ негізгі үлес қосты. Жылдық инфляцияға сүт өнімдері – 6,9%, жемістер мен көкөністер – 4,2% қымбаттауы және 0,3 пайыздық тармақтан, алкоголсіз сусындар (8,3%) – 0,2 пайыздық тармақ үлес қосты.

    ТКШ қызметтері бір жылда 17,6% қымбаттады, ал олардың инфляцияға үлесі 2,3 пайыздық тармақты құрады. 2024 жылғы мамырда өткен жылғы мамырмен салыстырғанда орталықтан жылыту – 33%, тұрғын үйді жалға алу 10,2% жоғары болды және тиісінше, жылдық инфляцияға 0,3 пайыздық тармақтан үлес қосты. Электрэнергия 31,4% қымбаттады, 0,7 пайыздық тармақты, суық су (35,9%), тұрғын үй-жайларды жөндеу және қызмет көрсету бойынша қызметтер (7,8%) – 0,2 пайыздық тармақтан, тиісінше үлес құрады.

    2024 жылғы мамырдағы Қазақстан Республикасында жылдық инфляцияға жекелеген құрамдас бөліктерінің үлесі
    пайызбен, өсім
    Тауарлар мен қызметтер Өсу қарқыны Баға өсіміне салым
    Азық-түлік тауарлар 5,5 2,330
    Нан өнімдері мен жармалар 7,5 0,509
    Ет және ет өнімдері 4,7 0,584
    Сүт өнімдері 6,9 0,273
    Жұмыртқа 5,9 0,076
    Май және тоң май -5,6 -0,144
    Жемістер мен көкөністер 4,2 0,315
    Қант -4,6 -0,055
    Алкогольсіз сусындар 8,3 0,173
    Азық-түлік емес тауарлар 7,6 2,257
    Киім 10,2 0,675
    Аяқ киім 12,2 0,388
    Жуғыш заттар -1,9 -0,029
    Бензин 2,2 0,066
    Жеке қолдану тауарлар 8,9 0,276
    Ақылы қызметтер 13,9 3,902
    Тұрғын үй қызметтері, су, электрэнергиясы, газ және отынның басқа да түрлері 17,6 2,337
    тұрғын үйді күтіп ұстауға төлем 10,1 0,075
    тұрғын үйді жалға алу 10,2 0,305
    тұрғын үй жайларды жөндеу және қызмет көрсету 7,8 0,199
    суық су 35,9 0,187
    ыстық су 35,0 0,138
    қоқыс шығару 31,2 0,092
    суды бұру 43,9 0,102
    электрэнергия 31,4 0,661
    газ 9,4 0,105
    тарату желілері арқылы
    тасымалданатын газ
    9,1 0,085
    сұйытылған 10,8 0,020
    орталықтан жылыту 33,0 0,329
    қатты отын 9,0 0,131
    домофон 8,7 0,013
    Бір айда ақылы қызметтер бағасының деңгейі – 1%, азық-түлік емес тауарлар 0,5% өсті, азық-түлік тауарлар – 0,2% төмендеді.
    Бір айдағы инфляция
    пайызбен, өсім
      Мамыр
    тауарлар мен қызметтер азық-түлік тауарлар азық-түлік емес тауарлар ақылы қызметтер
    2020 0,5 1,2 0,4 -0,3
    2021 0,7 0,8 0,6 0,7
    2022 1,4 1,7 1,4 0,8
    2023 0,6 0,5 0,5 0,7
    2024 0,4 -0,2 0,5 1,0
    Глоссарий

    Инфляция – бұл халық жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлар мен қызметтердің белгіленген тізіміне бағаның орташа деңгейінің уақыт бойынша өзгеруін сипаттайтын көрсеткіш.

    Салым – көрсеткіш бойынша пайыздық өзгерістің инфляцияның жалпы мәніне әсер ету.

    Әдіснамалық түсініктемелер

    Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағаларының индексі халық жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлар мен қызметтерге бағаның жалпы деңгейінің уақыт бойынша өзгеруін көрсетеді.

    Тұтыну бағаларының индексін есептеу екі көзден алынған ақпарат негізінде жүргізіледі:

    • осы мақсаттар үшін арнайы іріктелген сауда нүктелерінде және қызмет көрсету орындарында оларды тікелей тіркеу арқылы жиналған бағалардың өзгеруі туралы деректер;
    • халықтың нақты тұтыну шығыстарының құрылымы бөлігінде үй шаруашылықтарын зерттеу материалдары.

    Бағалардың өзгеруі туралы ақпарат жинау қалалар мен аудан орталықтарының іріктемелі тобы бойынша, барлық облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада жүзеге асырылады. Сауда және қызмет көрсету саласының базалық кәсіпорындарын таңдау жергілікті жерлерде жүзеге асырылады. Зерттеуге әртүрлі сауда жағдайлары бар және жаппай сұранысқа ие тауарларды (қызметтерді) үнемі өткізетін кәсіпорындар ұсынылуы үшін сауданың және ақылы қызметтердің барлық түрлерінің объектілері іріктеледі.

    Тұтыну бағаларын байқау және ТБИ есептеу үшін тауарлар мен қызметтер жиынтығы Қазақстанның барлық өңірлері үшін олардың бірыңғай іріктемесін білдіреді. Тауарлар мен қызметтердің тізімі 508 позициядан тұрады, оған халықтың тұтынуында ең көп үлес салмағын алатын ең өкілді түрлер кіреді.

    Бағалар туралы ақпарат жинауды баға тіркеушілері тауарды (көрсетілетін қызметті) өткізу орындарында тікелей жүргізеді. Тексеру жүргізілген күні төленген тауарлардың бағасы, салықтарды қоса алғанда, бірақ оларды жеткізгені үшін қосымша алымдарды қоспағанда тіркеледі.

    Шығаруға жауапты:
    Баға статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    Ж.Токбаева (М.а.)
    Тел. +7 7172 749790
    Орындаушы:
    А.Макижанова
    Тел. +7 7172 749265
    E-mail: an.makizhanova@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
    Онлайн кеңесші